Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу



Pdf көрінісі
бет634/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   630   631   632   633   634   635   636   637   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

446- 
6 а п. Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу 
1. 
Қарауыл (вахта) қурамына кіретін адамның қарауыл (вахта) қызметінің жарғылық 
қагидаларын бузуы, егер бул іс-әрекет қарауыл (вахта) күзететін объектілерге зиян кел- 
тіруге немесе өзге де зиянды зардаптардың болуына әкеп соқса - 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Ауыр зардаптарга әкеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы 
адамдар тобы жасаган дәл сол іс-әрекет - 
екі жылдан жеті жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Ескерту. 
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші, 
жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. 
Қарауыл (вахта) кызметі Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қарауыл кызметі 
жарғысымен реттеледі. Қарауыл (вахта) кызметі жауынгерлік міндетті атқаруға жатады және жеке 
кұрамнан Жарғыда көрсетілген барлык талаптарды мүлтіксіз орындауды, аса қырағылыкты және 
батылдыкты талап етеді. Қарауыл кызметі мемлекеттік немесе әскери объектілерді, әскери 
жасауларды, тэртіптік батальон мен гауптвахтаны күзету үшін бел- гіленеді. Қарауыл қызметіне 
соғыс-теңіз флоты корабльдеріндегі вахталық кызметтер де жатады. 
Қарауыл кызметіне Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер қызметі жүзеге асыратын аса манызды 
мемлекеттік объектілерді, арнаулы жүктерді, түзеу мекемелерін, тұткындағылар мен 
сотталгандарды күзету қызметтері де жатады. 
Заң бойынша карауыл (вахта) кұрамына кіретін адамның карауыл (вахта) кызметінің жарғылық 
ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет карауыл (вахта) күзететін объектіге зиян келтіруге немесе езге 
зиянды зардаптардың болуына әкеп соқса кылмыстык жауаптылық пайда болады. 
Келтірілген зиянга күзетілетін объектіден эскери мүліктің талан-таражға түсуі; әскери 
техниканың бүлінуі немесе жоғалуы; гауптвахтадагы пайда болған бей-берекетсіздік т.с.с. жатады. 
Қылмыстық құқық бүзушылық қүрамы материалдық, қылмыстық құқық бұзушылык қарауыл 
(вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бүзудан зиян келтірілген сэттен аяқталған деп 
танылады. 
Ауыр зардаптарға әкеп соккан не адамдар тобы немесе алдын-ала сөз байласу- мен адамдар 
тобы жасаган дэл сол әрекеттер үшін жауаптылық ҚК-тің 446-бабының 2-тармағында көзделген. 
Ауыр зардаптарга әскери жасауды үрлау немесе бүлдіру, күзетілетін мемлекеттік не- месе 
әскери объектілердің өте қатты бүлінуі, әскери қару-жарақты ұрлау, адамдардың қаза болуы, 
түтқындагы немесе сотталган адамның қашып кетуі т.с.с. жатады. 
Қылмыстық кодекстін 446-бабының ескертуіне сэйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген 
әрекетті алғаш рет жасаған эскери кызметші қылмысты жеңілдететін мэн- жайларда қылмыстық 
жауаптылықтан босатылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   630   631   632   633   634   635   636   637   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет