§2. Халықтың денсаулыгына қарсы қылмыстар
Халықтың денсаулыгына карсы қылмыстардың аса кауіпті түрі есірткі, психотроптық, күшті
әсер ететін жэне улы заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты іс- әрекеттер болып
табылады. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 296-303-бап- тарында осы тұрғыдағы
қылмыстык кұкық бұзушылыктардың жекелеген түрлері үшін жауаптылық көзделген. Есірткі,
психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті эсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға
түсіруге байланысты қылмыстық құқық бұзушылыктың тікелей объектісі - халықтың денсаулығы
болып табылады.
Көрсетілген санатка жататын кылмыстардың затына - есірткі, психотроптык заттар,
прекурсорлар, күшті әсер ететін жэне улы заттар және Қылмыстык кодекстің 301-бабына сәйкес
есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланы- латын шикізат,
аспаптар немесе жабдықтар жатады.
«Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемлекеттік реттеудің
және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл ша- ралары» Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі арнаулы Заңымен, «Есірт- кі, психотроптық заттар,
прекурсорлар және олардың заңсыз айналымымен теріс пайда- лануына қарсы іс-қимыл шаралары
туралы Қазақстан Республикасы заңына өзгертулер мен толыктырулар енгізу туралы 2008 жылғы 2
наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңымен, «Бақылауға жататын есірткілік заттар,
психотроптық құралдар жэне прекур- сорлар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998
жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізім бойынша (бұдан былай - тізім деп аталады)
жүзеге асыры- лады. Бүл нормативтік актілер 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай
конвенцияга түзетулер жөніндегі 1972 жылғы хаттамаға сэйкес, 1971 жылғы Психотроптық заттар
туралы конвенцияға, БҮҮ-ның Есірткі заттардың және психотроптық заттардың заңсыз
айналымына қарсы күрес туралы 1998 жылғы конвенциясына негізделіп қабылданған.
Достарыңызбен бөлісу: |