165
бостандыгынан айыру түріндегі жазага ауыстырылады. Бул ретте бас бостандыгын
шектеуді өтеу уақыты осы Кодекстің 46-бабының ережелері ескеріле отырып, бас
бостандыгын шектеудің бір күні үшін бас бостандыгынан айырудың бір күні есебімен бас
бостандыгынан айыру мерзіміне есептеледі.
Бас бостандыгын шектеу сотталган адамды қогамнан оқшауламай
оның бас бостандыгын
шектейтін белгілі бір міндеттер жүктеуінен тұрады жэне бір жылдан жеті жылга дейінгі мерзімге
мамандандырылған органның қадагалауымен оның тұрғылықты жері бойынша өтеледі. Тұрақты
жұмыс орны жок және оқуда жоқ бас бостандығынан шектеуге сотталгандар жергілікті атқарушы
органдар
айкындайтын орындарда, бірақ жылына екі жүз қырык сагаттан аспайтын мэжбүрлі
еңбекке тартылуга жатады. Бас бостандығын шектеуді когамдык жұмыстарга тартумен немесе түзеу
жұмыстарымен ауыстырган жағдайда ол бір жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін (44-
бап,
1-
бөлігі).
Сот бас бостандығынан шектеу түрінде жаза тагайындай отырып, сотталган адамга белгілі бір
міндеттер жүктейді. Ол міндеттер мамандандырылған органға хабарла- май тұрақты тұратын, жұмыс
істейтін жэне оқитын жерін өзгертпеу, аталған органның рұқсатынсыз белгілі бір жерлерге бармау,
оқудан немесе жұмыстан бос уақытта тұргылықты жерінен кетпеу,
басқа да жерлерге бармау
міндеттерін орындау жүктеледі. Сондай-ақ сот, бас бостандығын шектеуге сотталған адамға оның
түзелуіне ықпал ететін басқа да міндеттерді орындауды: ішімдіккесалынудан,
нашақорлықтан,
уытқұмарлыктан, жыныс жолдары аркылы жұғатын аурулардан емделу курсын өтуді, отбасын
материалдык қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады (ҚК-нін 44-бабы 2-бөлігі).
Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде жеке-дара тагайындалады. Бас бостандығын шектеу
негізгі жазаға балама ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің
көптеген баптарының
санкцияларында арнайы көрсетілген. Мысалы 105-баптағы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, 104-
баптагы абайсызда кісі өлтіру, 105-баптағы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, т.б. құрамдар. Бас
бостандығын шектеуге сотталғандар жазаны арнаулы меке- мелерде
- қоныс колонияларында
Республика көлемінде өтейді. Жергілікті өкімет жэне басқару органдары осы жазаны өтеуге
жіберілгендерді еңбекке орналастыруга міндетті. Бас бостандыгын шектеу мерзімі занда 1 жылдан 7
жылга дейінгі мерзім деп белгіленген. Заң бойынша бас бостандыгын шектеу мыналарга
қолданылмайды:
кәмелетке толмагандарга; жүкті
әйелдерге; үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге, үш
жаска дейінгі жас балаларын жалгыз өзі тәрбиелеп отырган ер адамдарга; елу сегіз жастағы жэне ол
жастан аскан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан ер адамдарга, бірінші жэне екінші
топтагы мүгедектерге (44-баптың, 2-бөлігі).
Бас бостандыгын шектеуге сотталган адам жазаны өтеуден әдейі жалтарган жагдайда сот бас
бостандыгын шектеудің өтелмеген мерзімін нак сол мерзімге бас бостандыгынан айыру түріндегі
жазамен ауыстыра алады. Бұл орайда бас бостандығын шектеуді өтеу уакыты бас бостандығын
шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен
бас бостандыгынан айыру
мерзіміне есептеледі (44-бап, 3-бөлігі).
Бас бостандығын шектеу жазасын өтеудің тэртібі жэне шарттары Қазакстан Республикасының
Қьілмыстық-атқару кодексі бойынша белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: