566
Көрсетілген ережелерді бұзу едәуір зиян келтіруге әкеліп сокса,
іс-әрекет қылмыс бо- лып
табылады.
Ірі залалға - пайдалы кен орындары кәсіпорындарын істен шығару; кен өндіру жұмысына
кедергілер келтіріп жұмысты токтату; объектілерді, экологиялык жағдайын нашарлату; лицензияда
көрсетілмеген кен игеру ісімен айналысу жэне т.б. әрекеттер жа- тады.
Қылмыс кұрамы материалдық. Заңда көрсетілген зардап орын алған уакыттан бастап ол
аяқталган деп танылады. Баптың диспозициясында көрсетілген ережелерді
бұзумен келтірілген
едэуір зиянның арасында себепті байланыс болуы шарт.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен де, абайсыздыкпен де істеледі.
Қылмыстың субъектісі - 16-га толған жай немесе лауазымды адам.
Қылмыстық кодекстің 333-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі: қоршаған
ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сыркаттануына әкеп соққан
дэл сол іс-әрекет - үшін жауаптылық көрсетілген. Жер қойнауын пайдаланудың барлық
сатыларындағы экологиялық талаптарды бұзуға ай- наланы уландыру, ластау жұмыстарын жүргізу,
жер койнауына кауіпті жарылыс жасау, кен өндірудің қауіпсіздігін сақтамау әрекеттері жатады.
Осы талаптарды сақтамау заңда көрсетілген зардапқа әкеліп соғуы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: