637
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде
түзеу жумыстарына не екі жүз қырық сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга
тартуга не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады.
2.
Ауыр зардаптарга әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде
түзеу жумыстарына не бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер-
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады.
Жаңа Қылмыстық кодексте жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазым- ды адамга,
сондай-ак оның туыстарына катысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді, осы
мәліметтер сеніп тапсырылган немесе оның кызметтік іс- әрекетіне байланысты белгілі болған
адамның жария етуі қылмыс деп танылып, сол үшін жауаптылық көзделген (382-баптың І-тармагы).
Бұл норма бланкеттік, өйткені көрсетілген кылмыстың объективтік жэне субъективтік белгілері
жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші адамдарды мемлекеттік қорғау ту- ралы заңда арнайы
көрсетілген.
Қылмыстык кұкык бұзушылыктың негізгі тікелей объектісі - жауапты мемлекеттік лауазымды
адамдардын біркалыпты,
дұрыс кызметі, ал косымша тікелей объектісі — көрсетілген осы
адамдардын немесе олардың туыстарының кауіпсіздігі болып табыла- ды. Осы адамдар қылмыстық
кұқық бұзушылыктың жәбірленушілері болып табылады. Жауапты мемлекеттік лауазымды
адамдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының 16-тармағында берілген. Жакын туыстары -
ата-аналары, балалары, атасы, әжесі, неме- релері, інілері, қарындастары, жиені,
асырап алған
балалары, асырап алган ата-аналары, келіні, құдасы, жақын досы жэне т.б. жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жагынан алғанда жоғарыда аталган
жәбірленушілерге тікелей байланысты қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді кез келген
тәсілмен (ауызша, жазбаша, теледидар арқылы) жария ету жолымен әрекет немесе эрекетсіздік
арқылы жүзеге асырылады.
Занда айтылған қауіпсіздік шараларына
жауапты лауазымды адамның, оның жакын
туыстарының жеке күзеті, тұргын үй, мүлік, үй-жабдықтарын күзету, өртке қарсы, күзет
сигнализациясы, телефон номері, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілері,
кару жарағы,
жеке қорғану құралдары, уакытша қауіпсіз жерге орналасуы, құжаттарының де- ректері жэне басқа
маңызды қызметіне байланысты мәліметтері жатады. Осы қауіпсіздік шаралары туралы
мәліметтерді жария ету деп кез келген тәсілмен бөтен адамға осы мәліметтер сеніп тапсырылған
немесе оның қызметтік іс-әрекетіне байланысты бел- гілі болған адамның жария етуі болып
табылады. Кейде мұндай жария ету әрекетсіздік арқылы осындай мәліметтері бар құжаттарды,
бейне жазбаларды жоғалту жолымен де істеледі.
Қылмыстық құқық бұзушылық құрылысы жағынан формальдық жэне ол
заңда көрсетілген іс-
эрекеттер қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді бөтен адамға немесе адамдарға жария еткен
уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыстық құқык бұзушылық субъективтік жағынан қасақана (тікелей немесе жана- ма) түрде
істеледі.
Қылмыстық кұкық бұзушылықтың субъектісі арнаулы, 16-ға толған, осы мэліметтер өзіне сеніп
тапсырылған немесе оның кызметтік іс-әрекеттеріне байланысты белгілі болған адам (жеке
күзетшісі, хатшысы, көлік жүргізушісі, дэрігері, үй күтушісі жэне т.б.).
Қылмыстық кодекстің 382-бабының 2-тармағында осы кылмыстың ауырлататын түрі - нақ сол
әрекет ауыр зардаптарға әкеп соққаны үшін жауаптылық көзделген.
Қылмыс құрамы материалдық. Ауыр зардаптарга - жауапты лауазымды адамды не- месе оның
жақын туыстарын өлтіруге оқталу, оларға ауыр дене жаракатын келтіру, үй- мүлкін жою т.б.
зардаптар жатады. Кінэлінің зардап жөніндегі кінэ нысаны абайсыздык арқылы көрініс табады.