482
жумыстарына не үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- зімге бас
бостандыгынан айыруга жазаланады.
Ескерту.
Заңсыз әскерилендірілген қуралымга қатысуын өз еркімен тоқтатқан және қаруы мен әскери
жарағын тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс қурамы болмаса, қылмыстық
жауаптылықтан босатылады.
Қылмыстық кодекстің 267-бабында: «Заңсыз әскерилендірілген құрама (бірлес- тік, отряд,
жасақ немесе өзге де топ) кұру, сондай-ак ондай кұраманы баскарганы» үшін қылмыстык кұкык
бұзушылықтың жауаптылык белгіленген. Қылмыстык құкық бұзушылықтың
объектісі - заңмен
белгіленген әскерилендірілген құраманы ұйымдастыруды реттейтін когамдык қатынастар.
Қылмыстық кұқық бұзушылыктың объективтік жагынан мынадай белгілермен си- патталады: а)
эскерилендірілген құрама кұру жэне басқару; б) кұраманың қарулануы;
в) мұндай құраманы құрудың заңға негізделмеуі.
Әскерилендірілген құрама деп атылатын немесе суык қарумен қаруланган тұрақты, берік
ұйымдасқан адамдардың тобын айтамыз.
Құраманы
кұру деп оған адамдар тарту, оларды каруды колдануға үйрету, кару-жарак жасау,
оның немесе олардың қорын жасау әрекеттерін айтамыз. Заңсыз әскерилендірілген құрамға - оның
Қазақстан Республикасының заңына қайшы, оған негізделмей құрылған құрамалар жатады.
Әскерилендірілген кұраманы баскаруға оған катысушылардың кызметін бөліп беру,
әскери
құрамалардың топтарының, олардың жекелеген мүшелерінің іс-эрекетіне, бұйрықтардың
орындалуына
бақылау жасау, қарулы қақтығыстарды жоспар- лау әрекеттерін жүзеге асырулар
жатады.
Қылмыстык кұқык бұзушылық құрамы жағынан формальдык. Қылмыстық кұқык бұзушылық
заңсыз әскерилендірілген құраманы - бірлестік, отряд, жасақ немесе
өзге топты кұру әрекетін
істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жагынан тікелей касақаналыкпен жасалады. Қылмыстык кұқык бұзушылықтың
субъектісі - 16-га толған, кез келген есі дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 267-бабының 2-тармағында заңсыз эскерилендірілген құрамаға -
бірлестікке, отрядқа, жасакка немесе өзге де топка катысқаны үшін жауагітылық бел- гіленген. Бұл
жерде қатысу деп эскери құраманы құрмаған немесе ондай құраманы басқармаған адамның
құраманың катардағы жауынгер немесе оның белгілі бір бөлігінің
командирі ретінде көрінуін
айтамыз.
Осы баптың ескертуіне сәйкес: заңсыз әскери кұрамаға қатысуын ерікті түрде тоқтатқан жэне
қаруы мен әскери жабдығын тапсырған адам, егер оның іс-эрекеттерінде өзге кылмыс кұрамы
болмаса, қылмыстык жауапкершіліктен босатылады.
Достарыңызбен бөлісу: