тузеу жумыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер-
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады.
Қылмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының қадір-
қасиетін, абыройы, адамгершілік қасиеттері.
Қылмыстын жәбірленушісі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ел- басы.
Қылмыс объективтік жағынан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын
көпшілік алдында қорлау немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол сұғу, Қазақстан
Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру арқылы жүзеге асырылады.
Объективтік жағынан кылмыс - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасын
көпшілік алдында қорлау, абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғатын іс-әрекеттер жасау арқылы
көрініс табады. Сондай-ак Тұңғыш Президенттің - Елбасының бейнесін бүлдіруде іс-әрекеттің
обективтік жағынан бір көрінісі болып табылады. Бүлдіруге ескерткіштерді қирату, Елбасының
фотобейнесі көрсетілген заттарды, мүсіндерді жою, кирату сияқты іс-әрекеттері жатады.
Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пай- далана
отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер қылмыстың ауырлататын түрі болып табы- лады (ҚК-тің 373-
бабы 2-тармағы).
Ал Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды кызметіне кедергі жасау
мақсатында оған немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қандай да болсын түрде ықпал
ету - қылмыс құрамының аса ауырлататын түріне жатады (ҚК-тің 373-бабы 3-тармағы) Занда
Қазакстан Республикасы Президентінің- Елбасының занды қызметі арнайы көрсетілген, осындай
қызметке қандай да бір нысанда кедергі жа- сау, осыған орай оған немесе бірге тұратын отбасы
мүшелеріне эртүрлі тэсілмен ықпал етуге іс-әрекеттер жасау - қылмыстың аяқталған сәтін білдіреді.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен, әртүрлі ниеттермен істеледі.
Қылмыс субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Достарыңызбен бөлісу: |