Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


және жаргылық капиталында мемлекет үлесі елу пайыздан асатын уйымдарда, оның ішінде



Pdf көрінісі
бет85/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

және жаргылық капиталында мемлекет үлесі елу пайыздан асатын уйымдарда, оның ішінде 
акционері мемлекет болып табылатын улттық басқарушы хол- дингтерде, улттық 
холдингтерде, улттық компанияларда, улттық даму институтта- рында, дауыс беретін 
акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес 
уйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан 
астамы аталган еншілес уйымдарга тиесілі заңды тулгаларда лауазымдарды атқаруга өмір 
бойына тыйым салудан турады. 
3. 
Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан 
айыру, егер сот жасалган іс-әрекеттің сипаты мен қогамга қауіптілік дәрежесін және кінәлі 
адамның жеке басын ескере отырып, оның белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір 
қызметпен айналысу қуқыгының сақталуы мүмкін емес деп таныса, ол осы Кодекстің Ерекше 
бөлігінің тиісті бабында тиісті қылмыстық қуқық бузушылық үшін қосымша жаза ретінде 
көзделмеген жагдайларда да тагайындалуы мүмкін. 
4. 
Бас бостандыгынан айыруга, қамаққа алуга қосымша жаза ретінде осы жазаны 
тагайындау кезінде, ол негізгі жазаны өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бул 
ретте оның мерзімі бас бостандыгынан айырылган, қамаққа алынган кезден бастап есеп- 
теледі. Жазаның басқа негізгі түрлеріне қосымша жаза түрі ретінде белгілі бір лауазым- дарды 
атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан айыру тагайындалган жагдайда, 
сондай-ақ жазаны өтеу кейінге қалдырылган немесе шартты түрде сотталган кезде оның 
мерзімі үкімнің заңды күшіне енген кезінен бастап есептеледі. 
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқыгынан айы- ру 
мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазым- ды атқаруға, не 
белгілі бір кәсіптік немесе өзге де кызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады (50-бап). 
Қылмыстық кодекстің осы бабында екі түрлі эр түрлі жаза біріктірілген: белгілі бір лауазымды 
атқарудан жэне белгілі бір кәсіппен айналысу құқығынан айыру. 
Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мэніне карай сотталған адам- ды одан эрі 
белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануы мүмкін болмайтын жағдайда 
тағайындалады. Мұндай жаза, мысалы, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол козғалысы 
және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін (345-бап), науқасқа көмек көрсетпеу 
(320-бап), кызмет бабын пайдаланып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденген немесе ысырап 
еткен лауазым адамдарына (189-бап) қолданылуы мүмкін. 
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру 
қылмыстық жаза шарасы ретінде істелген қылмыстың мэніне қарай кінэлі адам- ды белгілі бір 
лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құкығынан айыру қажет болғанда, 


175 
мұндай адамдарға осы кұкықтарды одан эрі жүзеге асыруға сеніп тапсыруға болмайтын реттерде 
колданылады. 
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылданудың өзара 
айырмашылығы мынада: 
Бірінші, сотталған адамды мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым иесі болуға тый- ым 
салады. Мысалы, материалдык жауапкершілікке байланысты лауазымдық кызмет аткармау. 
Екініиісі,
сотталған адамның белгілі қызметпен (кәсіппен) шұғылдануына тыйым салу. Мысалы, 
дәрігерлікпен шұғылдануға, адвокаттықпен шұғылдануға тыйым салу, көлік кұралдарын жүргізуге 
байланысты кәсіпті атқаруды тыю, т.б. ҚК-нің 50-бабының 
2- 
бөлігіне сәйкес, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу 
құқыкғынан айыру қылмыстық заңда арнайы көрсетілген реттерде міндетті түрде негіз- гі жазамен 
коса заңда көрсетілген мерзімге белгіленеді. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір 
қызметпен айналысу кұқығынан айыру бір жылдан он жылға дейінгі мерзімге белгіленеді. 
Осы Кодекстің 120-бабы үшінші бөлігінің 5) тармағында жэне төртінші бөлігінде, 121-бабы 
үшінші бөлігінің 5) тармағында жэне төртінші бөлігінде, 122-бабының екінші және үшінші 
бөліктерінде, 124-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 132-бабының екінші, үшінші, төртінші 
жэне бесінші бөліктерінде, 133-бабының екінші жэне үшінші бөліктерінде, 134-бабы төртінші 
бөлігінің 2) тармағында жэне 312-бабы үшінші бөлігінің 
1) жэне 2) тармақтарында көзделген кылмыстарды жасаганы үшін белгілі бір лауазы- мдарды атқару 
немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және 
педагогикалык лауазымдарды жэне кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты 
лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудан тұрады. 
Сыбайлас жемқорлық кылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару не- месе 
белгілі бір қызметпен айналысу кұкығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және мемлекеттік 
қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының 
Ұлттық банкінде жэне оның ведомстволарында, мемле- кеттік ұйымдарда және жарғылық 
капиталында мемлекет үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет 
болып табылатын ұлттық баскарушы хол- дингтерде, ұлттык холдингтерде, ұлттық компанияларда, 
ұлттық даму институттарын- да, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан 
астамы өздеріне ти- есілі олардың еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының 
(қатысу үлестерінің) елу гіайыздан астамы аталған еншілес ұйымдарга тиесілі заңды тұлғаларда 
лауазымдарды аткаруга өмір бойына тыйым салудан тұрады. 
Қылмыстық кодекстің 3-бабының 20-тармағына сэйкес сыбайлас жемқорлық кылмыстарға сеніп 
тапсырылған ботен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу (180-бап, 2-тармағы); алаяқтық 
(190-бап, 3-бөлігінің 2-тармағы); жалған кәсіпкерлік (215-бап, 2-бөлігінің 3-тармагы; іс-жүзінде 
жүмыстар орындамай, қызметтер атқармай, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша 
әрекеттер жасау (216-бап, 
2- бөлігінің 4-тармағы); каржылык (инвестициялык) пирамиданы құру және оған басшылык ету 
(217-бап, 3-бөлігінің 3-тармағы); кылмыстық жолмен алынган ақшаны және (немесе) өзге мүлікті 
зандастыру (жылыстату) (218-бап, 3-белігінің 1-тармағы); экономикалық контрабанда (234-бап, 3-
бөлігінің 1-тармағы); рейдерлік (249-бап, 
3- бөлігінің 1-тармағы); заңсыз ойын базасын ұйымдастыру (307-бап, 3-бөлігінің 
3- тармагы); лауазымдык өкілеттіктерді теріс пайдалану (131-бап, 4-бөлігінің 3-тармагы); билікті 
немесе лауазымдык өкілеттіктерді асыра пайдалану (362-бап, 4-бөлігінің, 
3- тармағы); кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу (364-бап, 2-бөлігі 2-тармағы), заңды кәсіпкерлік 
қызметке кедергі жасау (465-бап, 2-бөлігі 2-тармагы); пара алу (466-бап, 
2- бөлігі, 2-тармағы); пара беру (367-бап, 2-бөлігі 2-тармағы) парақорлыққа делдал болу (368-бап, 2-


176 
бөлігі); қызметтік жалғандық жасау (369-бап, 2-бөлігі 2-тармағы); қызметтегі эрекетсіздік (370-бап, 
2-бөлігі, 2-тармагы), билікті теріс пайдалану (450-бап, 2-бөлігінің 
2- тармағы); билікті асыра пайдалану (451-бап, 2-бөлігі 2-тармағы); биліктің әрекетсіздігі (452-бап) 
жатады. 
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу кұкығынан айыру негізгі 
жаза ретінде қылмыстық заңның санкцияда ол туралы арнайы көрсетілген ретінде немесе 
Қылмыстық кодекстің 55-бабының талаптарына сай жеңілірек жаза тағайындау кезінде 
қолданылады. 
Кэмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы педагогтің не оларды 
тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген өзге де адамның осы Кодекстің 120-бабы үшінші 
бөлігінің 5) тармағында жэне төртінші бөлігінде, 121-бабы үшінші бөлігінің 5) тармағында жэне 
төртінші бөлігінде, 122-бабының 2 және 3-бөліктерінде, 
124- бабының екінші жэне үшінші бөліктерінде көзделген кылмыстарды жасағаны үшін жазаның 
косымша түрі ретінде белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу 
құкығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан 
айыруға жазаланады. 
Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір кызметпен айналысу құқығынан айыру, егер 
сот жасалган іс-әрекеттің сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін жэне кінэлі адамның жеке басын 
ескере отырып, оның белгілі бір лауазымдарды атқару неме- се белгілі бір қызметпен айналысу 
құқығының сақталуы мүмкін емес деп таныса, ол осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында 
тиісті кылмыстык кұкык бұзушылык үшін қосымша жаза ретінде көзделмеген жағдайларда да 
тағайындалуы мүмкін. 
Осы мәселелерге байланысты Қазакстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза 
тағайындаған кезде соттардың заңдылыкты сактауы туралы» 1999 жылғы 30сэуірдегі № 1 
нормативтік қаулысының28-тармағында мынадай түсініктемелер берілген: 
Лауазымы бойынша міндетті жұмысын аткаруы немесе белгілі бір кызметпен айналы- суына 
байланысты кылмыс жасаган жағдайда ҚК-нің тиісті бабына сәйкес сот жасаған қылмыстың сипатын 
ескеріп, сотталушының белгілі бір лауазымды орында отыруы не- месе нақтылы қызметпен 
айналысуы кұқығынан айыру жөнінде мәселені карауга мін- детті. Бұл жазаны тагайындаганда 
үкімнің қорытынды бөлімінде лауазым яки қызмет түрі нақты көрсетілуге тиіс. Бірақ болуға қақысы 
жок кызмет аясын анықтамай тұрып, сотталушының қандай да бір салада немесе кандай да болмасын 
мекемелерде, үйымдарда жүмыс істеу қүқыгынан айыруға болмайды. Үкім шыккан кезде сотталушы 
адам лауа- зымды орында болмаса да, немесе жасаған қылмысқа қатысты қызметпен айналыспа- са 
да, бұл жагдай аталған қосымша жазаны қолдануга кедергі бола алмайды. Адамның көлік 
кұралдарын жүргізу құқығы о бастан болмаса да, яки әкімшілік жаза ретінде он- дай құқықтан 
айырылған болса да, қылмыстық заңның санкцияларына сәйкес, сот оған қосымша жаза ретінде көлік 
қүралдарын жүргізу қүқығынан айыруды тағайындауы мүмкін. 
Сонымен, Қылмыстык кодекстің арнайы бабының талабына сәйкес, сот белгілі бір лау- азымды 
атқару немесе белгілі бір кызметпен шүғылдану қүқығынан бұл жаза түрі заңның санкциясында 
көрсетілмесе де оны қолдану қажеттілігі туралы үкімде көрсетіле отырып, қосымша жаза ретінде 
қолдануға қүқылы. Сотталған адамдардың сот белгілеген мер- зім ішінде бүрынгы істеп жүрген 
жүйесінде мүлдем жұмыс істемеуі туралы тыйым салу занда көрсетілмеген. Мысалы, белгілі сот 
үкімі 
бойынша 
қойма 
меңгерушісі 
лауазымын 
атқаруғатыйымсалынганадам,солжүйедежүктиеуші,күзетшіжәнебасқадаматериалдық 
игіліктерді 
басқаруга қақысы жоқ жұмыспен айналысуға қүқылы немесе дәрігерлік қызметпен шүғылдану 
қүқыгынан белгілі бір мерзімге айрылган адам сол салада басқа жүмысты, атап айтқанда, 


177 
санитарлық, шаруашылық меңгерушісі, лаборатория қызметкері сияқты жүмыстарды атқаруға 
қүқылы. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қылмыспен шүғылдану қүқыгынан айыру 
жазасын орындаудың тәртібі мен шарттары арнаулы Ережеде көрсетілген. 
Қылмыстық жазаның осы түрін қолдану барысында жазаның орындалу мерзімін есептеудің 
маңызы аса зор. 
Бас бостандығынан айыруға, камаққа алуға қосымша жаза ретінде осы жазаны тағайындау 
кезінде, ол негізгі жазаны өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл ретте оның мерзімі бас 
бостандығынан айырылған, қамаққа алынған кезден бастап есеп- теледі. Жазаның баска негізгі 
түрлеріне қосымша жаза түрі ретінде белгілі бір лауазым- дарды атқару немесе белгілі бір қызметпен 
айналысу қүқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ак жазаны өтеу кейінге қалдырылған 
немесе шартты түрде сотталған кезде оның мерзімі үкімнің заңды күшіне енген кезінен бастап 
есептеледі (ҚК-тің 
50- 
бабы, 4-бөлігі). 
Осы жаза қолданылған сот үкімі күшіне енгеннен кейін ол қасақана орындалмаса, оған кедергі 
жасаган адам Қылмыстық кодекстің 430-бабы бойынша жауапқа тартылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет