574
өсімдіктерді кесуді; агаш кесу билетінде белгіленген мерзімді бұзып ағаш кесуді жэне ҚР Орман
кодексінің
113- бабы 1-тармагының 4) тармақшасында белгіленген өзге ережелер мен баска да нормативтік-
кұқықтық актілерді бұзу деп түсінген жөн (ҚР Жогаргы Сотының 18 мау- сым 2004 жылгы №1
нормативтік қаулысының 5-тармағы).
Қылмыстык кұқық бұзушылық құрылысы жөнінен материалдык құрамга жатады. Ол заңда
көрсетілген әрекеттер ірі залал экеліп соккан жагдайда аякталган деп саналады. Қылмыстық
кодекстің 288-бабының ескертуіне сәйкес қылмыс жасаған кезде
Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асып түсетін залал мөлшері елеулі
залал деп танылады. Іс-эрекет пен келтірілген осы залалдың арасында себепті байланыс болуы
қажет.
Қылмыстык құкық бұзушылық субъективтік жагынан тікелей қасаканалыкпен істе- леді.
Қылмыстык құкык бұзушылык субъектісі - 16-ға толган адам.
Қылмыстык кодекстің 340-бабының 3-тармагында осы қылмыстың ауырлататын түрі: барлық
топтағы ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін немесе кесу- ге тыйым
салынган ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуін токтату үшін зақымдау, егер бұл
әрекеттер:
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) бірнеше рет;
2) адам өзінін қызмет бабын пайдалана отырып;
3) ірі залал келтіре отырып;
4) ерекше коргалатын табиги аумақтарда жасалган іс-әрекеттер.
Бірнеше рет жасалған
қылмыстың түсінігі ҚК-тің 12-бабында, адамның қызмет бабын пайдаланып істегені үшін
жауаптылығы ҚК-тің 3-бабының 26-тармағында көрсетілген. Ірі залалдың түсінігі ҚК-тің 3-
бабының 38-тармагында берілген.
Достарыңызбен бөлісу: