Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


мерзімінің бір бөлігін, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімді түрмеде етеу тагайындалуы



Pdf көрінісі
бет78/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

мерзімінің бір бөлігін, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімді түрмеде етеу тагайындалуы 
мүмкін. 
7. 
Үкіммен тагайындалган тузеу мекемесінің турін өзгертуді Қазақстан Республи- касының 
қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес сот жүргізеді. 
Бас бостандыгынан айыру (46-бап) дегеніміз соттадган адамды сот белгілеген мер- зімде күшпен 
когамнан оқшаулап, оны арнайы белгіленген түзеу мекемелеріне орнала- стыруды жүзеге асыру 
болып табылады. Бас бостандыгынан айыру - жазаның ең ауыр түрінің бірі. Бас бостандыгынан 
айырылғанда сотталган адамның құқылык жағдайы елеулі шектеуге түседі, ол қогамнан 
оқшауланады, өз қалауы бойынша еңбек қызметін аткаруга шек қойылады, уакыт молшерін өз 
бетімен пайдалануга тежеу салынады, т.б. 
Бас бостандыгынан айыру жазасын сот істелген қылмыстың қогамга едәуір зияндылыгы орын 
алганда, жасалган қылмыстың мэнін, кінэлінің жеке басын еске- ре отырып, қылмыс істеген адамның 
бостандыкта жүріп түзелуі мүмкін емес, оның түзелуі қогамнан окшаулап түзеуге ықнал ететін 
ерекше шараларды қолдану кажет деп тапса ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы Жогаргы 
Сотының «Қылмыстың жаза тағайындаган кезде соттардың заңдылыққа сактау туралы» 1999 жылгы 
30 сэуірде қабылданған № 1 нормативтік қаулысында соттардың назары ауыр кылмыс, әсіресе 
кылмысты ұйымдасқан топпен жасаған, бұрын сотталған, бірак түзелгісі келмейтін адамдарға заңда 
көрсетілген жазалардың катаң шараларын қолдануы керектігіне ауда- рылады. Сонымен қатар ауыр 
емес кылмыс жасаған, коғамнан оқшаулаусыз-ақ түзелуте кабілетті айыпты адамдарға жаза 
тағайындағанда бас бостандығынан айырмайтын, заңда көрсетілген баска жаза түрлерін қолданған 
жөн деген ұсыныс айтылған' 
Бас бостандығынан айыру жазасы тек негізгі жаза ретінде 6 айдан 15 жылға, ал аса ауыр 
қылмыстар үшін 20 жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Абайсызда жасалған қылмыс 
үшін бас бостандығынан айыру 10 жылдан аспауға тиіс. 
Қоғамдық жүмыстарга тартуды, түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шек- теуді бас 
бостандыгынан айырумен ауыстырган жагдайда ол алты айға жетпейтін мер- зімге тағайындалуы 
мүмкін. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезін- де бас бостандығынан айыру 
мерзімдерін ішінара немесе толық қосқан жағдайда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімі 
Қылмыстық кодекстің 47-бабының бесінші бөлігінде, 71-бабының бесінші белігінде және 77-
бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларда - жиырма бес жылдан, ал үкімдердің жиынтығы 
бойынша отыз жылдан артық болмауға тиіс. 
Жаңа қылмыстық заңда өмір бойына бас бостындығынан айыру аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 
сондай-ақ өлім жазасына балама ретінде ғана белгіленеді жэне сот өлім жазасын қолданбауға болады 
деп үйгарган жағдайларда тағайындалуы мүмкін. Осыған байланысты өмір бойына бас 
бостандығынан айыру жазаның жеке түрі емес, өлім жа- засына балама жаза екендігі, яғни өлім 
жазасының орнына ғана тағайындалатыны аян. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасының 
шарттары: адамның аса ауыр қылмыс жасауы, бірак сот істің жеңілдететін ерекше мэн-жайларын 


168 
және кінәлінің жеке басының жағымды қасиеттерін ескере отырып өлім жазасын қолданбай-ақ, оның 
орнына кінэліге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тагайындайды. Өмір бойы бас 
бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ак он сегіз жасқа толмай кылмыс жасаған адамдарға және 
үкім шығарылу сәтіне алпыс үш жастағы одан асқан еркектерге тағайындалмайды. 
Қылмыстык кодекстің 46-бабының талаптарына сәйкес, бас бостандыгынан айырылғандарға 
жаза өтеу тәртібі төмендегіше белгіленген: 
а) абайсызда қылмыс жасаганы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ касақана 
кылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырға алғаш рет сотталған 
адамдарга - колония-қоныстарға (ягни, қоныс колониясында жаза өтеу үшін жаза Қылмыстық кодекс 
бойынша адам біріншіден, абайсызда қылмыс істеуі керек, екіншіден, сол абайсызда істеген 
қылмысы үшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі баптың санкциясы бойынша бас 
бостандығынан айыру жазасына сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі 
мерзімге бас бостандығынан айырга алғаш рет сотталған сотталуы керек. 
б) қасақана онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа жэне ауыр қылмыс жасағаны үшін бір 
жылдан аса бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға жэне айыппүл, түзеу 
жүмыстары, бас бостандыгын шектеу бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға жалпы 
режимдегі түзеу колонияларына жіберу үшін мыналар талап етіледі: 1) істелген қылмыс қасақана 
қылмыс болса, оны сотталған адам бірінші рет істеуі; 2) бүл істелген қасақана қылмыс онша ауыр 
емес, ауырлығы орта жэне ауыр 
11
кылмыс санатына жатуы керек; 3) айыппұл, түзеу жүмыстарына, 
бас бостандығын шек- теуге, бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар болуы керек); 
в) аса ауыр кылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға түңғыш рет сотталған 
адамдарга, сондай-ақ сотталған адам бүрын бас бостандыгынан айыру жаза- сын өтеген болса, 
кылмыстардың кайталануы кезінде жэне әйелдерге кылмыстың қауіпті кайталануы кезінде - қатаң 
режимдегі түзеу колонияларына (сонымен бірге қатаң режим- дегі түзеу колонияларына: аса ауыр 
кылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталгандар, бүрын бас 
бостандыгын айыруға жазасын өтеген, қылмысты кайталап істегендер, кылмыстардың кауіпті 
кайталануын істеген әйелдер жіберіледі); 
г) қылмыстардың аса қауіпті кайталануы кезінде, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан 
айыруға сотталған адамдар - ерекше режимдегі түзеу колонияларына тағайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет