Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау мен



Pdf көрінісі
бет10/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау мен
аккредиттеу
11-бап. Медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметті
лицензиялау
Медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының 
лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялауға жатады.
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу
1. Медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін ерекше мәртебесі 
мен құқылығын тану мақсатында медициналық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау 
субъектілері және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 


техниканың айналымы саласындағы фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілер
сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сарапшылық бағалау 
жүргізуі үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған 
тәртіппен аккредиттеуге жатады.
Аккредиттеу ерікті сипатта болады және аккредиттелетін субъект есебінен және тыйым 
салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
2. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу олардың қызметінің денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті орган бекіткен аккредиттеудің белгіленген стандарттарына 
сәйкестігін сыртқы кешенді бағалау негізінде, денсаулық сақтау субъектісінің беделі мен 
мәртебесін көтеру үшін жүргізіледі және мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде 
ескеріледі.
Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сарапшылық бағалау жүргізуі 
үшін жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу олардың біліктілігін кешенді бағалау 
негізінде жүргізіледі. Денсаулық сақтау, аккредиттеу, аттестаттау, лицензиялау 
субъектілерінің қызметіне сараптама жүргізу және денсаулық сақтау саласындағы біліктілік 
емтихандарын өткізу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгіленген 
тәртіппен тәуелсіз сарапшылар тартылады.
3. Аккредиттеуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган не денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргізеді.
4. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым) 
денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссияларды құрады және 
аккредиттелетін субъектілер мен тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастырады.
Аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы 
уәкілетті орган бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет