Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дайындалып жатқан



Pdf көрінісі
бет392/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

273- 
6 а п. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дайындалып жатқан 
терро- ризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау - алты жылға дейінгі мерзімге 
бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру көп жағдайларда адамдар арасын- да 
абыржу, тәртіпсіздік туғызады, мемлекеттік басқа да мекемелердің, кэсіпорындардың, көліктің 
бірқалыпты жұмыс істеу ырқын бүзады. Мұндай хабарлауға сенген мемлекеттік органдар
жекелеген адамдар әбігерге түсіп, дайындалып жатқан террорлық актіні той- тару үшін 
ұйымдастырушылық техникалық шаралар өткізуге мэжбүр болады. Осыған байланысты бұл 
қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. 
Объективтік жағынан кылмыстық құқық бұзушылық адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік 
зиян келтіру не қоғамға өзге де қауіпті зардаптардың болуы қаупін тудыратын жарылыс, өрт қою 
немесе өзге іс-әрекеттердің дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған хабарлау әрекеттері 
арқылы жүзеге асырылады (ҚК-тің 273-бабы). 
Бұл жерде хабарлау деп жоғарыда көрсетілген жалған мәліметтерді тиісті органдарға, лауазым 


488
 
адамдарына жеткізу туралы сөз болып отыр. Бұларға құқық органы немесе басқа мемлекеттік 
органдар, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдары жатады. Хабарламада тұрғын-жай
қоймаларға, көлікке немесе басқадай объектілерді жаратын немесе жандыратын қондырғылар 
қойылғаны туралы айтылады. 
Мұндай хабарлама қайсыбір реттерде жекелеген адамдарға да жеткізілуі мүмкін. Мы- салы, өзі 
тұрған мекен-жайға немесе мінетін көлігіне жарылғыш заттар қойылғаны тура- лы хабар алған 
адамдар. 
Хабарлама жасаудың тәсілі сан қилы (ауызша, жазбаша, телефон арқылы) жэне т. б. болады. 
Қылмыстық кұқық бұзушылық үшін жауаптылықтың басты шарты - жеткізілген 
хабарламалардың шындыққа сай емес, көрінеу ойдан шығарылғандығы, жалғандығы бо- лып 
табылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальдық, сондықтан ол заңда көрсетілген 
органдардың немесе адамдардың көрінеу жалған хабарлама алған уақытынан бастап аяқталған деп 
саналады. 
Субьективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен істе- леді. Адам 
терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаудың қоғамға қауіптілігін, заңға қайшылығын 
сезеді, бірак соны тілеп әрекет жасайды. Қылмыстык ниет сан түрлі болуы мүмкін. Коп 
жағдайларда мұндай әрекет бұзақылық ниетпен істеледі, ал кейбір реттерде кек алу, жұмысты 
немесе оқуды болгызбау ниетімен жүзеге асырылады. 
Қылмыстық кұкык бұзушылык субъектісі - жалпы, жасы 14-ке толган кез келген аза- мат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет