Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет92/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

бейморальдық мінез-қулқы;



187 
11) 
шын ниетпен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмыстық қуқық бузушылықты ашуга, 
қылмыстық қуқық бузушылықтың басқа да сыбайлас қатысушыларын әшкерелеуге жане 
қылмыстық қуқық бузушылық нәтижесінде алынган мүлікті іздестіруге белсенді түрде ықпал 
ету. 
2. 
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделмеген мән-жайлар да жаза тагайындау кезінде 
жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерілуі мүмкін. 
3. 
Егер жеңілдететін мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабын- да 
қылмыстық қуқық бузушылық белгісі ретінде көзделген болса, ол өзінен-өзі жаза тагайындау 
кезінде қайтадан ескерілмеуі мүмкін. 
Әрбір нақты қылмыстық құқық бұзушылық үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстық құқык 
бұзушылықтың қоғамга қауіптілігінің дәрежесін жэне жазаны даралау үшін жауаптылыкты 
жеңілдететін немесе ауырлататын мэн-жайларды анықтауға міндет- ті. Істелген қылмыстық қүқық 
бұзушылыктың түрі мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, істің мэн-жайын, кінэлінің жеке басын 
жэне оның жауаптылығын жеңілдететін неме- се ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жаза 
тағайындау кезінде соттар оган жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң талаптарын бұлжытпай орындауга 
тиісті. Жаза занды, негізді жэне эділ болуы үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында 
көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін де, ауырлататын да мэн-жайлар толық есепке алынуы 
керек. 
Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мэн-жайлар қылмыстықзаңарқылы 
белгіленеді. Қылмыстық заңда (53-бап) жауаптылықты жеңілдететін мэн-жайлардың үлгі тізбегі ғана 
берілген, өйткені жаза тагайындағанда жауаптылыкты жеңілдететін, заңда көрсетілген басқа мэн-
жайларды да соттың еске алуына болады. Ал жауаптылықты ауырлататын мэн-жайлардың (54-бап) 
заңда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы заңда көрсетілген мэн-жайлардан баскаларды 
жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға қүқылы емес. 
Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мэн-жайларды қылмыстық құқық бүзушылық 
қүрамының қажетті, жетілген немесе жеңілдетілген белгілерімен шатастыруга болмайды. Мазмүны 
немесе атауы жөнінен олар бір-біріне сэйкес болады. Мысалы, басқа біреудің мүлкін қорқытып 
алушылықта үйымдасқан топ жасаған кылмыстық қүқык бүзушылык осы кылмыстық қүқық 
бүзушылықтың жетілдірілген кұрамының бел- гісін көрсетеді. Сонымен бірге ұйымдасқан топ болып 
қылмыстық күкық бүзушылық жасау жауаптылықты ауырлататын мэн-жайларға жатады. Сондықтан 
да мүндай мән- жай қылмыстық қүқық бүзушылықтың құрамының белгісі ретінде көрсетілсе, ол 
тағы да жауаптылыкты ауырлататын мэн-жайлар ретінде жаза тағайындағанда есепке алын- байды. 
Ол туралы Қылмыстық кодекстің 4-бабында «бір қылмыстык құқық бүзушылық үшін ешкімді де 
қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды», - деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы 
Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысының 4-тармағында: 
«ҚК-нің 54-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жауапкершілік пен жазаны ауырла- татын 
мэн-жайлардың тізімі түпкілікті болып табылады. Осыған орай, қылмыстық қүқық бұзушылық 
жасалған кездегі немесе сотталушыны сипаттайтын басқа да сот анықтаған жағдайлар 
(маскүнемдікке салыну, қоғамдық тэртіпті бүзу, отбасына, жүмысына, оқуына немқүрайлы қарау 
т.б.) жаза тағайындалған кезде ескеріледі, жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мэн-жай ретінде 
танылмайды», — деп көрсетілген. 
Егер ҚК-нің 53 немесе 54-баптарында көрсетілген мэн-жайлар қылмыстық қүқық бүзушылықтың 
бір белгісі ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодексінің Ерек- ше бөліміндегі баптың 
диспозициясында көрсетілген болса, онда ол сол қылмыстық қүқық бүзушылық үшін жаза 
тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай ретінде ескерілмейді. 
Мысалы, жан күйзелісі үстінде ашумен кісі өлтіруде жан күйзелу осы кылмыстық күкык бұзушылық 
үшін жаза тагайындағанда жауаптылықты жеңілдететін мэн-жай ретінде есенке алынбайды. 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабында қылмыстык қүқық бұзушылык 
үшін жауаптылык пен жазаны жеңілдететін мэн-жайлар болыгі мына төмендегілер есептелінеді: 


188 
1) мэн-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алгаш рет қылмыстык теріс кылық не алғаш 
рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс; 
2) кінәлі адамның кәмелетке толмауы; 
3) жүктілік; 
4) кінэлі адамның жас балаларының болуы; 
5) қылмыстық күкық бұзушылық жасаганнан кейін зардап шегушіге тікелей меди- циналык 
немесе өзгеде комекті көрсету салдарына қарамастан қылмыстық кұқық бұзушылық жасалғаннан 
кейін жэбірленушіге тікелей осындай көмек көрсету; 
6) қылмыстық кұқык бұзушылык салдарынан келтірілген мүліктік залалды ерік- ті түрде өтеу, 
қылмыстық құқык бұзушылыкпен келтірілген моральдық жэне өзге де зиянның орнын толтыру; 
7) жеке басындыгы, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тогысуының салда- рынан не 
жаны ашыгандық уәжімен кылмыс жасау; 
8) күштеп немесе психикалык мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, кызметтік не- месе өзге 
де тәуелділігіне карай кылмыс жасау; 
9) қажетті қорганыстың, аса кажеттілік, қылмыстық құқық бұзушылық жасаган адам- ды ұстау, 
негізді тәуекел, бұйрыкты немесе окімді орындау жагдайларында қылмыс жасау; жедел іздестіру 
шараларын жүзеге асыру немесе жасырын терген әрекеттермен жүзеге асыру кезінде құқыкка 
сыйымдылық шаттарын бүзу жагдайында қылмыстык кұқық бұзушылық жасау; 
10) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жэбірленушінің заңга кайшы немесе 
адамгершілікке жатпайтын қылығы; 
11) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмыстык кұқык бұзушылықты ашуга, 
кылмыстық кұқык бұзушылықты баска сыбайлас қатысушыларды әшкерелеуге жэне кылмыс жасау 
нәтижесінде алынган мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу. 
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделмеген мэн-жайлар да жаза қолдану кезінде жеңілдететін 
мэн-жайлар ретінде ескерілуі мүмкін. 
3. Егер жеңілдететін мэн-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабын- да қылмыстык 
кұкық бұзушылық белгісі ретінде көзделген болса, ол өзінен-өзі жаза тагайындау кезінде кайталап 
ескерілмеуі мүмкін. 
Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардың ішкі мазмұнына токталайық: 
1. Мэн-жайлардыц кездейсоқ тогысуы салдарынан алгаш рет кылмыстық теріс қылық, алғаш рет 
онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс істеу. Бұл жер- де іс-әрекетті жеңілдететін мэн-
жайга жатқызу үшін біріншіден, кылмыстык құкык бұзушылык тұңғыш рет істелуі, екіншіден, ол 
қылмыстық құқык бұзушылық онша ауыр емес немесе ауырлыгы орташа қылмыстык кұқық 
бұзушылық санатына жаткызылуы, үшіншіден, кылмыстық құкық бұзушылык кездейсок жагдайга 
байланысты істелуі ке- рек. Кездейсоқ жагдайда, мысалы, өте өнегелі адамның кылмыстық топка 
кездейсоқ қатысып, қылмыстык құкық бұзушылыкка қатысуы. Іс-эрекетті кездейсоқ жагдайга 
жатқызу немесе жатқызбау нақты жағдайға байланысты шешіледі. 
2. Кінәлі адамның кэмелетке толмауы, жасы он сегізге толмай кылмыстык кұқык бұзушылык 
істегенде көп жагдайда өмірлік тэжірибенің жеткіліксіздігінен, ересектердің теріс ыкпал етуінен 
немесе үлкендерге еліктеп, я болмаса, басқалардан калмау максатымен, өзінің тентектігін көрсету 
аркылы істеледі. Бүл жерде бұлардың ақыл- ойының элі жетіліп, калыптаспағаны жастықтың 
салдарынан ұстамдылык жасамай қылмыстык құқық бұзушылық жасайтыны еске алынып, олардың 
кәмелетке толмай қылмыстық құқық бұзушылық жасауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға 
жа- тады. Республика Жоғаргы Сотының нормативтік қаулысында барлык соттарға жасы 
толмағандарға жаза тағайындағанда олардың кылмыстық кұкык бұзушылыктың өте мұкият зерттеп, 
оларды мүмкіндігінше коғамнан окшауламайтын жаза түрін неме- се жазага жатпайтын тэрбиелік 
мэні бар шараларды кеңінен колдану туралы бірнеше ұсыныстар берген. Жаңа Қылмыстық кодексте 
(VI бөлім) кэмелетке толмағандардың кылмыстық құкық бұзушылық үшін жауаптылығы жеке 


189 
берілген. 
3. Жүкті әйелдің қылмыстык кұкық бұзушылык істеуі. Қылмыстык заң адамгершілік принципін 
басшылыққа ала отырып, ана мен баланың мүддесін корғайды. Жүкті эйелдің істеген қылмыстық 
құкық бұзушылығын жауаптылықты жеңілдететін мэн-жайларға жатқызу - осының айғағы. Жүкті 
күйдегі әйелде психологиялық, физиологиялық өзгерістер болады. Осыған байланысты мұндай 
жағдайда олардың өзін-өзі ұстауы қиындап, ашуланшақ, міншіл, кінэмшіл күйде болады. 
Көрсетілген жағдайларда жүкті әйелдер өзін-өзі ұстауы киындап, кылмыстық кұкық бұзушылық 
жасайды. Олардың бұл 
• 
• 
и 
әрекеті жазаны жеңілдететін мэн-жаиға жатады. 
4. Кінэлі адамның жас балалары болуы. 
Жас балалар деп жасы он төртке толмағандар саналады. Егер айыпкердің жасы 14- ке толмаған 
бір баласының болуының өзі оған жеңілдік көрсетуге негіз болады. 14-ке толмаған басқа біреудің 
баласымен бірге тұру қылмыс істегенге айыпты адамға осы тұрғыдағы жеңілдікті колдануға негіз 
бола алмайды. 
5. Медициналык немесе өзге де көмек көрсету салдарына қарамастан Қылмыстық құкык 
бұзушылық жасағаннан кейін жәбірленушіге тікелей осындай көмек керсету. 
Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмыстық кұқык бұзушылықты істегеннен кейін 
өз еркімен болгызбайды, мысалы, абайсызда адамды қағып кеткен жүргізуші жәбірленушіні дер 
кезінде ауруханаға жеткізіп, олімнен алып қалады, осы комектің арқасында қылмыстық құқық 
бұзушылықтың зардабының кісінің қазаға ұшырауының болгызылмай қалуын айтамыз. Келтірілген 
зиянның есесін өз еркімен тол- тыру деп кінэлінің жәбірленушіге немесе занды ұйымға өз қатесін 
түсініп, ерікті түрде келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянның орнын толтыруы. Мысалы, 
ұрланған заттың өзін немесе оның құнын төлеуі, жәбірленушіні қорлаған жағдайда одан кешірім 
сұрауы. Келтірілген зиянды жою дегеніміз кінэлі адамның озі істеген қылмыстық кұқық 
бұзушылықтың зардабын өз күшімен бұрынғы қалпына келтіруі, мысалы, біреудің мүлкін қиратса, 
оны дэл бұрынғы қалпына келтіріп жөндеп беру, жэбірленушіге дене жарақатын түсіргенде оны 
емдетіп, соған қажетті шығынды өтеу сиякты эрекеттер жасау. Егер осы жоғарыда айтылған 
қылмыстың зиянды әрекеттері кінэлінің еркінен тыс, тергеу, сот арқылы одан күшпен өндірілген 
жағдайда, онда бұлар жауаптылыкты жеңілдететін мән- жайлар болып есептелмейді. 
6. Қылмыстық кұкық бұзушылық салдарынан келтірілген мүліктік залалды ерік- ті түрде өтеу, 
қылмыстық құкык бұзушылыкпен келтірілген моральдық жэне өзге де зиянның орнын толтыру 
Қылмысының зардабын мойындап, жәбірленушіге материалдық, моральдық, баска келтірілген 
зиянның орнын өз еркімен дер кезінде толтыру - адамгершіліктің белгісі, мұндай кінәліге осы 
көрсетілген жеңілдікті қолдану орынды болады. 
7. Қылмыстык кұкық бұзушылык адамның жеке басына, отбасына өзге де ауыр мэн- жайлар 
тогысуының салдарынан не жаны ашығандык уәжімен істеу. 
Кейбір кездерде ұстамсыз адамдар үшін осындай жағдайлар қылмыстык кұкық бұзушылық 
жасау үшін жеткілікті болады. Жеке басына, отбасына жэне баска да се- бептермен қылмыстык 
кұқык бұзушылык істеу әр түрлі жағдайларда жүзеғе асырылуы мүмкін. Олар кінэлінің өзінің, 
туысының ауыр науқаспен ауыруы, материалдық жетіс- пеушілікке, жұмысындағы, отбасындағы 
ауыр жагдайға, отбасы мүшелерінің бимораль- дык тәртібіне. тұргын үйдегі қолайсыз жагдайларға 
байланысты болуы мүмкін. Жаза- ны жеңілдететін мэн-жайларға қызметіне, оқуына байланысты 
жэйттар, жалакысының азаюы, жұмыстан шығарылуы, төмен ақы төлейтін жұмысқа ауыстырылуы 
сияқты мәселелері де жатады. Жеке басына, отбасына және баска ауыр жағдайлардың кезде- суіне 
байланысты қылмыстық құқык бұзушылық жасау - кінәлінің кылмыстык кұқық бұзушылықтың 
мінез-құлқының пайда болуын тікелей қоздырса немесе себепші болса ғана жеңілдететін мән-
жайларға жатады. Сондықтан да мас болып, ауыр материалдық жағдайды сылтау етіп, ұрлық жасау 
жауаптылықты жеңілдететін мэн-жайға жатпайды. Жеке басына, отбасына немесе баска да ауыр 


190 
жағдайлардың кездесуінен жаны ашып кылмыстык кұкық бұзушылык істеу кінәлі адамдар үшін 
кездейсоқ, олардың тарапы- нан зұлымдык ниеттердің жоқтығын көрсеткен жагдайда, әлгіндей 
жағдайлар олардың басына тумаса, олардың қылмыстық құқық бұзушылық істейтін адамдар емес 
екендігін танытады. 
8. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан материалдық, қызметтік, өзге де 
тәуелділігі себепті кылмыстық құқық бұзушылық жасау. 
Осы жағдайлардың жауаптылыкты жеңілдетудің қатарына жатқызылу себебі, мұндай жагдайда 
қылмыс істеген адам еріксіз, баска біреудің қорқытуынан, еріксіз көндірудің салдарынан немесе оган 
материалдық басқа да тэуелді болу себепті өз ойын емес, соның ойын іске асырады. Ондай 
жагдайларда болған күнде қылмыс істеген адам, бұл қылмыстык құкык бұзушылыктың өз бетінше 
істемеген болар еді. Бұл жерде қоркыту немесе еріксіз кондіру кінэлі адам тәуелді болып табылатын 
баска адамның тарапы- нан пайда болады. Яғни, бұл жерде кылмыстық кұқык бұзушылық жасаудың 
бастау- шысы болып қорқыту, еріксіз көндіру, басқа да тәуелділікті пайдаланып кінәлі адам- ды 
қылмыс істеуге азгырған адам саналады. Сот қылмыстық құқык бұзушылыктын мұндай 
жағдайларында ондай адамның әрекетіне баға беріп, оның қылмыстық құкык бұзушылык үшін 
жауаптылыгын шешуі қажет. Бұл адамдар нақты кылмыстық құқык бұзушылықтарды істеудің 
азғырушысы ретінде жауапқа тартылуы да мүмкін. Қорқыту, еріксіз көндіру салдарынан немесе 
материалдык я басқа жағынан тәуелді болуы себепті, қылмысты мэжбүрлік кажеттілік жағдайында 
істеген адам кылмыстық жауаптылықтан босатылады. Баска жагдайларда, яғни мәжбүрлі қажеттілік 
белгілері жоқ болса, онда мұндай әрекеттер жазаны жеңілдететін мэн-жайларға жатқызылады. Бұл 
жерде қорқыту дегеніміз кінәлінің өзін немесе оның жақынын накты бір заңсыз әрекетті қолданамын 
деп қорқытып, оның еркі мен санасына тікелей эсер ету арқылы оған белгілі бір іс- әрекетті істету 
болып табылады. Материалдық тәуелділік деп, өзін қылмысқа азғырган адамға кінәлінің карыз 
болуы, соның асырауында болуы немесе өмір сүруі материалдык жагынан соған тікелей тэуелді 
болуы, басқа да материалдық, заттай жағынан оған кіріп- тар болуы айтылады. 
Баска жагынан тәуелді болу деп қызмет жонінен, некелік, отбасылық, туыстык жағынан болатын 
тәуелділіктер айтылады. 
9. Қажетті қорғанудың дұрыстыгының шартын бұзу, (аса мәжбүрлі) кажеттілік, кылмыстық 
құқық бұзушылық жасаган адамды ұстау, негізгі тәуекел, бұйрықты неме- се өкімді орындау немесе 
жасырын тергеу әрекеттермен жүзеге асыру кезінде құкыкка сыйымдыдық шарттарын бұзу 
жағдайларында кылмыс жасау. 
Қылмыстық құкық бұзушылыкты қажетті қоргану шебінен асса да, коғамға қауіпті қиянаттан 
қорғану үстінде істеу. Мұндай жағдайда қылмыстық құқық бұзушылык істеу жауаптылықты 
жоймайды, бірак жеңілдететін жағдайға жатады. Себебі кінәлі коғамға, жеке адамға, тагы да басқа 
заң қорғайтын мүддеге қылмыстық қылмыстык құқык бұзушылық болмаса, мұндай қылмыстық 
құқық бұзушылықтың істемеген болар еді. Қорғану шегінен асса да, ол аса қауіпті емес қылмыстық 
кұқык бұзушылықты қоғамға қауіпті киянаттан қорғану үстінде істейді. Қорғану шегінен асқанға 
дейін оның мұндай әрекеті қоғамға пайдалы әрекет болып танылады. Қылмыстық құқық 
бұзушылықтың кодекстің 102, 112-баптарында көрсетілген қажетті қорғану шегінен шыгып, кісі 
өлтіру жэне денеге ауыр жаракат салу, осы қылмыстық құқық бұзушылықтардың аса қауіпті емес 
түрін сипаттайды. 
Қазакстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексінде қылмыстық кұқық бұзушы- лықты 
мэжбүрлік қажеттіліктен, қылмыстық құқық бұзушылықты істеген адамды ұстаудан, орынды 
тәуекелдің заңдылық шарттарын бұзу жағдайында істеу жауаптылықты жеңілдететін мэн-жайға 
жатады деп тұңғыш рет көрсетілген. Қылмыстық құқық бұзушылық мэжбүрлі қажеттіліктің 
шарттарын сақтамау арқылы істелсе, онда оны істе- ген адамның эрекеті жауаптылықты 
жеңілдететін мән-жайға жатуы мүмкін. Мысалы, аса қажеттілік жағдайында істелген іс-эрекеттің 
нәтижесінде келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп болса, сондай-ақ кінәлі адамның төнген 
қауіпті шығын жұмсау арқылы той- тару мүмкіндігі бола тұрып, оны пайдаланбауы, т.б. эрекеттер. 


191 
Қылмыстық құқық бұзушылық істеген адамды ұстау - коғамга пайдалы қылмыстық құқық 
бұзушылыққа қарсы күрес жүргізудегі қажетті әрекет. Бірақта қылмыстық құқық бұзушылык істеген 
адамды ұстау да қылмыстық құқық бұзушылықтың мэні мен ұстау жағдаиына саи келмеитін 
жағдаида оған зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық бо- лып табылады. Мысалы, ол қарсылық 
корсетпесе де, оған ұрып жаракат салу, істеген қылмыстык құқық бұзушылығы үшін оны өзінше 
жазалау тагы баска әрекеттер. Мұндай жағдайда кінэлінің істеген іс-әрекеті жауаптылыкты 
жеңілдететін мән-жайларға жатады. Негізді тәуекелдің заңдылық шарттарын бұзу жағдайында 
қылмыстық құқық бұзушылық істеу де жауаптылықты жеңілдететін мэн-жайға жатқызылған. Негізді 
тәуекелге әр түрлі кэсіптік немесе шаруашылық багытта жүргізілетін іс-әрекеттер жатады. Мысалы, 
меди- цина саласында адамға эр түрлі операциялар жасау, дене мүшелерін тігу, кейбір орган- дарды 
алып тастау, немесе оны қайта қондыру адамдардың жанын ауыртумен немесе оларға зиян 
келтірумен тікелей байланысты. Мұндай шараларды жүзеге асыру заңға, нормативті актілерге, 
нұсқаулар мен ережелерге қатаң негізделген. Осы талаптарды қатаң сақтау дәрігердің қылмыстық 
жауаптылығын жояды. Медицина гылымы саласында жаңа жетістіктерге жету үшін әр түрлі ғылыми 
эксперименттің жүргізілуі шарт. Осы кэсіптің ережесіне, талабына сай жүргізілген ғылыми 
эксперименттің салдарынан кісі өлімі, мүліктің жойылуы орын алған жағдайда да ол үшін 
қылмыстык кұқық бұзушылық үшін жауаптылыққа ешкім тартылмайды. Мысалы, адамның өмірін 
сақтап қалу үшін оған ба- уыр, ми, жүрек сияқты организм органдарын қондыру тәуекелі заңға 
немесе нормативті актілермен қалыптасқан тэжірибеге негізделіп, сонда көрсетілген бірнеше 
шарттарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуы. 
Мұндай шарттарға мыналар жатады: 
- проблеманы алдын ала теориялык жағынан терең зерттеу жэне талқылау; 
- жануарларға тәжірибе жасау арқылы нәтижені анықтау; 
- эксперимент жасауға адамның келісімін алу. 
Осы көрсетілген шарттардың біреуін болса да орындамаса, нәтижесінде ауыр зардап орын алса, 
онда қылмыстык кұкык бұзушылык үшін жауапкершіліктің болуы сөзсіз. Бірак заң мұндай жағдайды 
жауаптылыкты жеңілдететін мән-жайлардың қатарына жатқызады. Өндірістік шаруашылык тәуекелі 
құқылы болу үшін ол ғылым, тэжірибе жинақтаған негіздерді, нормативті актілерді басшылықка ала 
отырып, сонда корсетілген барлық інарттарды катаң сақтаи жүзеге асырылуы кажет. Бұл талаптарды 
орындамау, шаруашылык-өндірістік тэуекелге бел байлаган адамның ұқыпсыздығынан немесе 
жаңылысуынан баска да әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен зиян келтірілсе, ол үшін кылмыстык 
кұқық бұзушылық үшін жауаптылық белгіленеді. Бірақ бұл жауаптылык та жеңілдететін мән-жайлар 
деп саналады. Қылмыстык кұкык бұзушылыкка түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға кайшы 
немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы. Кей- де жәбірленушінің заңға қайшы немесе 
адамгершілікке жатпайтын қылыгы қылмыстық кұқык бұзушылықты арандатуға әкеліп согады. 
Мысалы, жұбайлардың біреуінің бөгде біреумен көңіл қосуы, жыныстык катынаста болуы. Осы 
әрекеттің үстінен түскен ол өз жұбайын сабап, оның денесіне ауыр зиян келтіруі. Жәбірленушінің 
заңсыз әрекеті көп жағдайларда кінэлінің жан күйзелісін тудырады, осы себепті ол ашумен 
қылмыстық кұқык бұзушылык істейді. 
Жан күйзелу жауаптылыкты жеңілдететін мән-жайға жату үшін ол біріншіден, жәбірленушінің 
өзінің заңсыз эрекеті салдарынан (күш көрсету, қатты қорлау немесе басқа заңсыз әрекеттерінен), 
екіншіден, жан күйзелу, физиологиялык аффект жагдайында істеуі керек. 
Физиологиялык аффект дегеніміз, осы жоғарыда айтылған жағдайларға байланы- сты кінэлінің 
ашу үстінде жағдайды дұрыс бағалау және өзінің мінез-құлқына саналы түрде бақылау жасау 
қабілетінің елеулі кемуі болып табылады. Бірак та мұндай жағдайда кінәлі қылмыстық құкық 
бұзушылык үшін жауаптылықтан босатылмайды, себебі адам өзінің әрекетін сезуден, өзінің іс-
әрекетіне есеп беруден жэне оны басқару кабілеті мүмкіндігінен айырылмайды, тек мұндай 
касиеттері елеулі түрде ғана кемиді. Сол себе- пті мұндай жағдайлар қылмыстық құқық бұзушылық 
үшін жауаптылықты жоймайтын, бірақ жауаптылықты жеңілдететін мэн-жайлар қатарына 


192 
жатқызылады. 
Физиологиялық аффекз іні аныктау үшін психологиялык сарапшылық тағайындалады. Шын 
жүректен окіну, айыбын мойындап келуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуга, кылмыстық кұқық 
бұзушылыққа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және кылмыстық кұқық бұзушылық жасау 
нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жэрдемдесу. 
Қайсыбір реттерде жәбірленушінің өзі қылмыстық құқық бұзушылыққа әртүрлі теріс мінез 
қылықтарымен, заңға көрінеу кайшы іс-әрекеттерімен адамгершілікке жат- пайтын теріс 
қылықтарымен қылмыс жасауға себепкер болады. Мұндай жағдайларда ҚК-тің 53-бабының, 1-
бөлігінің, 10-тармағына сэйкес жауаптылықты жеңілдететін мән- жай ретінде қарастырылады. 
Әрбір азаматтың басты міндеті қылмыстылықпен күресу, қылмыстық құқық бұзушы- лык 
жасаған жағдайда шын ниетімен өкініш білдіру, кінәсін мойындап өз қателігіне баға беру, өзі 
жасаған қылмысты, басқа адамның жасаған қылмыстарында ашуға, әсіресе сыбайлас жемкорлықты 
әшкерелеуге белсенді түрде ат салысу, қылмыстық іс- эрекетпен жоғалған мүлікті табуға көмек 
беруде іс-әрекеттің қылмыстық жауаптылыгын жеңілдететін мэн-жайга жатады. 
11. Шын жүректен өкінуге қылмыстык құқык бұзушылык істеген адамның ағынан жарылып 
өзінің қылмыстык кұкық бұзушылығын мойындауы, өзінің іс-әрекетіне шын жүректен өкініш 
білдіріп, іс бойынша өзіне мэлім барлык жағдайларды бүкпесіз айту. 
қылмыстык кұкык бұзушылыққа бірге катысушыларды эшкерелеп, келтірілген зиянды жою 
эрекеттері жатады. 
Егер адам өзінің кінэсін бұлтартпас дәлелдер аркылы мойындауга мэжбүр болса, онда оның 
әрекеті шын жүректен өкінуге жатпайды. Кінәсін мойындап келу дегеніміз кінәлі адамның қүқык 
қорғау немесе қүқык қолдану органына немесе ресми адамға өзінің жасаған кылмыстық кұқык 
бұзушылыгы туралы шындыққа жататын мәлімдеме жасай келіп, істеген іс-әрекеті үшін тиісті 
жазаны өтеуге эзір екенін білдіруін айтамыз. 
ІІІын жүректен өкіну немесе кінэсін мойындап келуі әділ соттылықты жүзеге асы- ратын 
органдарға кылмыстык күкық бүзушылықты ашуға және жүзеге асырылатын баска жаңа кылмыстық 
кұкык бүзушылықтардың жасалуына тыйым салуға көмектеседі. Қылмыстық құқық бұзушылықты 
ашуға, қылмыстык күкык бұзушылыққа баска катысушыларды әшкерелеуге жэне қылмыс жасау 
нәтижесінде алынған мүлікті іздестіру- ге белсенді жэрдемдесу әр түрлі нысанда көрініс табуы 
мүмкін. Мысалы, кылмыстық қүқық бұзушылык құралын алған жерді көрсету, кылмыстык кұкык 
бұзушылыкка кімдер қатысты, кайда тұрады, олардың әркайсысының аткарған рөлі мен кызметі, 
жасырынып жаткан жерлері, ұрланған мүліктің сақталып тұрған орны жэне т.б. Кінәлінің мұндай 
әрекеттері оның жауаптылығын жеңілдетуге негіз болады. Жауаптылыкты жеңілдететін осы 
жоғарыда айтылған жағдайларды көрсете отырып, заң сотка бұдан баска да мэн- жайларды 
жауаптылықты жеңілдететін жағдайларды (ол туралы сот үкімінде негіздей отырып) жаткызуға 
кұқық береді. тергеу әрекеттерін жасырын жүргізуге білмей кедер- гі келтіру, заңда белгіленген 
шарттарды бұзу да кылмыстық жауаптылыкты жеңілдетуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет