Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі



Pdf көрінісі
бет515/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   511   512   513   514   515   516   517   518   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

357- 
6 а п. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі 
1. 
Теңізде немесе өзге де су жолында апатқа үшыраган адамдарга кеме капитанының көмек 
көрсетпеуі, егер осы көмекті өзінің кемесіне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулі қауіп 
төндірмей көрсету мүмкіндігі болган болса
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке 
дейінгі мөлшерде айыппүл салуга не сол мелшерде түзеу жүмыстарына не екі жылга дейін- гі 
мерзімге бас бостандысын шектеуге не сол мерзімге бас бостандысынан айыруга жаза- 
ланады. 
2. 
Теңізде немесе су жолында соқтыгысқан кемелердің бірінің капитанының басқа ке- мені 
қутқару үшін абайсызда кеменің опат болуына немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соққан 
тиісті шаралар қолданбауы, егер бул шараларды өз кемесіне, оның экипажы мен 
жолаушыларына елеулі қауіп төндірмей қолдану мүмкіндігі болган болса - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі 
мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не бір жүз сексен сагатқа 
дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга тартуга не алпыс тәулікке дейінгі мерзім- ге қамаққа 
алуга жазаланады. 
Тецізде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраган адамдарга кеме капитаныныц, егер осы 
көмек көрсету өзінің кемесіне, оның экипажы мен жолаушылары үшін елеу- лі қауіп келтірмейтін 
болғанда көмек көрсетпеуі - қылмыс деп саналып, кінолі адам Қылмыстык кодекстің 357-бабының 
1-тармагы бойынша жауапқа тартылады. 
Бүп кылмыстық кұқык бұзушылык құрамы Қылмыстық кодекске 1910 жылгы 23 ақ- пандагы 
Халыкаралык Конвенңияга (теңізде кұтқару жэне көмек көрсетуге байланысты ережелердің 
колданылуы) сәйкес енгізілген. 
Қылмыстык кұқық бұзушылыктың тікелей обьектісі - теңізде немесе өзге де су жо- лында 
апатка ұшыраган адамдардың өмірінің қауіпсіздігін камтамасыз ететін қогамдык катынастар, ал 
қосымша тікелей объектісі - бір немесе бірнеше адамның өмірі немесе денсаулыгы. 
Осы қылмыстық құкық бұзушылықтың заты - кез келген санаттагы жоне багыттағы теңіз 
немесе өзге де су көлігі болып табылады. 
Қылмыстык құқык бұзушылықтың жәбірленушісі болып теңізде немесе өзге де су жолында 


594
 
апатка ұшыраган кез келген адам танылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан әрекетсіздік күйде яғни кеме капитанының 
теңіз немесе баска да су жолында агіатка ұшырағандарға заңда көрсетілген жагдайларга жэне 
шарттарга сәйкес көмек көрсетпеуі арқылы сипатталады. 
Себепті жагдайларға байланысты (катты дауылдың әсерінен) немесе көмек көрсету өзінің 
кемесіне, оның экипажы мен жолаушылары үшін елеулі кауіп тондіретін (өрт, жа- рылыс болуы, 
суга бату қаупі төну) жагдайларда көмек көрсетпеу - қылмыстық құқық бұзушылык құрамын 
түзбейді. Көмек көрсету немесе көрсетпеу мүмкіндігі техникалык сарапшылық қорытындысы 
негізінде анықгалады. 
Қылмыстык кұқык бұзушылык кұрамы формальдық, сондықтан да ол көмек көрсетпеген 
уақыттан бастап аяқталган деп табылады. 
Қылмыстың зардабынын болуы (адамдардың апатка ұшырауы) немесе болмауының кылмысты 
саралауга әсері жок, бірақ жаза тағайындағанда сөз жоқ ескеруге жатады. 
Қылмыстык құкык бұзушылыктың объективтік жағының міндетті белгісі - қылмыстың жасалу 
орны болып табылады. Мұндай орынга - теңіз немесе өзге де су кеңістігі (өзен, көл, шығанақ, бұғаз 
т.с.с.) жатады. 
Қылмыстык кұкык бұзушылық субъективтік жағынан тікелей касаканалық нысан- да жасалады. 
Кінәлі адам теңіз немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраган адамдарга көмек көрсетуге мүмкіндігі 
бола отырып, көмек көрсетпегенін (әрекетсіздігін) сезеді және көмек көрсетпеуді тілейді. 
Қылмыстык құқык бұзушылыктың субъектісі арнаулы меншік түріне карамастан, кез келген су 
көлігінің (теңіз, өзен, жолаушылар немесе жүк таситын) кемелердің капитаны. 
Қылмыстық кұкық бұзушылықтың субъектісі Қазақстан суларында жүзіп жүрген шетел кемелерінің 
капитаны болуы да мүмкін. Егер көмек көрсетпеу ашық теңізде орын алса, онда Халықаралық 
Конвенцияға сэйкес кеме капитаны қай елдің азаматы болса, сол елдің заңымен немесе оны үстаған 
мемлекеттің заңы бойынша жауапқа тартылады. Егер кеме капитанының өзі апатқа үшырап, басқа 
экипаж мүшелері көмек көрсету мүмкіндігі бола тұра көмек көрсетпесе, онда ол қауіпті жағдайда 
қалдырғаны үшін (ҚК-тің 119- бабы) жауаптылыкка тартылады. 
Теңізде немесе су жолында соқтығыскан кемелердің бірінің капитанның басқа кемені құтқару 
үшін тиісті шаралар қолданбауы абайсызда кеменің опат болуына немесе өзге де ауыр зардаптарға 
әкеп соқса, егер бұл шараларды өз кемесіне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулі қауіп 
төндірмей қолдану мүмкін болса - ол үшін жауаптылық осы баптың 2-тармағында көрсетілген. Бүл 
жерде соқтығысқан екі кеменің біреуінің капитанының өз кемесіне, оның экипажы мен 
жолаушыларына елеулі қауіп төндірмей, басқа кемені қүтқару үшін мүмкіндігі бола түра тиісті 
шараларды колданбағаны туралы сөз болып отыр. Егер мұндай мүмкіндігі бола тұра кеме капитаны 
комек көрсетпесе, одан занда көрсетілген зардап - кеменің апат болуы немесе өзге де ауыр 
зардаптарға (адам өліміне, дене жарақаты т.б.) әкеп соқса, ол баптың осы бөлігі бойынша кінэлі 
болып, жауапқа тартылады. 
Қылмыстық кодекстің 357-бабының 2-тармағы материалдық құрамға жатады. Ол занда 
көрсетілген зардаптардың бірі нақты орын алған сәттен бастап аяқталған деп та- нылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   511   512   513   514   515   516   517   518   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет