297-
6 а п. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз
дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу
60
2.
Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарга, сол тектестерге қатысты жасалган
дәл сол іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга
жазаланады.
3.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1)
адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2)
бірнеше рет;
3)
аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарга, сол тектестерге қатысты;
4)
лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаган іс-әрекеттер
-
мулкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга
жазаланады.
4.
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ
жасаган іс-әрекеттер, сол сияқты есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді білім
беру уйымдарында не көрінеу кәмелетке толмаган адамга өткізу -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан
айыруга не өмір бойына бас бостандыгынан айыруга жазаланады.
Қылмыстык кодекстің 297-бабының 1-тармағында есірткі, психотроптық заттарды, сол
тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасы- малдау,
оларды жөнелту не өткізу - үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген, ал осы баптың 2-бөлігінде
есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды откізу мақсатынсыз ірі мөлшерде иемденіп алу
тасымалдағаны немесе сақтағаны үшін кылмыстык жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың заты есірткі заттар, және сол тектестер, психотроптық заттар. Есірткі заттар -
адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін синтетикалык немесе табиғи
тектес заттардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген
тізіміне медициналық мақсатқа пайдалануга тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы
көрсетілген. Бұларға гашиш, наша, героин, кокаин, каннабис, апиын жэне т.б. заттар жатады.
Психотроптық заттар жэне сол тектестер - адамның психикалык функциясына әсер ететін
қауіпті заттар. Тізім бойынша мүндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға амино- рекс, месхалин,
метамфетамин, псилоцин т.б. жатады.
Қылмыстық күқык бүзушылық объективтік жағынан көрсетілген заттарды заңсыз алғаны
немесе дайындағаны аркылы сипатталады. Көрсетілген іс-әрекеттерге Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы «Есірткі, психотроптық, күшті эсер ететін және улы
заттарды заңсыз айналымга түсіру жөніндегі істер бойынша зандарды қолдану туралы» №3
қаулысында, Жоғарғы Соттың 1999 жылгы 30 сәуірдегі №2, 2000 жылғы 22 желтоқсандағы №19,
Достарыңызбен бөлісу: |