698
Қылмыстык кұкык бұзушылықтың жәбірленушісі - сот процесіне катысушылар (4Ю-баптың І-
тармағы), судья, алқаби (4Ю-баптың 2-тармағы). Сот талқылауына катысушыларға прокурор,
корғаушы,
жәбірленуші, сотталушы, кәмелетке жасы толмаған
сотталушының немесе
жәбірленушінің занды өкілі, азаматтық талап- тар және жауапкер, сарапшы, аудармашы, маман, сот
мәжілісінің хатшысы, азаматтық кодекстің жактары, азаматтық іс бойынша үшінші жақ т.с.с.
жатады.
Қылмыстык кұқык бұзушылык объективтік жағынан алғанда формальдык құрамға жатады жэне
ол завда көрсетілген жәбірленушілердің кез келгенін әділсоттылықгы жүзеге
асыру кызметіне
байланысты корлаған уакыттан бастап аякталған деп танылады.
Қорлаудың түсінігі ҚК-тің ІЗІ-бабында берілген. Яғни кінэлі адам сотты құрметтемеушілікте де
сот талкылауына катысушыларды, судьяны олардың қызметіне
байланысты касақана ар-намысын,
адамгершілігін, кадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсі- тетін әрекеттерді жүзеге асырады.
Қорлау тәсілдері (ауызша, жазбаша, ым, теріс дене кимылдарын көрсету т.б.) қылмысты
саралауга әсер етпейді.
Судьяны немесе сот талқылауына баска да қатысушыларды жеке өзара қатынастан пайда болган
кақтыгыстарға байланысты және әділсоттылық жүзеге асырылып
жаткан жерден басқа орында
қорлау, жеке адамға қарсы қылмыстық қүқық бұзушылық ретінде қарастырылады (ҚК-тің 131-
бабы).
Субъективтік жагынан қылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен істе- леді. Кінэлі
адам өзі қорлап отырған жәбірленушілердің сот талқылауына қатысушылар екенін сезеді жэне соны
істеуді тілейді.
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың объектісі - 16-ға толган кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 410-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі - судьяны
немесе алқабиді қорлағаны үшін жауаптылық белгіленген. Сот талқы- лауын басқарып,
әділсоттылықты тікелей жүзеге асырып отырған судьяны немесе
алқабиді оның осы кызметіне
байланысты қорлаудың қогамға қауіптілігі ерекше. Осыган орай кылмыстық заңда басқа сот
талкылауына қатысушыларга қараганда судьяны қорлағаны үшін
көтеріңкі жаза мөлшері
белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: