285
саудаға салынған адамды біреуге уақытша беру, пайдалану үшін үнемі көлікпен бірге алып жүру,
көпшіліктен жасы- рып ұстау, жәбірленушіні азғырып алдау, эртүрлі айла-шаргылар жасау арқылы
оны басқадай заңсыз әрекеттерге пайдалану т.б. арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрамы
формальдық, ол жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттердің біреуін жасаған сәттен аяқталған деп
танылады. Қылмыс субъективтік
жағынан тікелей қасаканалықпен, пайдакүнемдік мақсатпен
істеледі.
1) Алдын ала сөзбайласу бойынша адамдар тобымен;
2) бірнеше рет;
3) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданумен немесе оны колданамын деп коркыту арқылы;
4) қару немесе кару ретінде пайдаланатын заттарды колданып;
5) кінэліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі
эйелге қатысты,
6) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
7) транспланттау немесе өзгедей пайдалану үшін жэбірленушінің органдарын немесе тінін алу
максатында;
8) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен;
9) адам өзінің қызметтік жағдайын;
10) жәбірленушінің материалдык немесе өзге де тэуелділігін пайдаланып жасаған;
11) Кінәлі адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсіз күйде екені
көрінеу белгілі
адамға катысты;
12) Жәбірленушінің жеке басын куэландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя
отырып жасалған сол әрекеттері осы қылмыстың ауырлататын түріне (ҚК-тің 128-бабының 2-
тармагы) жатады.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының
шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған
әрекеттер, сол сиякты осындай эрекеттерді жа- сау мақсатында адамды Қазакстан Республикасының
шегінен тыс жерлерге әкету, Қазакстан Республикасына экелу немесе бір шет мемлекеттен
екіншісіне Қазакстан Республикасының аумағы арқылы тасу
әрекеттері де осы қылмыстың
ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 128-бабының 3-тармағы).
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші тармақтарында көзделген эрекеттер қылмыстық
топпен жасалса, абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп сокса,
көрсетілген қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (ҚК-тің 128-бабының 4-тармағы).
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген адам, лауазым- ды адамдардың қызмет өкілеттілігін
пайдаланып осы құрамдағы кылмыстан басқа іс- әрекеттер жасауы қылмыстардың жиынтығын
құрайды.