225
бала он төрт жасқа толғанга дейін кейінге калдыруы мүмкін. Жеке адамға
қарсы ауыр немесе аса
ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті
әйелдердің, жас балалары бар әйелдермен жас балаларды жалғыз өзі тэрбиелейтін еркектердің жа-
заны өтеуі кейінге қалдырылмайды. Осыган байланысты жеке адамға қарсы ауыр не- месе аса ауыр
қылмыстың түсінігін анықтау қажет. Жеке адамға қарсы қылмыстарға адамның өмірін жоятын,
денсаулығына зиян келтіретін қасакана істелген іс-әрекеттер жатады. Бүған Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінің 1-тарауындағы
жеке адамға қарсы кылмыстар, сондай-ак баска тараулардағы
террорлық акт, бандитизм сияқты адам оміріне қастандық жасайтын қылмыстар жатады. Осы жеке
адамга қарсы қылмыстардың бәрін емес, тек қана ауыр немесе аса ауыр түрін істегендерге және сол
үшін 5 жылдан аргык бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазаның бүл түрін қолдануға
болмай- ды. Мысалы, мүндай қылмыстарға 99-баптағы адам өлтіру, 106-баптағы
денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтіру, 125-баптың 2-3-боліктеріндегі адамды ұрлау, 130-баптың 2, 3-
бөліктеріндегі сиякты кылмыстар жатады. Ауыр және аса ауыр қылмыстың түсінігі Қылмыстык
кодекстің 11-бабының 4, 5-бөліктерінде айтылған. Осы көрсетілген шек-
теуден басқа кез келген
қылмысты істеген жүкті, жас балалары бар әйелдерге 74-бапты қолдана беруге болады. Жазаның бүл
түрін өтеуді кейінге қалдыру тек әйелдерге, оның ішінде жүкті жэне жас балалары бар әйелдерге
және жас баланы жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектерге ғана қолданылады. Жүктілік тиісті
медициналық қүжаттармен
расталады, ал жас балалары бар екендігі арнаулы анықтамалармен
дәлелденеді.
Заң бойынша жазаны өтеуді кейінгі қалдыру немесе жазаны өтеуден босату жүкті немесе 14
жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге жэне жас баланы жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектерге ғана
қолданылады.
Занда қандай ретте осындай адамдарға жазаны өтеуді кейінге қалдыру немесе жазаны өтеуден
босату туралы тура айтылмаған. Бүл мәселені шешу тек қана соттың құзыреті бо- лып табылады.
Заңда үкімнің орындалуының кейінге қалдырылу мерзімі жүкті әйелдерге бір жылға,
жас балалы
әйелдерге және жас баланы жалгыз өзі тәрбиелейтін еркектерге баласы 14 жасқа толғанға дейінгі деп
көрсетілген.
Егер осы баптың бірінші бөлігінде аталған сотталған адам баладан бас тартса немесе баланы
тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса немесе сотгалып, жазасын өтеу кейінге қалдырылған адамды
бақылауды жүзеге асыратын орган екі рет жазбаша түрде ескер- ту жасағаннан кейін қоғамдық
тэртіпті бүзса, сот сол органның ұсынысы бойынша жа- заны өтеу мерзімін кейінге калдыруды
токтатып, сотталган адамды сот үкіміне сәйкес, тағайындалған жерге жазасын
өтеуге жібере алады
(74-бап, 2-болігі).
Жазаны өтейтін жерге мүндай эйелдер қамауға алынып, жөнелтіледі. Бүл мәселені қылмыстық
атқару заңдары реттейді.
Жазаны өтеуін кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала шетінеген жағдайда не
жүктілігі үзілген жағдайда сот сотталған адамның мінез-қүлқына қарай оны жазаны өтеуден босатуы
немесе оны неғүрлым жеңіл жазамен ауыстыруы немесе сотталған адамды жазаны өтеу үшін тиісті
мекемеге жіберу туралы шешім қабылдауы мүмкін (74-бап, 3-бөлігі). Сот бүл мәселені істің накты
жағдайларын, сотталған адамның мінез-құлқын, тағы басқа заңда белгіленген жағдайларды есепке
ала отырып, жүзеге асырады жэне оларды жазаны өтеу үшін тиісті мекемеге жіберу немесе жібермеу
туралы шешім қабылдау соттың құзыретіне жатады.
Егер сотталған адам жазаны өтеуден босату
кезеңінде жаңа қылмыс жасаса, сот оған осы
Кодекстің 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды (74-бап,
4-
бөлігі).
Достарыңызбен бөлісу: