Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу



Pdf көрінісі
бет494/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

342- 
6 а п. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу 
1. 
Ерекше қоргалатын табиғи аумақтар режимін айтарлықтай залал келтіруге әкеп 
соққан бузу
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқығынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке 
дейінгі мелшерде айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не бір жүз сексен 
сагатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жумыстарга тартуга не алпыс тәулікке дейінгі мерзім- ге 
қамаққа алуга жазаланады. 
2. 
Ерекше қоргалатын табиги аумақтардагы мемлекеттік табиги-қорық қорының объ- 
ектілерін айтарлықтай залал келтіруге әкеп соққан қасақана зақымдау немесе жою
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке 
дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мелшерде түзеу жумыстарына не үш жылга дейін- гі 
мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жаза- 
ланады. 
Қылмыстық құқық бұзушылыктың тікелей объектісі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 
режимінін корғалуы мен сақталуын реттейтін қоғамдық қатынастар. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - мемлекет корғауына алынған ерекше қорғалатын 
табиғи аумақтар (қорыктар, ұлттық, тарихи-табиғи жэне мемориалдык парктер, заказниктер, табиғат 
ескерткіштері, қорық аймақтары, ботаникалық жэне зоологиялық бақтар, дендарийлер, курортты 
жэне демалыс, туризмге арналған аймақтар). 
Ерекше қорғалатын табиги аумақтардың тізімі және оларды пайдалану тэртібі «Қазақстан 
Республикасының ерекше корғалатын табиғи аймактары» туралы арнаулы заңында көрсетілген. 
Қылмыстың (342-баптын І-тармағы) объективтік жағы: а) ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтардың режимін бұзу; б) осы режимді бұзудан айтарлықтай залал келтіру арқылы 
сипатталады. 
Ережелерді бұзуға (мемлекеттік табиги қорыктардан басқа) ерекше корғалатын табиғи 
аумақтарды бүлдіру, жою, өрт қою, су жіберу аркылы оларды кирату, ластау, осы аумақтардағы 
ағаштар мен бұталарды кесу сияқты қоғамға қауіптІ Іс-әрекеттер жатады. Заңның бабы бланкеттік 
диспозицияға негізделген. Осыған байланысты ере- кше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін 
реттейтін, қолданылып жүрген арнаулы құқықтық-нормативтік актілерді дэл анықтап, оның қайсы 
талаптарының бұзылғанын анықтау қажет. 
Айтарлықгай зиянның түсінігі Қылмыстық кодекстің 337-бабының түсінігінде берілген. 
Қылмыстық қүқық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі. 
Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі - 16-ға толған адам. 
Қылмыстық кодекстің 342-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі - ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи қорық қорының объек- тілерін айтарлықтай 
залал келтіре отырып қасақана зақымдағаны немесе жойғаны үшін жауаптылық белгіленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет