Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет143/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

ЕРЕКШЕ БӨЛІК 
1- т а р а у. ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҮҚЫҚ 
БҮЗУШЫЛЫҚТАР 
§1. Жалпы сипаттамасы 
Адамның жэне азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет аркылы қорға-лады. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тіке- лей арналған. 


248 
Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына - адам жэне адамның өмірі, құқықтары мен 
бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық 
салалары, оның ішінде Қылмыстык кұқықта адам- ды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, 
бостандыктары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапкан. Қазақстан 
Республикасының барлык зандары жеке адамды қорғауға, адам құқыктары мен бостандықтарын 
қорғауға эр уақытта артықшылықтар береді. Сондыктан да Қазакстан Республикасы Қылмыстық 
кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға карсы қылмыстарга арналган. Осы тарауға 
кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін 
қоғамдық қатынастар болып табылады. Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне карай жеке адамга 
қарсы қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: өмірге қарсы қылмыстық құқық бұзушылыкка; адам 
өлтіру (99-6.); жаңа туган сәбиді анасының өлтіруі (100-6.); жан күйзелісі жағдайында болған адам 
өлтіру (101-6.); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (102-6.); қылмыс 
жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (103-6.); 
абайсызда кісі өлтіру (104-6.); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (105-6.). 
Денсаулыққа қарсы қылмыстар: денсаулыққа қасакана ауыр зиян келтіру (106-6.); денсаулыкка 
қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (107-6.); денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (108-
бап), ұрып-соғу (109-бап), қинау (110-бап); денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру 
(111-6.); қажетті қорғаныс шегінен шыгу кезін- де денсаулыққа ауыр зиян келтіру (112-6.); қылмыс 
жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (113-6.); денсаулыққа абайсызда зиян 
келтіру (114-6.); қорқыту (115-6.); адамдардың ағзалары мен тінін алуға мэжбүр ету немесе заңсыз 
алу (116-6.); соз ауруларын жұқтыру (117-6.); адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ ЖИТС) 
жұқтыру (118-6.); қауіпті жағдайда қалдыру (119-6.). 
Жеке адамның бостандығына қарсы кылмыстар: адамды ұрлау (125-6.); бас бостандығынан 
заңсыз айыру (126-6.); психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (127-6.); адамды саудаға салу 
(128-6.). 
Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар: жала жабу (130-6.); қорлау 
(131-6.). 
Жыныстық кылмыстар: зорлау (120-6.); сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер (121-
6.); он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу жэне сексуалдық сипаттагы өзге де 
іс-әрекеттер (122-6.); жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстык қатынас жасауына, 
әиел мен әйелдің жыныстық қатынас жаса- уыпа немесе сексуалдық сипаттагы өзге де іс-әрекеттерге 
мэжбүр ету (123-6.); жас бала- ларды азгындату (124-6.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет