Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Психиканың бұзылуының диагностикасы және оны емдеу



Pdf көрінісі
бет50/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

96-бап. Психиканың бұзылуының диагностикасы және оны емдеу
1. Психиатр дәрігер психиатриялық көмек көрсетеді.
2. Психиканың бұзылуы диагнозын клиникалық көріністерге, лабораториялық 
деректерге, объективті мәліметтерге сәйкес психиатр дәрігер қояды. Диагнозды азаматтың 
қоғамда қабылданған моральдық, мәдени, саяси және діни құндылықтармен келіспеуіне не 
оның психикалық денсаулық жағдайына тікелей байланысы жоқ өзге де себептерге негіздеуге 
болмайды.
3. Психиканың бұзылуынан зардап шегуші адамға диагноз қою және оны емдеу үшін 
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасымен рұқсат етілген 
медициналық құралдар мен әдістер қолданылады.
4. Медициналық құралдар мен әдістер аурудың ауытқулар сипатына қарай 
диагностикалық және емдеу мақсаттарында ғана қолданылады, оларды адамды жазалау түрінде 
пайдалануға тыйым салынады.
5. Дәрігер психиканың бұзылуынан зардап шегуші адамға немесе заңды өкіліне, немесе 
адвокатқа психиканың бұзылуының сипаты туралы ақпаратты, емдеу мақсаттары мен әдістері 
туралы. сондай-ақ ұсынылатын емдеудің ұзақтығы туралы деректерді, ықтимал ауыру 
түйсіктері, жанама әсерлер мен күтілетін нәтижелер туралы ақпаратты беруге міндетті, 
Берілген ақпарат туралы медициналық құжаттамада жазба жасалады.
6. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психиканың бұзылуынан 
зардап шегуші адамды емдеу оның немесе оның заңды өкілдерінің келісімі алынғаннан кейін 
жүргізіледі.
7. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша, 
сондай-ақ осы Кодекстің 70-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша мәжбүрлеп 
ауруханаға жатқызуға, психиканың бұзылуынан зардап шегуші адамның немесе оның заңды 
өкілінің келісімінсіз медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларымен емдеу жүргізілуі 
мүмкін. Шұғыл ауруханаға жатқызу жағдайларынан басқа, осындай жағдайларда емдеу психиатр 
дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша қолданылады.
8. Осы баптың 7-тармағында көзделгенді қоспағанда, басқа жағдайларда, психиканың 
бұзылуынан зардап шегуші адамға немесе заңды өкілі ұсынылып отырған емдеуден бас тартуға 
немесе оны тоқтатуға құқылы.
9. Емдеуден бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне емдеуден бас тартудың ықтимал 
зардаптары түсіндірілуі тиіс. Ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, 
психиканың бұзылуынан зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр 
дәрігердің қолы қойылып, медициналық құжаттамада жазба ресімделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет