Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


ретте осы Кодекстің 366, 367 және 368-баптарында көзделген қылмыстарды жасаганы үшін



Pdf көрінісі
бет70/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

ретте осы Кодекстің 366, 367 және 368-баптарында көзделген қылмыстарды жасаганы үшін 
айыппүл осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясы шегін- де бас 
бостандыгынан айыруга ауыстырылады. 
Қылмыстык кодекстің 41-бабы бойынша: «Айыппұл - осы Кодексте корсегілген шек- ге, заңмен 
белгіленген жэне жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есеп- тік көрсеткіштің белгілі 
бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не пара сомына неме- се құнына еселенген адамның 
жалакысының немесе ол кылмыстық құкык бұзушылық жасаған сэтіне белгілі бір мөлшерінде 
тағайындалатын ақшалай өндіріп алу» (41-бап, 
1- 
бөлігі). 
Айыппұл кылмыстық теріс кылықтар үшін айлык есептік көрсеткіштің жиырма бестсн бес жүзге 
дейінгі шегінде, қылмыстар үшін - айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден он мыңға дейінші шегінде, 
ал осы Кодекстің 366, 367 жэне 368-баптарында көзделген қылмыстар үшін осы Кодекстің Ерекше 
болімінің тиісті бабының санкция- сында белгіленген мөлшерде белгіленеді. Айыппұл мөлшерінен 
жасалған кылмыстық құқық бұзушылыктың ауырлығын жэне сотталған адамның мүліктік жағдайын 
ескере отырып, сот аиқындаиды. 
Қылмыстық кодекстің 41-бабында көрсетілгендей, айыппұл негізгі жаза қатарында қолданылуы 
мүмкін. Қылмыстык жаза шарасы ретінде айыппұл төлеуге сотталған адам белгілі бір материалдық 
киындыққа тап болады. Айыппұлдың жазалау касиеті дәл осындай жағдайда көрініс табады. Кінәлі 
адамнан үкім бойынша акшалай өндіру сотталған адам және басқалар үшін тэрбиелік мәні зор жэне 
мұның өзі қылмыстық құқық бұзушылықтың сактандыруда ерекше рөл аткарады. Айыппұл негізгі 
жэне қосымша жаза ретінде тек кана занда көрсетілген ретте және соның шегінде ғана қолданылады. 
Егер айыппұл қылмыстық құкық бұзушылық сараланған баптың санкциясында көрсетілмеген 
болса, онда ол негізгі жаза ретінде қолдануға жатпайды. Тек қана мұндай жағдайда айыппұлды 
Қылмыстык кодекстің 55-бабы бойынша заңда көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тагайындауға 
негіз болғанда ғана қолданады. 
Айыппұл Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің не 
нара сомасына немесе құнына есепленген мөлшерде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін 
жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот 
белгілейді. Айыппұлдың нақгы мөлшері істелген қылмыстык теріс қылықгың, ауырлығына, кінэлінің 
материалдық, отбасылық жағдайларына, істің нақты жағдайларына байланысты сот арқылы жеке-
дара анықталады. Заңда айыппұлдың төменгі және жоғарғы шегі көрсетілген. Егер сот айыппұл 
төлеудің негізіне айлық есеп- і ік көрсеткішті алса, онда ол кылмыстық теріс қылықтар істегені үшін 
- айлық есептік корсеткіштің жиырма бестен бес жүзге дейінгі шегіде, қылмыстар үшін айлық есеп- 
тік көрсеткіштің бес жүзден оң мыңға дейінгі шегінде немесе Ерекше бөлімнің тиісті бабының 
санкциясында әдейі көрсетілген шекте тағайындалады. Қылмыстык-атқару құқығы бойынша 
айыппұлды орындау сотқа жүктеледі. Сот үкім күшіне енгеннен кейін бір ай мерзім ішінде сотталған 
адамга айыппұлды төлеуді міндеттейді. Егер сотталған адамның айыппұлды уақытында төлеуге 
мұршасы жок болса, онда сот сотталғанның өтініші бойынша оны бөліп төлеуді немесе төлеуді занда 
белгіленген мерзімге кейін- ге қалдыруға құкылы. Егер сотталған адам айыппұлды дер кезінде 
төлемесе, жазаның бұл түрі сот арқылы күшпен орындалуға жатады. Заңда айыппұлды төлеуден 
эдейі жалтарғаны үшін жауаптылық белгіленген. Әдейі жалтару - сотталған адамның өзінің ақша 
каражаттары, баска да мүмкіндіктерін әдейі жасырып, оны төлеуден ашық бас тар- туы болып 
табылады. 
Қылмыстык теріс кылық жасағаны үшін тағайындалган айыппұлды толеуден жалтарған 
жағдайда, осы Кодекстің 43 жэне 45-баптарының ережелері ескеріле оты- рып, ол бір айлық есептік 


162 
көрсеткіш үшін коғамдык жұмыстардың бір сағаты есебімен қоғамдық жұмыстарга тартуға не төрт 
айлық есептік көрсеткіш үшін бір тәулікке камакка алу есебімен қамаққа алуға ауыстырылады. 
Қылмыс жасағаны үшін тагайындалган айыппұлды төлеуден жалтарған жагдайда, осы Кодекстің 
46-бабының ережелері ескеріле отырып, ол төрт айлык есептік көрсеткіш үшін бас бостандығынан 
айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыруға ауыстыры- лады. Бүл ретте осы Кодекстің 
366, 367 жэне 368-баптарында көзделген қылмыстарды жасаганы үшін айыппүл осы Кодекстің 
Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясы ше- гінде бас бостандыгынан айыруға ауыстырылады 
(ҚК-тің 41-бабы, 3-бөлігі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет