Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне



Pdf көрінісі
бет58/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

109-бап. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне
шалдыққан адамдардың құқықтары
1. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан адамдар:
1) білікті медициналық көмек алуға;
2) наркологиялық ұйымды таңдауға;
3) өз құқықтары мен өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты және 
қолданылатын емдеу мен оңалту әдістері туралы ақпарат алуға;
4) медициналық-әлеуметтік оңалтуды - тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет 
болған жағдайда жүрген жері бойынша өткізуге құқылы.
2. Нашақорлықпен ауыратын адам немесе оның заңды өкілі ұсынылып отырған 
медициналық-әлеуметтік оңалтудың кез келген кезеңінде одан бас тартуға құқылы.
3. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне 
оңалту іс-шараларын тоқтатудың ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс. Медициналық-
әлеуметтік оңалтудан бас тарту, оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле 
отырып, медициналық құжаттамаға жазбамен рәсімделеді, оған нашақорлықпен ауыратын 
адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-нарколог дәрігердің қолы қойылады.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, 
нашақорлық диагнозының болуы, наркологиялық ұйымда динамикалық қадағалауда тұру фактісі 
негізінде ғана нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге 
жол берілмейді.
110-бап. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне
шалдыққан адамдарды есепке алу және қолдап емдеу
Алкоголизмнен, нашақорлық пен уытқұмарлықпен еріксіз емделген адамдар 
мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінен шығарылған соң тұрғын жайлары бойынша 
наркологиялық мекемелерге есепке тұруға және оларда денсаулық сақтау саласындағы 
уәкілетті орган бекіткен тәртіппен қолдап емдеуден етуге тиіс.
19-тарау. Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық және
медициналық-әлеуметтік көмек көрсету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет