Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


қызметпен айналысу қуқыгынан үш жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес



Pdf көрінісі
бет281/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

қызметпен айналысу қуқыгынан үш жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес 
жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстық кодекстің 196-бабында көрінеу кылмыстык жолмен табылган мүлікті алдын ала 
уәделеспей алганы немесе өткізгені үшін кылмыстык күкык бұзушылыктың жауаптылык көзделген. 
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың тікелей объектісі меншік катынастарына (кылмыстык 
жолмен табылған мүлікті алу немесе өткізуге) байланысты когамдык катынастар болып табылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - қылмыстык жолмен табылған мүлік. 
Қылмыстық кұқык бұзушылық объективтік жағынан қылмыстык жолмен табылған мүлікті алу 
немесе өткізу әрекеттерінің біреуін істеу аркылы жүзеге асырылады. 
Қылмыстық кұкық бұзушылық жолмен табылған мүлікті алу деп - кінәлінің осы мүлікті біле 
тұра күні бұрын уәделеспей заңсыз, қылмыстық тәсілмен иеленген адамнан эр түрлі келісімдер 
арқылы - ақылы немесе ақысыз, тегін, сыйга, айырбасқа, қарызының өтемі үшін немесе басқа да кез 
келген нысанда алуын айтамыз. Егер адам мүлікті алу барысында оның қандай жолмен табылғанын 
білмесе немесе білуге мүмкіндігі болмаса. онда оны Қылмыстық кодекстің 196-бабы бойынша 
жауапка тартуға негіз жоқ. 
Қылмыстык кұкық бұзушылықтың жолмен табылған мүлікті өткізу деп - кез келген тәсілмен - 
акылы немесе тегін (сату, айырбастау, сыйға беру) осы мүлікті немесе оған құқықты басқаға (жеке 
тұлғаға немесе заңды ұйымға) беруді айтамыз. 
Егер кінәлі адам көрінеу кылмыстык кұкық бұзушылыктың жолмен дайындалған (табылған) 
мүлікті алса немесе өткізсе (қаруды заңсыз жасау, есірткі немесе жүйкеге эсер ететін заттарды 
заңсыз дайындау), онда кінәлінің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 196-бабы бойынша емес, тиісінше 
Қылмыстык кодекстің 289, 296-баптары бойынша тікелей сараланады. 
Қылмыстык құкық бұзушылык құрамы құрылысы жөнінен формальдық құрамға жа- тады, 


388
 
сондықтан да оның аяқталу сәті қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немесе өткізу 
әрекеттерінің бірін жүзеге асырған уақыттан бастап-ак есепке алынады. 
Қылмыстык кұқык бұзушылық субъективтік жағынан тікелей касақаналыкпен істеледі. Кінэлі 
адам мүліктің көрінеу қылмыстык жолмен табылғанын біледі, соған карамастан осы мүлікті алуды 
немесе өткізуді тілейді. Жалпы алғанда бұл кылмыстық құкық бұзушылық кұрамы пайдакүнемдік 
ниетпен жүзеге асырылады. 
Қылмыстық кұкык бұзушылықтың субъектісі болып 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам 
танылады. Егер кінэлі адам көрінеу қылмысты жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделесіп алса 
немесе өткізсе, онда оның эрекеті Қылмыстық кодекстің 196-бабы бойын- ша сараланады. Егер 
кінэлі адам көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделесіп алса немесе өткізсе, 
онда кінэлі адамның әрекеті істелген кылмыстық құқық бұзушылықтың қатысушысы ретінде 
сараланады. Егер кінэлі адам көрінеу қылмыстық құқық бұзушылық жолмен табылған мүлікті алдын 
ала уәделеспесе де бір адамнан үнемі (әлденеше рет) алса немесе өткізсе, сөйтіп кылмыстың 
орындаушысына көмек көрсетсе, оның эрекеті қылмыстық кұқық бұзушылыкка қатысушылык 
ретінде саралануы мүмкін. 
ҚК-тің 196-бабының 2-бөлігінде бірнеше рет жасалған жоғарыда көрсетілген іс- эрекеттерді 
істеу үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстық кұкық бұзушылықты бірне- ше мэрте істеу түсінігі 
ҚК-тің 12-бабында көрсетілген. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген: 
1) автомобильге, мұнай мен мұнай өнімдеріне немесе ірі мөлшердегі өзге мүлікке қатысты; 
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
3) тарих, мәдениет ескерткіштеріне, сондай-ак ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік не- месе 
мэдени құндылығы бар заттарға, кұжаттарга қатысты жасалған іс-әрекеттер үшін қылмыстык 
жауаптылық көрсетілген (196-баптың, 3-бөлігі). 
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, кылмыстық топ немесе адам 
өзінің кызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер - (196-баптың 
4- 
бөлігі). Қылмыстың аса ауыр жататын түрі ретінде көрсетілген - ірі залалдың түсінігі ҚК-тің 
3-бабының 38-тармағында, адамдар тобының алдын-ала сөз байласуының үғымы ҚК-тің 31-бабы, 2-
тармағында берілген, кылмыстык топтың ұғымы ҚК-тің 3-бабы 24-тармағында, қызмет бабын 
пайдалана отырып қылмыс жасайтын лауазымды адамдар түсінігі ҚК-тің 3-бабының 26-тармағында 
көрсетілген. 
Тарих, мәдениет ескерткіштері, ерекше тарихи, ғылыми, мәдени кұндылықтар бар заттардың 
құжаттардың түсінігі арнаулы кұқықтык нормалармен реттелген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет