326
техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті корғаудың өзге де ережелерін, осы
ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе камтамасыз ету жоніндегі міндеттер жүктелген адамның
бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауыртпалықтагы зиян келтіруге әкеп соғу арқылы
көрініс табады.
Көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық әрекет күйінде,
ягни еңбекті қоргау, тех- ника
қауіпсіздігі, ондірістік санитария ережелерін бұзу аркылы немесе эрекетсіздік күйде,
яғни еңбекті
қорғаудың өзге де ережелерінің талаптарын орындамау жағдайында жасалуы мүмкін.
Қылмыстык кұқық бұзушылықтың бұл кұрамы материалдык кұрамдагы кылмыс болып
табылады. Сондықтан Қылмыстық құқық бұзушылықтың кодекстің 156-бабы
бойынша
жауаптылыққа тарту үшін еңбекті қорғау ережелерін анықтаумен бірге орын алган ережені бұзудың
себепті және кінэлі байланысынан болған зардапты анықтау оте кажет.
Еңбекті коргау ережелерін бұзудың тэсілдері әр түрлі, ол заңца (156-
баптың
1- тармағында) нақты көрсетілген.
Қылмыстың зардабы - денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіру. Абайсызда
денсаулыққа ауыр зиян келтіргендік үшін жауаптылық ҚК-тің осы баптың
2- бөлігінде көзделген. Олардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 106, 107-баптарында берілген.
Субъективтік жагынан қылмыс кінэнің абайсыздық нысаны (менмендік неме- се немқұрайдылық)
арқылы істеледі. Қылмыстың субъектісі арнаулы - еңбекті коргау ережелерін сақтауды ұйымдастыру
немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер өзіне жүктелген 16-га толған адам. Осы баптың 3-
тармагында (156-бап) осы қылмыстың ауыр- лататын түрі - еңбекті қорғау ережелерін бұзудан
абайсызда адам өліміне экеп соккан әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Осы баптың 1-
бөлігінде козделген, абайсызда екі немесе оданда көп адамның өліміне әкеп сокса, жауаптылық ҚК-
тің 150-бабы, 4-бөлігі бойынша белгілеу. Абайсызда адам өлімінің түсінігі
Қылмыстық кодекстің
104-бабында көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: