«Жер және оның қозғалысы» тақырыбына арналған диктант
1. Жер Күн жүйесінің….
2. Планета….сөзі
3. Планетаның Күн төңірегіндегі жолы……
4. Жер бетінің көлемі….
5. Жердің полюстік радиусы…..
6. Жер өз осінің орбита жазықтығына…. көлбей орналасқан.
7. Жер өз білігін…. қарай айналады.
8. Жер өз білігін…. бір рет айналып шығады.
9. Жердің Күнді айналуға кеткен уақыты… деп аталады.
10. 366 күнге толатын жыл…
Дұрыс жауабы:
1. Планетасы
2. Грек
3. Орбита
4. 510 млн шаршы шақырым
5. 6357 км
6. 66,5о
7. Батыстан шығысқа
8. 24 сағатта
9. Жыл
10. «Кібісе жылы»
План мен карталарда Жерді кескіндеу» тақырыбына арналған диктант
1-нұсқа
1. ….. – көкжиек тұстарын, бақылаушының тұрған жерін, қозғалыс
бағытын анықтау.
2. Көкжиек тұстары……. болып келеді.
3. Солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс көкжиектің……. тұстары.
4. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал……
5. …… «жол» деген мағынаны білдіретін араб сөзі.
6. Азимуты 900 болатын көкжиек тұсы….
7. Темірқазық жұлдызының бағыты….
8. План мен картада неше есе кішірейтіліп түсіргенін көрсететін
шартты өлшем…..
9. Масштабтың …… түрі бар.
10. ….. ең ұзын параллель.
Дұрыс жауабы:
1. Бағдарлау
2. Негізгі және аралық
3. Негізгі
4. Тұсбағдар (компас)
5. Азимут
6. Шығыс
7. Солтүстік
8. Масштаб
9. Үш
10. Экватор
«Глобус пен географиялық карта» тақырыбына арналған диктант
1. ……солтүстік және оңтүстік полюстер арқылы жүргізілген
шеңберлер.
2. Экваторға параллель немесе меридианға кесе көлденең жүргізілген
сызықтар…..
3. …..Жердің дәл үлгісі
4. Жер бетіндегі нүктенің экватордан градуспен алынған
қашықтығы….. деп аталады.
5. ….. жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градуспен
көрсетілген қашықтығы.
6. Масштабына қарай карталар ….. топқа бөлінеді.
7. 1: 100 000-ға дейінгі карталар…. болып саналады.
8. Жер бетінің пішіні карталарда…….. арқылы кескінделеді.
9. Ұсақ масштабты карталарға……. жатады.
10. Географиялық бойлық……. дейін есептеледі.
Дұрыс жауабы:
1. Меридиандар
2. Параллельдер
3. Глобус
4. Географиялық ендік
5. Географиялық бойлық
6. Үш
7. Ірі масштабты
8. Қабатты бояулар мен горизонталдар
9. 1:100 000 000 ұсақтары
10. 00-1800-қа
Достарыңызбен бөлісу: |