Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет279/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

ланады. 
4. 
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер 
оларды: 
1) 
қылмыстық топ жасаса; 
2) 
ірі залал келтірсе - 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір 
қызметпен айналысу қуқыгынан үш жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес 
жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Алдау немесе сенімге киянат жасау жолымен меншік иесіне немесе өзге мүлік иеле- нушіге 
талан-тараж белгілерінсіз мүліктік залал келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық 195-бапта арнайы 
көрсетілген. 
Осы қылмыстың тікелей объектісі меншік катынастары болып табылады. 
Қылмыстық құкық бұзушылықтың заты ақша, қозғалатын немесе қозғалмайтын эр түрлі мүлік 
болады. 
Объективтік жағынан бұл қылмыстық құкык бұзушылык белсенді әрекет күйінде - алдау және 
сенімге қиянат жасау аркылы жасалады. Қылмыстык құқық бұзушылық істе- лу тәсіліне қарай 
алаяқтық құрамына көп ұксас, бірақ алаяқтықта кінәлі адам бөтеннің меншігін заңсыз, тегін өзінің не 
басқаның иелігіне аударса, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіруде 
кінэлі адам бөтеннің мүлкін меншік иесінен немесе өзге де иеленушінің иелігінен айырмайды. Кінэлі 
- меншік иесіне төленуге, етелуге тиісті нәрселерді істемеу арқылы, өзі пайда тауып меншік иесіне 
залал келтіреді. Мысалы: заң немесе нормативтік актілерге сэйкес мемлекет пайдасына түсетін әр 
түрлі толемдерді төлемеу (газды, жылуды, электр энергиясын, тұргын үйді пайдаланганы не- месе 
түрмыстық қызмет көрсетулер үшін, жолаушыларды билетсіз мемлекеттік көлікте тасымалдау 
арқылы заңды үйымдардың немесе басқа меншік иелерінің көлік қүралдарын тегін, акысыз 
пайдалану). 
Осы бапта көрсетілген кылмыстық қүқык бұзушылық кұрамы меншік иесіне немесе өзге мүлік 
иеленушісіне мүліктік залал келтірілген уакыттан бастап аяқталған деп сана- лады. 
Меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушісіне онша елеулі емес зиян келтірген жағдай, іс-
әрекеттер қылмыстык теріс қылык деп саналып, ұсақ-түйек жымқыру болып табылады (ҚК-тің 187-
бабы). Бұл қылмыстық кұкық бұзушылықтың субъектісі болып есі дұрыс, жасы 16-ға толған жай 
адамдар танылады. Осындай іс-әрекеттерді мемлекет- тік органдардың немесе коммерңиялық жэне 
баскадай ұйымдардың лауазым адамда- ры істеген жагдайда олардың кылмысы Қылмыстык 
кодекстің 250 және 361-баптары бойынша сараланады. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден 
немесе салық төлеуден жалтарғаны үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 236, 245, 246-


387
 
баптарында арнайы көрсетілген. 
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкпен және 
пайдакүнемдік максатпен істеледі. Кінэлі адам алдау арқылы меншік иесіне немесе өзге де мүлік 
иеленушісіне мүліктік залал келтіретінін алдын ала біледі жэне дэл осындай жолмен өзіне 
материалдық пайда келтіруді тілейді. Алдау немесе сенімге киянат жасау жолымен мүліктік залал 
келтірудің ауырлататын жэне аса ауырлататын құрамының бел- гілері ұрлықтың (188-бап) осындай 
белгілеріне сәйкес келеді, сондықтан да оны арнайы қайта қарастырудың жөні жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет