Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторында емдеуге тыйым салынатын аурулар
тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
31-бап. Денсаулық сақтау субъектілері
1. Денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және
фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар денсаулық
сақтау субъектілері болып
табылады.
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде мынадай денсаулық сақтау
ұйымдары жұмыс істейді:
1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар;
2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;
3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары;
4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары;
5) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін ұйымдар;
6) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
7) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын
ұйымдар:
8) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті
жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
10) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
11) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;
12) салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын
денсаулық сақтау ұйымдары.
3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын және олардың қызметі туралы ережені;
денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің медициналық және фармацевтикалық
мамандықтары мен лауазымдарының номенклатурасы
мен біліктілік сипаттамаларын;
денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, ұйымдық-құқықтық нысанын және үлгілік
штатын;
денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл тәртібін әзірлейді және бекітеді.
4. Жеке тұлғалар осы мамандық бойынша маман сертификаты, кемінде бес жыл жұмыс
стажы және тиісті лицензиясы болған ретте жекеше медициналық практикамен айналысуға
құқылы болады.
Достарыңызбен бөлісу: