Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


§2. Экономикалық кызмет саласмндағм кылмыстардың накты түрлері



Pdf көрінісі
бет310/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

§2. Экономикалық кызмет саласмндағм кылмыстардың накты түрлері 
214- 
6 а п. Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік қызмет 
1. 
Кәсіпкерлік немесе банктік қызметті (банк операцияларын) тіркелусіз, сол сияқты 
осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз не руқсаттар және хабарламалар туралы 
заңнаманы бузып жузеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған 
түрлерімен айналысу, егер бул іс-эрекеттер азаматқа, уйымга немесе мемлекетке ірі за- лал 
келтірсе не ірі мөлшерде табыс алумен немесе айтарлықтай мөлшерде акцизделетін 
тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен уштасса - 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде 
айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Мынадай: 


408
 
1) 
қылмыстық топ жасаган; 
2) 
аса ірі мөлшерде табыс алумен уштасқан; 
3) 
бірнеше рет жасалган дәл сол іс-әрекеттер - 
мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не 
сол мөлшерде түзеу жумыстарына не бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге 
не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Кәсіпкерлік немесе банктік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат (лицензия) алу міндетті 
болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге 
асыру, сондай-ак кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұгылдану, егер осы әрекеттер 
азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе, не ірі молшерде табыс табумен немесе 
айтарлыктай мөлшерде акцизделетін тауарлар- ды өндірумен, сактаумен не тасымалдаумен не 
өткізумен байланысты болса - іс-әрекет заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік қызмет деп танылады 
(ҚК-тің 214-бабы). 
Азаматтардың кәсіпкерлік қызметін тіркеудің тэртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық 
кодексінің тиісті бабында көрсетілген. Осыған орай азаматтар арнайы көзделген жағдайларды 
қоспағанда, заңды тұлға кұрмай-ак мемлекеттік тіркеуге тұрған уакыттан бастап кәсіпкерлік 
қызметпен айналысуға құқылы. Сондай-ақ шаруа (фер- мер) кожалығы; мердігерлік шарт және өзге 
де азаматтық-кұқыктық шарттар негізінде бір жолғы жұмыс атқаратындар; көтерме жэне бөлшек 
сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ак өндірілген, өңделген, сатып алынган 
өнімдерді оған қоса импорттык өнеркәсіптік және азык-түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген 
жерлер- де немесе комиссиялық дүкендер аркылы сатумен айналысатын азаматтар; жұмыс істеп, 
қызмет көрсетуден түскен түсімі жылына ең төменгі жиырма жалакы жиынтығынан ас- пайтын 
азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, бұлар заңды тұлгалар құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті 
жүзеге асырады (АК-тің 19-бабының 4-тармағы). 
Азаматтық кодекстің 42-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің тэртібі 
көзделген. Осы жэне жеке кэсіпкерлік туралы 1997 жылғы 5 маусымдағы Заңға, «Лицензиялау 
туралы» Заңға сәйкес кэсіпкерлік қызметті атқару арнаулы рұқсат ли- цензия болған жагдайда ғана 
жүзеге асырылады. Осыған орай осы қылмыстық құқык бұзушылыктың объектісі кәсіпкерлік 
қызметті жүзеге асырудың мемлекет белгілеген бірқалыпты дұрыс қызметін қамтамасыз ететін 
қоғамдық қатынастар болып табылады. 
Қылмыстық құқык бұзушылык объективтік жағынан мынадай балама әрекеттерден құралады: 1. 
Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда 
арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру. Кәсіпкерлік 
қызметті тіркеуден өткізбей жүзеге асыру занда белгіленген тір- кеу тәртібін бұзып, бұл әрекетті 
жүзеге асыру болып табылады. Рұқсат (лицензия) алмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға - занда 
белгіленген қайсыбір кәсіпкерлік қызметті аткаруға арнаулы рұқсат (лицензия) алу шарттарын бұзу 
жатады. Лицензия шарттарын бұзып кэсіпкерлік кызметті жүзеге асыруға: лицензияда көрсетілмеген 
кызметті жүргізу; немесе оның жүзеге асырылуы тәртібін бұзу, лицензияны бөтен адамға беру; 
қолданылу, мерзімі өтіп кеткен лицензияны пайдалану және т.б. 
2. Кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шүгылдану. Заңда кейбір қызметтіц түрлерімсн 
кәсіпкерлікпен шұғылдануга тыйым салынган. Осыған карамастан кәсіпкер заң нормасын бүзып, 
тыйым салынған кәсіппен шүғылданады. 
3. Жоғарыда көрсетілген әрекеттер азаматка, үйымға немесе мемлекетке ірі залал кел- тірсе, не 
ірі мөлшерде табыс табумен немесе айтарлықтай мөлшерде акцизделетін тауар- ларды өндірумен, 
сақтаумен, тасымалдаумен немесе өткізумен байланысты болса. 
Заңсыз кәсіпкерлік қылмыс қүрамы жөнінен материалдық кұрамға жатады. Осыған орай кылмыс 
заңда көрсетілген ірі зиян келтірілумен немесе ірі мөлшердегі табыс та- бумен байланысты 
аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан кылмыс кінэлінің касақаналық нысаны арқылы 


409
 
жасалады. Қасақаналық тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі жалпы немесе 
арнаулы болуы мүмкін. 
Акша-несие жүйесіндегі қылмыс экономика саласындағы кылмыстардың ең қауіпті түрі болып 
отыр. Бұл қылмыс заңсыз кәсіпкерліктің ерекше бір көрінісі болып табылады. 
Қылмыстық заңда: «Банктік қызметті (банктік операцияларды) тіркеуден өткізбей немесе рүқсат 
(лицензия) алу міндетті болған жагдайларда арнаулы рұксатсыз (лицен- зиясыз) немесе лицензиялау 
шарттарын бүзып жүзеге асыру, егер осы эрекет азаматқа, үйымға немесе мемлекетке ірі залал 
келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен үштасқан іс-әрекеттер заңсыз банктік қызмет деп 
белгіленген (ҚК-тің 214-бабы). 
Қылмыстың объектісі акша-несие жүйесіндегі заңмен белгіленген қоғамдық қатынастарға қол 
сүғу болып табылады. 
Объективтік жағынан қылмыстык кұкық бүзушылықтың құрамы мынадай бірнеше, жеке дара 
әрекеттермен сипатталады: банктік қызметті (банктік операцияларды) тір- кеуден өткізбеу; міндетті 
рүқсат (лицензия) алуды сақтамау; банктік кызметті лицензия шартгарын бүзып жүзеге асыру; 
көрсетілген әрекеітер үйымға, мемлекетке ірі зиян кел- тіру немесе ірі мөлшерде табыс алумен 
байланысты болуы болып табылады. 
Банктік қызметті (банктік операцияларды) лицензиясыз жүргізу, тіркеуден өткізбеу заңсыз 
эрекет деп танылады. Міндетті лицензия алуды сақтамау деп арнаулы занда көрсетілген осы 
талаитарды сактамау саналады. Лицензия шарттарын бұзуға осында рүксат етілген банктік кызметті 
(операцияларды) істемей басқа кызметпен шүғылдану әрекеттері танылады. Көрсетілген іс-әрекеттер 
заңда көрсетілген ірі зиян келтірумен не- месе ірі мөлшерде табыс алумен ұштасуы қажет. Егер 
заңда көрсетілген қылмыстық зар- дап орын алмаса, онда кінәлі адам экімшілік жауапкатартылуы 
мүмкін. Ірі зиян немесе ірі мөлшердегі табыстың түсінігі Қылмыстык кұкық бұзушылыктың 
кодекстің 3-бабының тиісті тармақтарында көрсетілген. Қылмыстық құкык бұзушылыктын 
субъектісі болып заңсыз банктік кызметпен айналыскан Қазақстан Республикасының азаматы
шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдар танылады. 
Субъективтік жагынан қылмыстық қүқық бұзушылық кінәлінің қасақана нысаны аркылы жүзеге 
асырылады. Бұл жерде касаканалыктың тікелей немесе жанама түрі де орын алады. 
Қылмыстық топ жасаған; аса ірі мөлшерде табыс табумен үштасқан; бірнеше рет жасалған 
әрекеттер заңсыз кәсіпкерлік қызмет жүргізу қүрамының ауырлататын түріне жатады (219-бап 2-
тармагы). Қылмыстык топтың түсінігі ҚК-тің 31-бабында, бірнеше рет жасалган эрекеттер осы ҚК-
тің 12-бабында; ірі залал - сомасы жиырма мың айлык есептік корсеткіштен асатын табыс (ҚК-тің 3-
бабы, 3-тармакшасы); 
Айтарлықтай мөлшер қүны бір мың айлык көрсеткіштен асатын тауарлар саны (ҚК-тін 3-бабы, 
2-тармағы) арнайы көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет