Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Қылмыс туралы хабарламау



Pdf көрінісі
бет617/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   613   614   615   616   617   618   619   620   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

434- 
6 а п. Қылмыс туралы хабарламау 
Дайындалып жатқаны немесе жасалганы анық белгілі аса ауыр қылмыс не дайындалып 
жатқаны анық белгілі терроризм актісі туралы хабарламау
 -
 
алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не алты жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шекте- уге не сол 
мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Ескерту. 
Қылмыс жасаған адамның жүбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, сондай-ақ діни 
қызметшілер тәубе үстінде өздеріне сеніп сырын ашқан адамдардың жасаган қылмыстары 
туралы хабарламағаны үшін осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды. 
Бүл кылмыстык кұкық бұзушылықтың объектісі - алдын-ала аныктама, тергеу жэне сот 
органдарының дұрыс кызметі. 
Объективтік жағынан дайындалып жатқан немесе жасалганы анық белгілі аса ауыр қылмыстық 
кұкык бұзушылык не терроризм актісі туралы хабарламау арқылы сипатта- лады. 
Аса ауыр қылмыстық кұқық бұзушылық деп жасалғаны үшін осы Кодексте он екі жылдан астам 
мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған 
әрекеттерді айтамыз (ҚК-тің 11-бабының 5-тармағы). 
Террористік қылмыстардың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 30-тармағында көрсетілген. 
Аса ауыр қылмыстарға немесе терроризм актісіне жатпайтын қылмыс туралы хабар- ламау үшін 
қылмыстық жауаптылық көзделмеген. 
Заң дайындалып жатқан немесе жасалған аса ауыр немесе терроризм актісі қылмыстарды 
хабарламағаны үшін гана жауаптылық белгілеп отыр. Мұндай хабарлама жасамаған адам осындай 
қылмыстардың орын алғанын нақты біледі, бірақ әрекетсіздік жасап сот, сотқа дейінгі тергеп-
тексеруді жүзеге асыратын адам прокуратура органда- рына хабарламайды. Қылмыстык кұқық 
бұзушылық құрамы формальдық жэне аса ауыр қылмыс туралы хабарламаған уақыттан бастап 
аякталған деп табылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі. 
Кінәлі адам дайындалып жатқан немесе істелген анық ауыр қылмысты хабарла- майтынын сезеді 
және соны тілейді. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-га толған кез келген адам. 
Лауазым адамдары осындай әрекеті үшін Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша жауапты 
болады. 
Қылмыстық кодекстің 434-бабының ескертуіне сэйкес қылмыс жасаган адамның жұбайы 
(зайыбы) немесе жақын туыстары қылмыс туралы, сондай-ак діни қызметшілер өзіне сеніп сырын 
ашқан адамдардың қылмыстары туралы хабарламаганы үшін осы бап бойынша қылмыстық 
жауаптылыққа жатқызылмайды. 


708


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   613   614   615   616   617   618   619   620   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет