Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы



Pdf көрінісі
бет70/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

134-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы
1. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:
1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында 


байытылған тамақ өнімдерінің өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге және 
айналымының басқа да сатыларында қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтауға 
жауапкершілік;
2) құрамында темір бар препараттармен халықтың нысаналы топтарын профилактикалық 
қамтамасыз ету;
3) темір тапшылығы анемиясынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау 
ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі;
4) ұнды және өзге де тамақ өнімдердің құрамында темір бар витаминдік-минералдық 
қоспалармен, препараттармен және өзге де ингредиенттермен байыту (фортификация) 
принциптерімен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сортты бидай 
ұны міндетті түрде құрамында темір бар витаминдік-минералдық қоспалармен, препараттармен 
және өзге де ингредиенттермен байытылуға (фортификация) тиіс.
Тамақ өнімдерін құрамында темір бар витаминдік-минералдық қоспалармен, 
препараттармен және өзге де ингредиенттермен байыту (фортификация) тәртібін Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекітеді.
135-бап. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы
1. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы жөніндегі іс- шаралар:
1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында 
йодталған ас тұзы мен жемдік тұз өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге қойылатын 
талаптарды қамтамасыз ету мен сақтауға жауапкершілік;
2) йод тапшылығы ауруларынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау 
ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі;
3) йодталған ас тұзының және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ 
өнімдерінің зиянды әсерінің салдарынан денсаулығынан айырылған жағдайда азаматтардың 
құқықтарын қорғау принциптерінде жүзеге асырылады.
2. Ас тұзын және жемдік тұзды йодтау Қазақстан Республикасының йод тапшылығы 
ауруларының ппрофилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет