166
топтагы мугедектерге тагайындалмайды.
4.
Әскери қызметшілер қамақта болуды гауптвахтада өтейді.
Бұрынгы Қазақ КСР-нің Қылмыстық кодексінде камаққа алу жаза түрінде көрсетілмеген еді.
Қазақстан Республикасының 1997 жылы қабылданған Қылмыстық ко- дексінде де жазаның бүл түрі
камау жазасы корсетілген еді. Қазакстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық
заңнаманы одан эрі ізгілендіру жэне қылмыстық процестегі зандылықтардың кепілділіктерін
күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан
Республикасының 20П жылгы 18 каңтардағы Заңына сәйкес 1997 жылгы Қылмыстық кодекстің 46-
бабындағы қамау жазасы абақтыда ұстау түріндегі жазамен алмастырылды. Қазақстан
Республикасының 2014 жылы қалбылданған Қылмыстық кодексінде (45-бап)
қамаққа алу негізгі
жаза ретінде көрсетілген. Қамаққа алу сотталган адамды тагайындалған жазаның бүкіл мер- зімінде
когамнан катаң оқшаулау жағдайында ұстауды білдіреді.
Қамакка алу отыз тәуліктен тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Үстап алу мерзімі
қамаққа алу мерзіміне косылады.
Қамакка алу өзінің мэні жөнінен қысқа мерзімдегі бас бостандығынан айыру болып табылады.
Қамаққа алу негізгі жаза ретінде сот арқылы заңда тура көрсетілген ретте гана тагайындалады.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің көптеген баптарында қамау ба-
лама негізгі жаза ретінде
көрсетілген. Мысалы: 438-баптың 1-бөлігі - бастыққа карсылық көрсету немесе оны қызметтік
міндеттерін бұзуга мэжбүр ету; 437-бап, бөлігі бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау,
441-бап, 1-бөлігі бөлімді немесе кызмет
орнын өз бетімен тастап кету, 443-бап, бөлігі эскери
қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту т.б.
Қамаққа алу отыз тәулікпен токсан тәулікке мерзімге белгіленеді.
Әскери қызметшілер қамаққа алуды гауптвахтада өтейді.
Осы жазаны өтеудің накты тэртібі қылмыстық атқару заңдарымен реттеледі. Сот үкімі бойынша
қамаққа алу жазасы тағайындалгандар сотталгандығы жоқ деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: