Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Парамен коммерциялық сатып алуға не парақорлыққа арандату



Pdf көрінісі
бет609/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   605   606   607   608   609   610   611   612   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

417- 
6 а п. Парамен коммерциялық сатып алуға не парақорлыққа арандату 
1. 
Парамен коммерциялық сатып алуга арандату, ягни коммерциялық немесе өзге де 
уйымдарда басқару функцияларын орындайтын адамга қылмыс жасау дәлелдемелерін қолдан 
жасау не бопсалау мақсатында оның келісімінсіз ақша, мүліктік игіліктер мен 
артықшылықтар беруге әрекет ету - 
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуга не сол мөлшерде 
тузеу жумыстарына не бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Парақорлыққа арандату, ягни мемлекеттік функцияларды орындауга уәкілеттік 
берілген адамга не оган теңестірілген адамга не лауазымды адамга не жауапты мемле- 
кеттік лауазымды атқаратын адамга қатысты жасалган дәл сол іс-әрекет
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстык қүқык бұзушылықтың объектісі - лауазымды адамның немесе коммерциялық жэне 
өзге де үйымдардың басқару функциясын аткаратын адамдарының заңды кызметі. 
Қосымша тікелей объект - осы адамдардың ар-намысы, кадір-касиеті. 
Қылмыстык күкык бүзушылықтың затына ақша, бағалы кағаздар, өзге де мүліктер немесе 
мүліктік сипаттағы кызмет көрсетулер жатады (кылмыстың заты туралы толык түсінік ҚК-тің 366-
бабында берілген). 
Қылмыстык күқық бұзушылықтың объективтік жағы параға немесе коммерциялык сатып алуға 
арандату, яғни қылмыстың жасалуына не бопсалауға қолдан айғақгар жа- сау мақсатында 
лауазымды түлғаға не коммерциялык немесе өзге де үйымдарда баскару функцияларын аткарушы 
адамға онын келісімінсіз акша, бағалы кагаздар беру, өзге де мүліктер немесе оған мүліктік 


702
 
сипаттағы қызмет көрсетуге тырысу әрекеті аркылы көрініс табады. 
Бұл жерде кінэлінің әрекеті лауазымды тұлғаға не коммерциялык өзге де ұйымдарға баскару 
функцияларын атқаратын адамға пара беруге окталу арқылы көрінеді, бірак заңда зура 
көрсетілгендей, мұндай пара беруге окталу көрсетілген адамдардың келісімін- сіз істеледі жэне 
олардың тарапынан бұл әрекетке тойтарыс беріледі, яғни пара затын алу немесе сатып алу фактісі 
мүлдем болмайды. 
Сондай-ак жәбірленушілерге заңсыз мүліктік немесе мүліктік сипаттағы өзге де қызметтер 
көрсетуте тырысу әрекеттері де жүзеге аспай қалады. Кінэлі адам осы әрекеттерді заңда көрсетілген 
адамдарды қолдан жасалған айғақтар негізінде қылмыс жасады деп айыптау арқылы оларды 
әшкерелеп, лауазымынан немесе коммерциялык өзге де ұйымдардағы басқару кызметінен 
аластатуды немесе кылмыс істеді деп бопсалау арқылы көрсетілген адамдарды қорқытып, өзінің 
пайдасына белгілі бір іс-әрекеттерді істету немесе істеуден бас тартқызу мақсатын көздейді. 
Кінэлі адамдар мұндай әрекеттерді әділсоттылыкты жүзеге асыратын адамдар жөнінде де істеуі 
мүмкін. 
Қылмыстық құқык бұзушылық формальдық кұрамға жатады, сондықтан да ол параға немесе 
коммерциялық сатып алуға арандату әрекетін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады. 
Субъективтік жағынан кылмыстык құқык бұзушылық тікелей қасақаналықпен істе- леді. Кінәлі 
адам заңда көрсетілген адамдарды параға немесе коммерциялық сатып алуға тырысу арқылы, 
оларды пара алғаны және сатылғаны жөнінде жалған айғақтар жасау арқылы қылмыска 
арандататынын немесе бопсалайтынын сезеді жэне осы эрекеттерді істеуді тілейді. 
Қылмыстык кұқық бұзушылықтың субъективті жагының тагы бір белгісі қылмыстық мақсат. Ол 
занда - қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына не бопсалауға қолдан айғактар жасау мақсаты 
деп көрсетілген. 
Қылмыстық құқык бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   605   606   607   608   609   610   611   612   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет