Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет173/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

117- 
6 а п. Соз ауруын жұқтыру 
1. 
Өзінде соз ауруы бар екендігін білген адамның осы ауруды басқа адамга жуқтыруы - 
бір жуз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не бір жүз жиырма сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга 
тартуга не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
2. 
Ауыр зардаптарга әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, сол сияқты екі және одан да көп адамга 
не көрінеу кәмелетке толмаган адамга жуқтыру - 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстың объектісі адам денсаулыгына, ал кейбір соз ауруларын жұқтырганда адам өмірі де 
болуы мүмкін. 
Қылмыс объективтік жагынан өзінде соз ауруы бар екендігін білген адамның ауыр зардаптарға 
әкеп соқтырған осындай ауруды басқа адамға жұқтыруы, сондай-ақ екі не- месе одан да көп адамға 
не көрінеу кәмелетке толмаған адамға жұктыруы арқылы жүзеге асырылады. 


278 
Өзінде соз ауруы бар адамның кез келген әрекеттер арқылы (жыныстык катынас жасау, сүйісу, 
бір ыдыстан тамак ішу, гигиеналық тазалықты сактамау) баска адамға жұқтыруын осы ауруды 
жұқтыру деп танылады. Соз ауруы жұқпалы аурулардың тобына жатады. Бұл ауру негізінен 
жыныстық катынастар арқылы жұғады. Соз ауруларына: сифилис (мерез), гонорея, жұмсак шанкр, 
лимфогранулематоз, соз гранулемасы т.б. жатады. 
Соз ауруы бар адаммен жәбірленушінің өзінің келісіп жыныстық катынас жа- сауы Қылмыстық 
кодекстің П7-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықты жоққа шығармайды, мұндай ретте де кінэлі 
осы бап бойынша жауапка тартылады. 
Егер кінэлі адам әйелді зорлау кезінде өзіндегі соз ауруын жәбірленушіге жұқтырса, онда оның 
әрекеті Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-тармағының «е» тармакшасы бойынша саралануға 
жатады. 
Соз ауруларын жұқтыру субъективтік жағынан қасақаналықпен де, абайсыздықпен де 
(менмендікпен) жасалады. Кінэлі адам өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен жәбірленушінің 
денсаулығына зиян келтіру қаупін туғызғанын сезеді, оның іс-әрекетінен өзі ауыратын соз ауруының 
баска адамға жұғатынын біледі жэне оған саналы түрде жол береді. Қылмыстық кодекстің П7-
бабында көрсетілген кылмыс абайсыздықтың немқұрайдылық түрі бойынша жасалмайды. 
Қылмыстық ниет әр түрлі нысанда көрініс табады: кек алу, қатыгездікпен өзгеге жұқтыру
ішімдіктің, нашақорлыктың әсерінен, тағы сол сияқтылар. Кінэлі адам өзінің со'з ауруымен 
ауыратынын білуі кажет. Ондай аурумен ауыратыны дәрігер арқылы ескер- тіледі, ауруға одан 
емделу туралы, мұндай күйде жыныстык жэне басқадай катынас жасаудың кауіптілігі туралы 
ескертіледі. 
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет