Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет425/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

294- 
6 а п. Тағылық 
Тагылық, ягни гимараттарды, өзге де қурылыстарды, тарих
 
және 
мәдениет ескерт- 
кіштерін, мемлекет қоргайтын табиги объектілерді жазулармен немесе суреттермен немесе 
қогамдық имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен булдіру, сол сияқты көлікте 
немесе өзге де қогамдық орындарда мулікті қасақана бүлдіру
 -
 
уш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мелшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не екі жуз қырық сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга 
тартуга не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабында тағылық үшін қылмыстық кұқық 
бұзушылық үшін жауаптылык белгіленген. Осы бапта: «тағылық, ягни ғимараттарды, өзге де 
құрылыстарды, тарих жэне мәдениет ескерткіштерін, мем- лекет қорғайтын табиғи объектілерді 
жазулармен немесе суреттермен немесе коғамдық имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен 
бүлдіру, сол сиякты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті касакана бүлдіру» - деп 
оған анықтама берілген. Бұрынғы Қылмыстық кодекс бойынша мұндай әрекеттер бұзақылық деп 
багаланатын. Тағылықтың бұзақылықтан өзгешелігі сол, тағылықты құрайтын қылмыс құрамының 
эрекетгері қоғамдык адамгершілік жэне эстетикалык нормаларды бұзу аркылы жүзеге асырылады, 
тағылык қоғамдык тәртіпті бұзумен ұштасады. 
Бұзақылықтың заты
- бөтеннің мүлкі болса, тағылыктың заты - үйлер, өзге де гимараттар, 
қоғамдық орындардағы мүлік болып табылады. 
Тагылықтың объектісі
- қогамдық тэртіп, қосымша тікелей объектісі адамгершілік 
нормалары болады. 
Объективтік жағынан бүзақылык қоғамдық тэртіпті өрескел бұзумен, қогамды көрінеу 
қадірлемейтін әрекеттермен ұштасса, ал тағылықтың объективтік жағы үйлерді немесе өзге де 
ғимараттарды жазулармен, суреттермен немесе қоғамдық адамгершілік- ті қорлайтын іс-
әрекеттермен, сол сияқты көлікте немесе өзге де қогамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру 
арқылы сипатталады. 
Үйлерді, өзге де ғимаратттарды (кітапхана, музей, кино-, театр, театр және т.б.) корлау олардың 
кабырғаларына қоғамдық адамгершілікке жат жазуларды жазумен, суреттер- ді салумен жүзеге 
асырылады. Әдетте, бұлар порнографиялык суреттер салу, әдепсіз, ұятсыз сөздер жазу арқылы 
жасалады. Өлгендердің мэйіттерін және олар жерленген жерлерді, құлпытас құрылыстарын немесе 
жерлеуге немесе оларды еске алуға байланы- сты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлерін жою, 
бүлдіру немесе аяққа басу әрекеттері үшін жауаптылык Қылмыстык кодекстің 315-бабында арнайы 
көзделген. 
Көлікте немесе өзге де қоғамдық орындардағы заттарды - жарық беру құралдарын, 
орындықтарды, төсеніш құралдарын, олардың жамылғыларын, сондай-ақ таксофон ап- параттарын, 
әр түрлі қоршаулар мен есік-терезе құрылғыларына едәуір емес мөлшерде залал келтіруді мүлікті 
қасақана бүлдіру деп айтамыз. Егер келтірілген зиян мөлшері едәуір болса, онда кінэлі Қылмыстық 


515
 
кодекстің 202-бабы бойынша жауапқа тартылады. 
Тағылык қылмыстык кұкық бұзушылық формальдық-материалдық құрамға жатады. 
Қылмыстық кұқық бұзушылық кейбір реттерде заңда көрсетілген эрекеттерді жүзеге асырған 
уақыттан бастап, ал басқа жағдайларда істелген іс-эрекеттерден материалдык залал келтірілген 
уақыттан бастап аяқталған деп табылады. 
Субъективтікжағынантагылыккылмыстыкқұқыкбұзушылықтікелейқасақаналықпен 
істеледі. 
Адам үйлерді, ғимараттарды қорлағанын, мүлікті бүлдіргенін сезеді және солай эрекет жасауды 
тілейді. 
Қылмыстык кұқық бұзушылықтың субъектісі жалпы - 14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет