361
а) мемлекеттік кұпиясы бар құжаттармен, сол сияқты олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны
құрайтын заттармен, сондай-ақ кызметтік құпиясы бар құжаттармен, осындай құпияны құрайтын
заттармен жұмыс істеудің белгіленген ереже- лерін бұзуы және, б)
егер олардың абайсызда
жоғалуына жэне ауыр зардаптарға әкеп соқтырса.
Мемлекеттік құпиясы бар құжаттармен, мемлекеттік құпияны құрайтын заттар- мен жұмыс
істеудің тэртібі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Қазакстан
Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы» арнаулы заңында жэне басқа да нормативтік-
құкықтық актілерде көрсетілген.
Ал кызметтік кұпиялар мен кызметтік құпияны кұрайтын заттардың түсінігі арнаулы
нормативтік-кұқықтық актілермен белгіленеді.
Мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды немесе сондай құпияны құрайтын заттарды, сол сияқты
қызметтік құпиясы бар құжаттармен қызметтік құпияны құрайтын
заттар- ды жоғалту деп
мемлекеттік құпиямен жұмыс істеуге рұқсаты бар адамның иелігінен осы көрсетілген заттардың
кінэлі түрде шығып қалуын айтамыз. Көрсетілген құжаттар мен заттарды жою бұл қылмыстың
құрамын түзбейді, өйткені мұндай ретте мемлекеттік құпиямен бөтеннің танысуы орын алмайды.
Мұндағы ірі залал немесе ауыр зардаптың түсінігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің 185-бабында көрсетілген осындай түсінікпен бірдей. Сонда көрсетілген қылмыстық
зардаптың түсінігі осы бапқа да катысты.
Қылмыстық құкык бұзушылық субъективтік жағынан тек абайсыздық аркылы (қылмыстық
кұқык бұзушылықты менмендік немесе немқұрайдылық) сипатталады. Егер бұл әрекет субъективтік
жағынан қасақана түрде істелсе, онда кінэлінің эрекеті іс- әрекеттің
нақты жағдайларына
байланысты Қылмыстық кодекстің 185-бабымен немесе 175-бабымен сараланады.
Қылмыстың субъектісі - мемлекеттік кұпиямен жұмыс істеуге рұксаты бар 16-ға толған адамдар
болып танылады.
Достарыңызбен бөлісу: