Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның



Pdf көрінісі
бет602/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   598   599   600   601   602   603   604   605   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

408- 
6 а п. Сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның 
еміріне қол сүғу 
Судьяның, алңабидщ, прокурордың, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жузеге асыра- тын 
адамның, қорғаушының, сарапшының, сот приставының, сот орындаушысының, сол сияқты 
олардың жақындарының өміріне істердің немесе материалдардың сотта қаралуына, сотқа 
дейінгі тергеп-тексерудің жүргізілуіне не сот укімінің, шешімінің немесе өзге де сот актісінің 
орындалуына байланысты аталган адамдардың заңды қызметіне кедергі жасау не осындай 
қызметі ушін кек алу мақсатында жасалган қол сугу - 
он бес жылдан жиырма жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга не өмір 
бойына бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Бүл кылмыстық күқык бұзушылык өте қауіпті қылмыстардың қатарына жатады. Өйткені бүл 


696
 
қылмыстың тікелей объектісі әділсоттылық мүддесі мен катар адамның өмірі де болады. 
Қылмыстық қүқық бұзушылықтың жәбірленушісі барлық инстанциялардагы судья- лар, алка 
билер, прокурор, тергеуші, алдын ала анықтаушы адам, қоргаушы, сарапшы, сот приставы, сот 
орындаушы, сондай-ақ олардың туыстары болып табылады. 
Қылмыстық қүқық бұзушылык объективтік жагынан Судьяның, алкабидің, прокурордың, сотка 
дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, қоргаушының, сарапшының, сот приставының, 
сот орындаушысының, сол сияқты олардың жақын- дарының оміріне істердің немесе 
материалдардың сотта қаралуына, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүргізілуіне не сот үкімінің, 
шешімінің немесе озге де сот актісінің орындалуына байланысты аталған адамдардың заңды 
кызметіне кедергі жасау не осын- дай қызметі үшін кек алу максатында жасалган қол сұгу - аркылы 
жүзеге асырылады. Қылмыстық қүкық бүзушылық қүрылысы жөнінен келте құрамға жатады, 
сондықтан да кылмыс өмірге кол сүғу орын алған уакыттан бастап аяқталган деп танылады. 
Занда көрсетілген жәбірленушілерді өлтіруге оқталу немесе олардың өмірін жою аталган 
тұлғалардың занды қызметіне кедергі жасау не істеген қызметі үшін кек алу максатында істелуі 
кажет. Мұндай ретте кінэлінің әрекеті ҚК-тің 99-бабының 2-тармагының «б» тармакшасы бойынша 
косымша саралауды қажет етпейді, өйткені бұл кылмыс ауырлататын жагдайдагы кісі өлтірудің 
арнаулы қүрамы болып табылады. 
Заңда көрсетілген жәбірленушілерді өлтіруге оқгалу не өмірін жою олардың істе- ген қызметіне 
байланысты емес, басқа заңсыз эрекеттері үшін жасалса, онда кінәлінің әрекеті адам өміріне қарсы 
қылмыстық құқық бұзушылық жасағандық деп танылады. Бұл қылмыстық құқық бұзушылық сот 
торелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асыру сот шешімдерін жүзеге асыру кезеңінде, немесе 
содан кейін, іле шала уақыт өтісімен істелуі мүмкін. Ең бастысы қылмысты істі сотта қарау, іс 
бойынша алдын ала тергеу, анықтама жүргізу немесе сот актісін (үкім, шешім) орындаута 
байланысты істелгенін анықтау шарт. 
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жагынан тікелей қасаканалықпен істе- леді. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының балама белгілеріне ниет жэне мақсат 
жатады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың мақсаты заңда аталған тұлғалардың заңды қызметіне 
кедергі жасау, ал ниет олардың істеген қызметі үшін кек алу болып табылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толган адам. Егер осы қылмыс- тық құқық 
бұзушылықты 14-пен 16-ның арасындагы адам істесе, онда олардың әрекеті ҚК-тің 99-бабының 2-
тармағының «2» тармақшасы бойынша сараланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   598   599   600   601   602   603   604   605   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет