Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


белгілі бір мерзімге бас бостандыгынан айыруга ерекше режимдегі түзеу колония- сында



Pdf көрінісі
бет80/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

белгілі бір мерзімге бас бостандыгынан айыруга ерекше режимдегі түзеу колония- сында 
жазасын өтей отырып ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім 
жазасын орындауга мораторийдің күші жойылган жагдайда, мораторий енгізілгенге дейін 
олардың етінішхат бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы 
өтінішхат беруге қүқыгы бар. 
Өлім жазасы - жазаның ең ауыр, ерекше түрі болып табылады. 
Өлім жазасы - ату жазасы адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік қылмыстар үшін, 
сондай-ақ согыс уакытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, 
ондай жазага кесілген адамга кешірім жасау туралы өтініш ету құқыгы беріледі (ҚК-тің 47-бабы, 1-
бөлігі). Өлім жазасы бейбіт уақытта адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік қылмыстарды 
істегендерге қолданылуы мүмкін. Мұндай қылмыстарга қылмыстық кодекстен 255-бап, 4-бөлігі - 
терроризм актісі, 170-бап, 4-бөлігі, - жалдамалылық 177-бап - Қазақстан Республикасы тұңгыш 
Президентінің - Елбасының өміріне қол сұгушылық; 178-бап - Қазақстан Республика- сы 
Президентінің өміріне қол сұғушылық 443-бап, 3-бөлігі - согыс уақытында әскери қызмет атқарудан 
жалтару, 444-бап 3-бөлігі - ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында жауынгерлік кезекшілікті 
атқару кағидаларын бұзу жағдайда істелген қылмыс құрамдары жатады. 
Қылмыстық кодекстің 47-бабына сәйкес, өлім жазасы - ату соғыс уақытында мына төмендегідей 
кылмыстарды істегені үшін қолданылуы мүмкін: ауырлататын жағдайда адам өлтіргені (99-бап, 2-
бөлігі); согыс уақытында мемлекетке опасыздық жасау (175-бап, 3-бөлігі); соғыс уақытында 
бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (437-бап, 5-бөлігі); соғыс уақытында басшыга 
қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мэжбүр ету (438-бап, 4-бөлігі); согыс 
уақытында басшыға қатысты күш қолдану әрекеттері (439-бап, 4-бөлігі); согыс уақытында немесе 
ұрыс жағдайындагы қашқындық (442-бап, 4-бөлігі); 
Өлім жазасын қарастырған Қылмыстық кодекс баптарының санкциялары баламалы болып 
келеді. Онда соттың 20 жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыру жазасын немесе өлім 
жазасын немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды қолдануына жол берілген. Іс жүзінде өлім 
жазасын сот іс бойынша аса ауыр кінэлінің қауіптілігін ерекше дәлелдейтін мэн-жайлар болганда 
ғана қолданады. 
Өлім жазасы кешірім беру тэртібі мен жиырма бес жыл бас бостандығынан неме- се өмір бойына 


170 
бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. Өлім жа- засын қолданганда сот әрбір 
нақты іс бойынша жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа алады (ҚК-нің 52-бабы). 
Өлім жазасын қолдануга істелген қылмыстың ерекше ауырлығы, жазаны ауырлататын төтенше 
мән-жайлармен қатар қылмыс істеген адамның айрықша қауіптілігі, моральдық азгындыкка түсуімен 
бірге, айуандық іс-әрекеттерге барып, өте ауыр қылмыстар істеуі негіз бола алады. Сондықтан да 
өлім жазасы қолданылуы мүмкін қылмыстық істерді қарағанда сот барлық уақытта да сотталушының 
психикалық жай-күйін ерекше зерттей- ДІ. 
Өлім жазасын қолдану барлық жағдайда істелген қылмыстың анықтаган мән- жайларын және 
сотталушының мейлінше толык сипаттайтын мәліметтерге сүйене оты- рып, үкімде дэлелденген 
болуы керек. 
Өлім жазасын қолданудың ерекшелігі сол, бұл тұргыдагы қылмыстарды қарау бірін- ші 
инстанция соттарының құзыретіне жатады жэне мұндай істерді карау алка билер сотының 
қатысуымен жүзеге асырылады. 
Өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаган адамдарга, сот үкім 
шыгарган сэтте алпыс үш жасқа толған жэне одан асқан еркектерге тагайындалмайды. 
Туган күннен кейінгі тәуліктің басталуы адамды 18-ге толган деп санауга негіз бе- реді. Еркектер 
үшін алпыс үш жасқа толуды үкім шығарған (қылмыс істеген емес) кезбен өлшеу кажет. Өлім 
жазасы туралы үкім кем дегенде ол күшіне енген соң 1 жылдан кейін орындалады. 
Қазақстан Республикасы Жогаргы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаған кез- де соттардың 
заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылгы 30 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысының 14-тармагында 
өлім жазасына байланысты заңдарды қолдануда басшылыққа алатын төмендегідей қагидалар 
белгілеп берді: 
ҚК-нің 47-бабына сэйкес өлім жазасы ең ауыр жаза болып табылатынына және кылмыстық заң 
оны ерекше ауыр қылмыстар үшін колданылуы мүмкін екеніне, бірак талап етпейтініне соттардың 
назары аударылсын. Өлім жазасы заңда көзделген рет- терде тек оны тагайындаудың кажеттілігіне 
жауапты ауырлататын төтенше жағдайлар негіз болғанда жэне аса ауыр қылмыс жасаган адам 
айрықша қауіпті болганда гана колданылады. 
Сот ҚК-нің 47-бабының екінші бөлігіне сәйкес, өлім жазасы - әйелдерге, 18 жаска толмай 
қылмыс жасаган адамдарға, үкім шыгарган сәтте жасы 63-ке толған, одан жасы асқан адамдарға, 
сондай-ак ҚК-нің 56-бабының 4-бөлігіне сэйкес, аяқталмаган қылмыс үшін сотталган адамдарга 
қолданылмайтынын ескеруі керек. Сондай-ақ, сот ҚК-нің 69-бабының 5-бөлігіне сәйкес ескіру 
мерзімінің өтуіне байланысты кылмыстық жауап- кершіліктен босатуға негіз таппаган адамдарга да 
өлім жазасы тағайындалмайды. ҚК-нің 75-бабының 4-бөлігінде көрсетілген жагдайларда үкімді 
ескіру мерзімі өткеннен кейін орындаған кезде өлім жазасы 25 жылга немесе өмір бойы бас 
бостандыгынан айыруга ауыстырылуы тиіс. 
ҚІЖК-нің талабына сәйкес, өлім жазасы сот қүрамына кіретін судьялардың тек бір- ауыздан 
қабылдаған шешімі бойынша тагайындалады. 
Өлім жазасын қолдану барлық жагдайда да жасалған қылмыстың анықталган мэн- жагдайларына 
және сотталушыны мейлінше толык сипаттайтын мәліметтерге, соның ішінде оның психикалык күй-
жайына сүйене отырып, үкімде дәлелді болуы керек. 
ҚК-нің 47-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, өлім жазасын орындау үкімнің заңды күшіне енген 
сәтінен бастап бір жылдан соңгана Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің тиісті 
бабында көрсетілген құжаттардың негізінде орындалады. 
Қазакстан Республикасы Президентінің 2003 жылгы 17 желтоқсандагы Жарлыгы бойынша өлім 
жазасын орындауга мораторий енгізілді. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 47-бабының 3-бөлігінде 
Қазакстан Республикасының Президенті өлім жаза- сын орындауга мораторий енгізген кезде, өлім 
жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта токтатыла тұрады деп корсетілген. 
Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу 
аркылы өмір бойы бас бостандыгынан айыруга немесе жиырма бес жыл мерзімге бас бостандыгынан 


171 
айыруга ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауга 
мораторийдің күші жойылган жағдайда, олардың мораторий ен- гізгенге дейінгі өтініш беруіне 
немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтініш беруге кұкығы бар (Қылмыстык 
кодекстің 47-бабы 5-бөлігі). 
Әлем елдерінде өлім жазасын қолданудың тәртібі әр түрлі. 
Көптеген өркениетті елдердің қылмыстық заңы бойынша, өлім жазасы Отанга опасыздық, 
шпиондық, кісі өлтіру, адамдарды акы алу үшін үрлау, өрт қойганы, тонау жэне басқа да ауыр 
қылмысты істегені үшін қолданылады. Еуропаның бірнеше мемле- кеттерінде: Италия, Германия, 
Франция, Скандинавия елдерінде, сондай-ак Латын Аме- рикасы, Австралияда өлім жазасын қолдану 
жойылган. АҚШ Жоғарғы Соты 1976 жыл- дан өлім жазасын қолдануды кайта жаңғыртты. Қазір 
Құрама Штаттардын 37 штатында өлім жазасы қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет