І86
Осы мәселеге байланысты жоғарыда аталған Жоғарғы Соттың нормативтік каулысының 3-
тармағында:
«Соттар жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін елеулі мәні бар сотталушының жеке басының
мәліметтерін жан-жакты, толык және объективті түрде тексеруі керек.
Атап айтқанда, сотталушының
денсаулығын, еңбекке қабілеттілігі мен қатыстығын, білімін, сотталгандығы
туралы мәліметтерді
анықтау керек. Сотталушының отба- сы жағдайы анықталғаннан кейін, соттар ҚК-нің 52-бабының 3-
бөлігіне сәйкес жаза- ны тағайындаған кезде тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның
асырауындағы адамдардың жағдайына кандай әсер ететінін ескеруі керек», - деп ескертілген.
Сот накты жағдайларға байланысты эр уақытта да кінэлінің жеке басын сипаттайтын әлеуметтік
мэні бар барлық жайттарды анықтауы қажет. Оның ішінде кінэлінің қылмыстық құкык бүзушылық
істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, оның еңбекке, окуға деген көзкарасы, өмір сүру
салты,
өзін коршаган ортаға қатынасы, оны сипаттайтын оң немесе теріс мэн-жайлардың бэрі де
ескерілуге жатады. Бұрын сотталғандарға, ішімдік- пен, нашақорлықпен әуестенушілерге, қоғамдық
тэртіпті бұзушыларға, катыгездікпен немесе сыбайласып
қылмыстык құқық бұзушылық
жасағандарга шектен тыс жеңіл жаза тағайындауга болмайды. Керісінше, мемлекет, коғам,
отбасы
алдындағы өз міндет- терін адал орындап жүрген, өндірісте, тұрмыста жағымды мінездерімен
сипатталатын адамдардың бірінші рет кылмыстык кұкык бұзушылык жасауы олар үшін
жеңілірек
жаза тағайындауға негіз бола алады.
Соттардың сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты объективті түрде тексеруі
оларға тагайындалатын жазаның түрі мен көлемін белгілеу үшін маңызды болып табылады.
Сондықтан да қылмыстық құқыктың адамгершілік принципін басшылыкка ала отырып,
сот жаза
тағайындаганда сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбекке қабілеттілігі мен оған деген
көзқарасын, білімін, мүгедектігін, асырауындағы адамдардың санын, тағы да басқа мәліметтерді
жан-жақты еске алады.
Достарыңызбен бөлісу: