Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын бо-



Pdf көрінісі
бет135/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

86- 
6 а п. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын бо- 
сату 
Қылмыстык кодекстің 86-бабы кэмелетке толмагандарды жазаны өтеуден шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатудың тэртібін белгілеген. 
1. Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаганы үшін бас бостандыгынан айыруга, бас 
бостандығын шектеуге немесе түзеу жұмыстарына сотталған адамдар, оларда жаза- ны өтеудің 
немесе орындаудың белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық болмаган жагдайда: 
1) онша ауыр емес немесе ауырлыгы орташа қылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің 
немесе мөлшерінің кемінде төрттен бірін; 
2) ауыр қылмыс үшін сот тагайындаган жаза мерзімінің немесе мөлшерінің кемінде үштен бірін; 
3) адам өміріне қолсұғушылыкпен ұштаспаган аса ауыр кылмыс үшін соттагайындаган жаза 
мерзімінің кемінде жартысын; 
4) адам өміріне қолсұғушылықпен ұштасқан аса ауыр қылмыс үшін сот тагайындаған жаза 
мерзімінің кемінде үштен екісін іс жүзінде өтегеннен немесе орындаганнан кейін шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатылуға жатады. 
2. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам пробациялык бакылау мерзімі ішінде 
абайсызда қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылык немесе қасақана онша ауыр емес қылмыс 
жасаған жағдайларда, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою немесе оны күшінде 


241 
қалдыру туралы мәселені жаңа қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде сот шешеді. Егер сот шартты 
түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жойса, жаза үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау 
қағидалары бойынша тагайындалады. 
3. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам пробациялық бақылау мерзімі ішінде 
касакана ауырлыгы орташа, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаган жагдайларда, сот шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатудың күшін жояды және жазаны үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау 
қағидалары бойынша тағайындайды. 
Кәмелетке толмағандарды жалпы тәртіппен кылмыстық жауаптылықтан жэне жаза- дан 
босатудың негіздерімен бірге олар жайында кылмыстық заңда мынадай арнаулы не- гіздер де бар: 
1) кәмелетке толмағандарга тәрбиелік әсері бар мэжбүрлеу шараларын қолдану арқылы 
қылмыстық жауаптылықтан босату (83-бап, 1 -бөлігі). 
2) 
тәрбиелік эсері бар мәжбүрлеу шараларын колдану арқылы жазадан босату (83-бап, 
2- 
бөлігі). 
Кэмелетке жасы толмағандарды арнаулы тэрбие немесе емдеу-тәрбиелеу меке- месіне 
орналастыру арқылы жазадан босату (85-бап, 6-бөлігі). Қылмыстық кодекстің 83-бабының бірінші 
бөлігіне сэйкес, онша ауыр емес қылмыс жасаган немесе бірінші рет ауырлығы орташа қылмыс 
жасаған кәмелекетке толмаган адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ак түзетуге 
болады деп белгіленсе, сот оны қылмыстык жауаптылықтан босатуы мүмкін. 
Бұл ретте оган Қылмыстық кодекстін 84-бабында көзделген тэрбиелік мэні бар мәжбүрлеу 
шаралары қолданылуы мүмкін. Онша ауыр емес немесе ауырлыгы орташа кылмыс жасаганы үшін 
бірінші рет сотталған кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзеуге Қылмыстық кодекстің 84-
бабында көзделген тэрбиелік әсері бар мэжбүрлеу шараларын колдану жолымен қол жеткізуге 
болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкін. Бүл баптың нормасын қолдану үшін: 1) 
кәмелетке толмаган адамның кылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы 
орташа кылмысты істеуі; 2) осы кылмыстарды істегені үшін кэмелетке толмагандардың сотталуы; 
3) олардың түзелуі үшін Қылмыстык кодекстің 84-бабында көзделген тәрбиелік эсері бар 
мэжбүрлеу шаралары жеткілікті деп танылса гана жол беріледі. Мүндай ретте 84-бапты колданған 
дүрыс болады. 
Қазаға үшыратумен байланысты емес ауыр қылмысты алгаш рет жасаган кәмелетке толмаган 
адамды сот, осы Кодекстің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жагдайларда, қылмыстық 
жауаптылықтан босатуы мүмкін (ҚК-тің 83-бабы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет