Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Мемлекеттік құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту



Pdf көрінісі
бет261/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

186- 
6 а п. Мемлекеттік құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту 
1. 
Адамның өзіне қызмет, жұмыс бабымен не Қазақстан Республикасының заңында 
көзделген өзге де негіздер бойынша сеніп тапсырылган мемлекеттік қупиялары бар 
мәліметтер жеткізгіштерді абайсызда жогалтуы, егер жогалту мемлекеттік қупияларды 
қурайтын мәліметтер жеткізгіштермен жумыс істеудің белгіленген қагидаларын бузу 
салдары болып табылса
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан уш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептік көрсеткішке 
дейінгі мөлшерде айыппул салуга жазаланады. 
2. 
Ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соққан дәл сол 
іс-әрекет
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі 
мөлшерде айыппул салуга не төрт жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол 
мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды, мемлекеттік құпиясы бар заттарды, сондай- ак кызметтік 
құпиясы бар құжаттарды немесе қызметтік құпияны кұрайтын заттарды жоғалтудың да қоғамға 
кауіптілігі орасан, осыған байланысты Қазакстан Республикасы Қылмыстык кодексінің 186-
бабында: 
1. Адамның өзіне қызмет, жұмыс бабымен не Қазақстан Республикасының заңында көзделген 
өзге де негіздер бойынша сеніп тапсырылган мемлекеттік құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді 
абайсызда жогалтуы, егер жоғалту мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер жеткізгіштермен 
жұмыс істеудің белгіленген кагидаларын бұзу салдары болып табылса - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқыгынан үш жылға 
дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлык есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде 
айыппұл салуға жазаланады. 
2. Ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соққан дэл сол іс-
әрекет - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу кұқығынан үш жылға 
дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл 
салуга не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас 
бостандығынан айыруға жазаланады (ҚК-тің 186-бабы). 
Қылмыстық құқык бұзушылыктың объектісі болыгі мемлекеттік құпияны жэне қызметтік 
құпияны сақтаудың заңда белгіленген тэртібіне қол сұғу болып табылады. 
Осы қылмыстық кұкық бұзушылықтың затына, біріншіден - мемлекеттік құпиясы бар құжаттар; 
екіншіден - мемлекеттік құпияны құрайтын заттар үшіншіден кызметтік құпиясы бар құжаттар 
немесе қызметтік құпияны құрайтын заттар жатады. Мемлекеттік құпиясы бар құжаттардың түсінігі 
Қылмыстық кодекстің 186-бабын талдаганда толық берілген. Мемлекеттік құпияны құрайтын 
заттарга - қару-жарактың, техниканың, құрал- жабдықтардың, шикізаттың жасырын үлгілері т.б. 
жатады. 
Объективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық құрамы мына белгілер- мен сипатталады: 


361
 
а) мемлекеттік кұпиясы бар құжаттармен, сол сияқты олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны 
құрайтын заттармен, сондай-ақ кызметтік құпиясы бар құжаттармен, осындай құпияны құрайтын 
заттармен жұмыс істеудің белгіленген ереже- лерін бұзуы және, б) егер олардың абайсызда 
жоғалуына жэне ауыр зардаптарға әкеп соқтырса. 
Мемлекеттік құпиясы бар құжаттармен, мемлекеттік құпияны құрайтын заттар- мен жұмыс 
істеудің тэртібі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Қазакстан 
Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы» арнаулы заңында жэне басқа да нормативтік-
құкықтық актілерде көрсетілген. 
Ал кызметтік кұпиялар мен кызметтік құпияны кұрайтын заттардың түсінігі арнаулы 
нормативтік-кұқықтық актілермен белгіленеді. 
Мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды немесе сондай құпияны құрайтын заттарды, сол сияқты 
қызметтік құпиясы бар құжаттармен қызметтік құпияны құрайтын заттар- ды жоғалту деп 
мемлекеттік құпиямен жұмыс істеуге рұқсаты бар адамның иелігінен осы көрсетілген заттардың 
кінэлі түрде шығып қалуын айтамыз. Көрсетілген құжаттар мен заттарды жою бұл қылмыстың 
құрамын түзбейді, өйткені мұндай ретте мемлекеттік құпиямен бөтеннің танысуы орын алмайды. 
Мұндағы ірі залал немесе ауыр зардаптың түсінігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық 
кодексінің 185-бабында көрсетілген осындай түсінікпен бірдей. Сонда көрсетілген қылмыстық 
зардаптың түсінігі осы бапқа да катысты. 
Қылмыстық құкык бұзушылық субъективтік жағынан тек абайсыздық аркылы (қылмыстық 
кұқык бұзушылықты менмендік немесе немқұрайдылық) сипатталады. Егер бұл әрекет субъективтік 
жағынан қасақана түрде істелсе, онда кінэлінің эрекеті іс- әрекеттің нақты жағдайларына 
байланысты Қылмыстық кодекстің 185-бабымен немесе 175-бабымен сараланады. 
Қылмыстың субъектісі - мемлекеттік кұпиямен жұмыс істеуге рұксаты бар 16-ға толған адамдар 
болып танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет