Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет82/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

шарасы ретінде қолданылуы мүмкін. 
Мүлікті тәркілеу - сотталган адамның меншігіндегі, заңсыз жолмен табылған, не заңсыз жолмен 
табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті, сондай-ақ Қылмыстық құқык бұзушылық жасау қаруы 
немесе құралы болып табылатын мүлікті мәжбүрлей өтеусіз алып қою жэне мемлекеттің меншігіне 
айналдыру (ҚК-тің 48-бабы, І-бөлігі). Қылмыстык кодекстің 40-бабы, 3-бөлігіне сәйкес бұл жаза тек 
қана қосымша жаза ретін- де пайдакүнемдік қылмыс жасағандарга жэне кінэлінің іс-әрекеті 
сараланатын бапта басқа жазалармен бірге мүлікті тәркілеу жазасы керсетілген реттерде ғана 
қолданылады. 
Осыған байланысты кінәлінің істеген қылмысын саралайтын бапта, мүлікті тәркілеу косымша 
жаза ретінде көрсетілмесе, сот онда оған бұл жаза түрін колдана алмайды. Кейбір жағдайларда 
қылмыстық заң мүлікті тәркілеуді міндетті түрде колдануды талап етеді. Мысалы, аса ауырлататын 
жағдайда жасалган ұрлык (188-бап, 3, 4-бөлігі); тонау (191-бап, 2, 3, 4-бөлігі); қаракшылық (192-бап, 
1^-бөлігі), қорқытып алғаны (194-бап, 1, 4-бөлігі); немесе ауырлататын жағдайда ерекше құнды 
заттарды ұрлағаны (193-бап); жалган акша немесе бағалы қагаздар жасау немесе сату (231-бап, 3-
бөлігі); жалған төлем карточкалары мен өзге төлем жэне есеп айырысу құжаттарын жасау немесе 
сату (232-бап, 1, 2-бөлігі). Мұндай реттерде сот мүлікті тәркілеуді тағайындауға міндетті. Мұндай 
жагдайда сотка оны қолданбау тек қана Қылмыстык кодекстің 55-бабы негізінде ерекше мэн-жайға 
байланысты неғұрлым жеңіл жаза тагайындалғанда ғана құкык береді. 


172 
Баска жағдайларда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекеленген баптарында мүлікгі 
тәркілеу мүмкін болатын косымша жаза ретінде көрсетілген. Мысалы, ауырлата- тын жағдайда 
жасалган ұрлық (188-бап, 2-бөлігі), тонау (191 -бап, 2-бөлігі), ерекше күнды заттарды үрлау (193-бап, 
1-бөлігі) т.б. Мүндай реттерде мүлікті тәркілеуді қолдануды не- месе қолданбауды тек сот кана істің 
нақты жагдайларын жэне кінэлінің жеке басының кім екендігін ескере отырып шешеді. Заң мүлікті 
тәркілеудің екі түрін қарастырган. 
1. Сотталган адамның меншігі болып табылатын мүліктің бэрін немесе ортак меншік- тегі үлесін 
(толык) тэркілеу. 
2. Сотталган адамның мүлкінің бір бөлігін (ішінара) тэркілеу. 
Толык тәркілеуде сотталган адамның меншігі болып табылатын мүліктің бэрі не- месе оньщ 
ортақ меншіктегі үлесі түгел мемлекет меншігіне тегін алынады. Мүндай жағдайда кылмыстық 
аткарушы зандарда көзделген тізбекке сәйкес сотталган немесе оның асырауындағы адамдарға кажет 
мүлік тәркіленбеуге тиіс. 
Сотталган адамның мүлкінің бір бөлігін тәркілеген кезде үкімде барлык мүлкінің қандай бөлігі 
(1/2, 1/3, және т.б.) тәркіленуге жататын заттардың тізімі дәлме-дәл көрсетілуі керек. Сотталушының 
үкім шыгарган кезде мүлкінің жоқ болуы оның мүлкін тәркілемеуге негіз бола алмайды. Тиісті затта 
тәркілеу туралы сот шешімі кабылданған кезде оның пайдаланылуы, сатылуы немесе өзге де 
себептермен жоқ болуына байланыс- ты, сот шешімі бойынша осы заттың құнына сәйкес келетін 
ақшалай сома тәркіленеді. 
Қазақстан Республикасы Жогаргы Сотының «Қылмыстық жаза тагайындаған кез- де соттардың 
заңдылыкты сактауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі нормативтік қаулысының 27-тармағында 
«Соттар ҚК-нің мүлікті тэркілеу туралы арнайы бабының мәніне сай мүлікті тәркілеу шарасы 
кэмелетке толмағандарға колданылмайтынын ескер- гені жөн. Мүлікті тәркілеген кезде оның 
мөлшерінің үкімде накты корсетілуін соттар есі- нен шығармауга тиіс, ал тэркілеу сотталған 
адамның жеке басына тиесілі мүлікке немесе жалпы ортақ меншіктегі оның үлесіне гана жүргізілуі 
мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексіне коса тіркелген тізбеде көрсетілген 
мүлік тәркілеуге жат- пайды», - деп көрсетілген. 
Қосымша жаза ретінде колданылатын мүлікті тәркілеуді, жазаның жеке гүрі болып табылатын 
арнаулы тәркілеуден ажырата білу керек. 
Арнаулы тәркілеу дегеніміз сотталган адамнан қылмыстың құралы, заты болып та- былатын 
немесе кылмыстық жолмен табылган мүліктің бәрін мемлекеттік меншікке ыктиярсыз түрде тегін 
алу болып табылады. Мысалы: Қылмыстық кодекстің 337, 338, 339, 340, 341-баптарында осы жайлы 
айтылған. 
Мүлікті тәркілеу кезінде мемлекет сотталған адамның борыштары мен міндеттеме- лері үшін 
жауапты болмайды, егер бүл борыштар мен міндеттемелер анықтама, тергеу органдары немесе сот 
мүлікті сактау шараларын колданғаннан кейін туған болса жэне оның үстіне сол органдардың 
келісімінсіз жасалган болса. 
Тәркіленген мүлік есебінен қанағаттандыруга тиісті талаптар жөнінен мемлекет тек актив 
шегінде гана жауапты болады, ал мүндай талаптардың қанағаттандырылу кезектігі Азаматтық істер 
жүргізу кодексі ережелерінде белгіленген тэртіппен жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет