215
жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы тура- лы» 1999 жылғы 30
сәуірдегі
нормативтік қаулысында:
Қылмыстық белгілері бар эрекет жасаған, бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмей- тін адамдарға
сот кылмыстық жаза қолданбай-ақ, олардың түзелетіндігі мен
қайта қылмыс жасамайтындығы
туралы мәселені талкылап, негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК-нің 65-б8-баптарында
көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жау- апкершіліктен босатуға тиіс. Соттың адамды
қылмыстық жаза шараларын қолданбай- ақ түзеуге болатындығы туралы түжырымы істің жан-
жақты, толық және объективті түрде зерттелген мән-жайларына
жэне сотталушының жеке басы
туралы мәліметтерге негізделуі кажет, - деп атап көрсетілген (10-тармақ). Осыған орай кейбір
реттерде қылмыстылыкпен күресте мақсатқа жету кінэлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ак
немесе
оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны накты өтеуден босату арқылы, сондай- ақ жаза
өтеуден мерзімінен бүрын босату, өтелмеген жазаның болігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы
жүзеге асырылуы да мүмкін.
Осыған байланысты қылмыстық қүкық қылмыстык жауаптылықтан және жазадан немесе
жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді. Мүның әркайсысы тәжірибеде
кеңінен қолданылады. Сонымен
бірге ескерілетін жағдай, қылмыстык жауаптылықтан, жазадан
босатуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар. Бұл институтты практикада жиі колдану
қылмыстық қүқықтағы жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады.
Сондықтан да
көрсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген жэне тиімді болған жағдайда ғана қылмыспен
күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны қолданбай-ак жүзеге асырылуы
жағдайында ғана қолданылуы қажет.
Осы тарауда жасы толғандардың қылмыстык жауаптылыктан және жазадан босатудың негіздері
қаралмайды. Жасы толмағандарды қылмыстык жауаптылықтан және жазадан босату мәселелері
арнаулы тарауда қарастырылады.
Қылмыстык заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері көрсетілген:
1. Шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
2. Қажетті қорғану шегінен шыгу кезінде қылмыстық жауаптылықтан босату.
3. Процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан бо- сату.
4. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
5. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
6. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстык жауаптылықтан босату.
7. Ракымшылык немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстык жауаптылықтан босату түбегейлі түрде шарт- сыз жүзеге
асырылады.
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны өтеуді жалғастырудан
босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін.
Қылмыстық заң бойынша жазадан босату мынадай негіздер бойынша жүзеге асыры- лады:
1. Ауруга шалдыгуына байланысты жазадан босату.
2. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату.
3. Жазаның өтелмеген бөлігін негұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру.
4. Жүкті әйелдердің және
жас балалары бар ойелдерді, жас балаларын жалгыз өзі тәрбиелеп
отырган еркектердің жазаны өтеуін кейінге калдыру.
5. Ауыр мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге кал- дыру.
6. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.
7 Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату.
Қылмыстык жауаптылыктан босату, жазадан босату немесе жазаны одан орі өтеуден
босатудың бір-бірінен айырмашылығы оларды колдану негіздеріне байланысты бола- ды. Әдетте,
кылмыстык жауаптылықтан босату (қылмыстық жауапка тартудың мерзімі ескіруге байланысты
216
жауаптылықтан босатудан басқасы) істелген қылмыстың қоғамга қауіптілігі
онша көп болмаған
және оны істеген адамның түзелуі, жаза қолданбай-ақ мүмкін болған жағдайларда қолданылады.
Жазадан немесе оны одан әрі өтеуден боса- ту сот үкімі бойынша белгілі бір жазаға тагайындалып,
соны өтеу барысында өздерінің түзелгендігін дәлелдеген адамдарға қолданылады. Мұндай жазадан
босату тек занда бел- гіленген тәртіппен сот арқылы гана жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылудың кейбір түрлері жұртшылык
өкілдерінің катысуы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, жазадан шартты түрде мер- зімінен бұрын
босату жазаны өтеу мекемесінің және бақылау комиссиясының бір- лескен ұсынысы болған
жағдайда гана сот аркылы жүзеге асырылады. Қылмыстык жауаптылыкка тартудын мерзімі ескіруге
байланысты қылмыстык құкық бұзушылык жауаптылықтан босату, айыптау үкімін
орындаудың
мерзімі ескіруге байланысты жаза- дан босату (71,76-баптар) жұртшылык өкілінің пікірін ескермей-
ак колданыла береді.
Достарыңызбен бөлісу: