Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жаза-



Pdf көрінісі
бет481/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жаза- 
ланады. 
2. 
Қоршаган ортага аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай 
сырқаттануына әкеп соққан, сол сияқты тетенше экологиялық ахуал аумагында жасалган 
дәл сол іс-әрекеттер - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылга дейінгі мер- зімге 
бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстык құкык бұзушылықтың тікелей объектісі - жерді корғауға байланысты қоғамдык 
қатынастар. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, жеке 
пайдаланушылардың жерлері, жер учаскелері. 
Қылмыстық құкык бұзушылық объективті жағынан: жерді өнеркәсіптік, тұрмыстық немесе өзге 
де шығарындылармен немесе қалдықтармен қоқыстау, сол сияқты улы хи- микаттарды
тыңайткыштарды, өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштарды немесе өзге де қауіпті химиялық, 
радиоактивті немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, та- сымалдау немесе көму кезінде 
олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан жерді улау, ластау немесе шаруашылық немесе 
өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен өзгеше бүлдіру, егер бұл іс-әрекеттер қоршаған ортага ірі 
залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян 
келтіруге әкеп сокқан іс- әрекеттер арқылы сипатталады. 
Сонымен бұл қылмыстың объективтік жағы негізінен мынадай 3 түрлі белгіден құралады: а) 
Қылмыстық кодекстің 332-бабының диспозициясында көрсетілген ереже- лерді бұзу; б) адамның 
денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтірілу; в) іс-әрекет пен келтірілген кылмыстың 
зардабының арасындағы себепті байланыс. 
Жерді уландыру: ластаудың немесе басқадай бүлдірудің көздері болып: тыңайтқыштар, (азот, 
фосфат, калий микротыңайтқыштары), өсімдіктердің өсуін ынталандыргыштар (ауксиндер: 
гиббореминдер, цитокининдер жэне т.б.), улы химикаттар (пестицидтер, гербицидтер, 
инсектицидтер, акарицидтер, зооцитер, фунгуцидтер, бактерицидтер), тазартылмаған өндірістік-
тұрмыстық қалдыктар жатады. 
Көрсетілген заттарды қолданудың, сақтаудың, пайдаланудың, тасымалдаудың жэне көмудің 
тэртібін белгілейтін көптеген құқықтық-нормативтік актілер бар. Оларға жер қатынастары туралы 
зандар, табиғат қорғау зандары, қауіпті химиялық, биологиялық, радиоактивті заттарды тіркеу 
туралы арнаулы ережелер т.б. жатады. 
Көрсетілген заң немесе басқадай нормативтік-құқықтық актілердің талабын бұзу адамның 
денсаулығына немесе қоршаган ортаға ірі залал келтіреді. 
Адамның денсаулығына жеңіл, орта, ауыр дәрежелі жарақат келтірілуі мүмкін. 


565
 
Қоршаған ортаға зиян жануарлар дүниесінің немесе ауыл шаруашылык емес өсімдіктердің
орман ағаштарының опат болуы, су объектілерінің ластануы жэне су биоресурстарының құруы, 
атмосфералық ауаның ластануы арқылы келтіріледі. 
Заңның диспозициясында көрсетілген ережелерді бұзу мен орын алған зардаптың арасында 
себепті байланыстың болуы шарт. 
Қылмыстық құқық бұзушылык материалдық құрамға жатады және ол заңда көрсетілген 
зардаптардың бірінің орын алған сәтінен бастап аяқталған деп табылады. 
Қылмыстык құқық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналыкпен немесе абайсыздықпен 
істеледі. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі 16-ға толған жай немесе лауазымды адам. 
Қылмыстық кодекстің 332-бабының 2-тармағында коршаған ортаға аса ірі залал кел- тіруге не 
адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялык 
ахуал аумағында жасалған дэл сол іс-әрекеттер - үшін жауаптылық белгіленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет