428
бұзушылық құрамы бланкетті диспозицияға негізделген. Сондықтан да
қылмыс құрамын дұрыс
анықтау үшін осы құрамға байланысты арнаулы заңдарды, нормативтік актілерді дұрыс басшылыққа
алған жөн.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзуға: ұсынбалы
ордерлік жэне атаулы
бағалы қағаздарды заң құжаттарына сәйкес шығармау, бағалы қағазға қойылатын талаптардың
орындалмауы, бағалы қағаздардың
міндетті реквизиттерін, бағалы кағаз нысанына қойылатын
талаптардың т.б. бұзылуы жатады. Іс-әрекеттен ірі зиян келтірілсе,
қылмыстық құқык бұзушылық
құрамы орын алады.
Қылмыстық кұқык бұзушылык құрамы тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Қылмыстық кұқық бұзушылык құрамының ауырлататын түрлеріне бірнеше рет, адамдар
тобының алдын ала сөз байласуы бойынша (228-баптың 2-бөлігі)
немесе қылмыстық топ болып
жасаған әрекеттер (228-баптың 3-бөлігі) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: