644
азаматтардан жымкыру аркылы жүзеге асырылады. Жымқыру деп корсетілген құжаттарды кез
келген кұкыкка кайшы тәсілмен заңсыз алуды айтамыз. Қылмыс кұрамы жөнінен формальдык
құрамға жатады. Ол кұжаттарды жымқырғаны уақы гтан бастап аякталған деп танылады.
Қылмыстык кодекстің 384-бабының 3-тармагында пайдакүнемдік мақсатта немесе өзге де жеке
бастың мүддесі үшін ресми құжаттарды, мөртаңбаларды немесе морлерді жымкыру, жою, бүлдіру
немесе жасыру үшін жауаптылык белгіленген.
Бұл жерде корсетілген ресми құжаттарға мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардан,
кәсіпорындардан, жеке тұлғалардан шыккан заңдылык мәні бар әр түрлі кұжаттар жатады. Ягни
Қылмыстық кодекстің 384-бабының 2-тармағының затына кез келген ресми құжаттар жатады.
Қылмыстың затына ресми кұжаттармен катар мөртаңба, мөр де жатады.
Мортаңба - мекеме, ұйым, кәсіпорынның, жеке тұлгалардың атауларын, тұрғылықты жерлерін
немесе басқа да реквизиттерін көрсететін зат.
Мөртаңба тікбұрышты, төртбұрышты, үшбұрышты
болуы мүмкін. Мөртаңбаларда кұжаттың берілу уакыты, но- мері көрсетіледі.
Мор - кэсіпорын, ұйым, мекеменің атауы жэне басқадай реквизиттер бейнеленген зат (мысалы,
Қазакстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы), мөр эдетте дөңгелек күйде дайындалады
жэне кұжатты куэландыратын адамның колының жанына басылады.
Көрсетілген кылмыс құрамы (384-баптың 3-тармағы) объективтік жағынан мынадай әрекеттерді
жасау аркылы жүзеге асырылады: а) ресми кұжаттарды, мөртаңбаларды не- месе мөрлерді
жымқыру; б) заттарды жою; в) оларды бүлдіру, немесе г) жасыру.
Көрсетілген заттарды жымқыру деп мемлекеттік немесе мемлекеттік емес меке- ме, кэсіпорын,
ұйымдардың игілігіндегі осындай заттарды кез келген құқыққа қарсы тәсілмен алу болып табылады.
Осы заттарды жою деп оны жарамсыз етіп тастау немесе мүлдем жок қылып жіберуді айтамыз.
Оның тәсілі эр түрлі болуы мүмкін: ертеу, ұсақтап жыртып тастау, затка ерітінді құйып жарамсыз
ету және т.б.
Көрсетілген заттарды бүлдіру деп оны ішінара жарамсыз ету болып табылады. Мыса- лы,
жоғары оку орнын бітіргендігі туралы дипломның бір шетін жыртып немесе мөрі бар жерін былғап,
жазуын окуды киындату.
Жасыру - деп кінәлі адамның мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардағы, кәсіпорын,
мекемелердегі лауазымды адамдардан олардың иелігіндегі осы айтылған рес- ми құжаттарды,
мөртанбаларды немесе мөрлерді оларға көрсетпеу эрекеттері саналады.
Қылмыстык кұкық бұзушылыктың объективтік жағының осы көрсетілген әрекеттері- нің бірі
жасалған жағдайда кылмыс аякталған деп есептеледі. Қылмыс формальдык кұрамға жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылык субъективтік жағынан алғанда тек кана тікелей қасақаналыкпен
жасалады. Өйткені заңның өзінде көрсетілген заттарды ұрлау, жою, бүлдіру
немесе жасыру
пайдакорлықпен немесе басқа да өз басының мүддесін көздеп жасалады деп тікелей көрсетіліп
отыр. Осыған байланысты кінэлі адам осы қылмысты қасақаналықпен істегенде белгілі бір максатты
бетке ұстайды немесе соны басшылыкка алады. Мысалы, айыпкер өзінің қылмысын әшкерелейтін
құжатты жойып жіберу аркылы қылмысты жауаптылықтан құтылады немесе дипломды ұрлап алып,
сол арқылы жоғары акы төлейтін қызметке тұрады. Егер кінәлі адамның іс-әрекетінде пайдақорлық
неме- се басқа да өз басының мүддесін көздейтін жагдайлар болмаса, онда оны 384-баптың 2-
тармагымен жауапка тартуға негіз жоқ.
Осы кылмыстық кұкық бұзушылыкты дұрыс саралау үшін кінэлінің қылмысты істеу ниетінің
бағытын анықтаудың маңызы ерекше. Егер кінэлі адам бөтеннің мүлкін ұрлау- мен бірге оның жеке
құжаттарын да ұрласа, онда оның әрекеті қылмыстық ниеттің тіке- лей багытына сәйкес мүлікті
ұрлағаны (ҚК-тің 188-бабы) үшін жауаптылыкты көздейтін баппен гана сараланады. Сондай-ақ дәл
осындай жагдайда бөтеннің мүлкінің
орнына басқа бір ресми кұжатты, мөрді немесе мөртаңбаны
ұрлап қолға түссе, онда кінэлінің әрекеті бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталғандық ретінде сараланады.
Егер кінәлі ресми кұжат, мөр немесе мөртаңба ұрлаймын деп оның орнына бөтеннің мүлкін ұрласа,
645
онда оның әрекеті осы заттарды (
ресми құжаттарды, мөрлерді немесе мөртаңбаларды) ұрлауга
оқталгандық деп танылады.
Егер кінәлінің қылмыстық кұқық бұзушылык ниеті нақтыланбаган болса, онда жогарыда
көрсетілген іс-әрекеттерді істеген жағдайда ол қылмыстың жиынтыгы бойын- ша бөтеннің мүлкін
жэне ресми құжаттарды, мөрлерді немесе мөртаңбаларды ұрлағаны үшін қылмыстық құқық
бұзушылық үшін жауапка тартылады.
Есі дұрыс, жасы 16-га толған адам осы қылмыстық құкық бұзушылықтың субъектісі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: