«Берілген сөздердің орнын табу».
1. Л П О Ю С (полюс)
2. Т А Р К А (карта)
3. И А Н М Е Д Р И (меридиан)
4. М Т У З И А (азимут)
5. Е Ф А М О Т А С Р (атмосфера)
6. Қ Л Ы Й О Б (бойлық)
7. А Л Л Ь Л Е П Р А (параллель)
8. Қ З А Ж Ы (жазық)
9. Л П Н А (план)
10. Р Т О К В Э А (экватор)
11. Ф Е С Р А Й Б О (биосфера)
12. С П М А О К (компас)
13. И Р О Ф С Е А Р Г Д (гидросфера)
14. М Б Р О Е Р Т А (барометр)
15. Н Ы А Қ А Ғ Ш (шығанақ)
«Сандар сөйлейді».
1. 8848 метр;
2. 0-200 метр;
3. 35о/оо;
4. -89,20С;
5. 1024 метр;
6. 11022 метр
7. 510 млн.км2;
8. 6995 метр;
9. 1000-2000 метр;
10. 1620 метр;
11. 6671 км;
12. 396 000 км2;
13. - 405 метр;
14. 2,7 млн км2;
15. 41о/оо
«Ситуациялық сұрақтар».
1-сұрақ: Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әр түрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Ал, олар сіздерге «кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және адамдар не деп жауап берді?
Жауабы: Аустралия материгі. Жергілікті халық тілінде «кенгуру» сөзі «түсінбедім» деген мағнаны білдіреді.
2-сұрақ: Саяхатшылар алғаш рет бұл жерге келгенде егістік алқабында биіктігі бір метрден асатын, жапырақтары «күмістен», жемістері «алтыннан» тұратын таңғажайып өсімдікті көрді. Бұл қай материк және қандай өсімдік еді?
Жауабы: Оңтүстік Америка. Жүгері өсімдігі.
3-сұрақ: Африкада жерасты суын Конго ойысында тез шығарып алуға бола ма, әлде Сахара шөлінде ме?
Жауабы: Сахара шөлінде жерасты суы жер бетіне жақын жайғасқан.
4-сұрақ: Сіздер бұл материкте оқымысты ғылым қызметкерлерінен басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон-үйлерде тұрады. Бұл қай материк және қай халық?
Жауабы: Антарктида материгі және зерттеушілер.
5-сұрақ: Кенгуру неге жолбарыстан қорықпайды? Жауабы: Аустралияда жолбарыс тіршілік етпейді.
ІІ. «Географиялық диктант» үлгілері.
1- Нұсқа
1. География ғылымының дамыған жері………………
2. География……….сөзі
3. География……… деген мағынаны білдіреді.
4. ……. жердің табиғатын, табиғат құбылыстарын, олардың өзара байланысын зерттейді.
5. Жер шары халқын, шаруашылығын, оның орналасу заңдылықтарын зерттейтін географияның саласы…..
6. «География ғылымының атасы» грек оқымыстысы……….
2- Нұсқа
1. Ежелгі Грекия………. ғылымының дамыған жері.
2. «Табиғат» деген мағынаны білдіретін грек сөзі……
3. …………. «шаруашылықты басқару» деген мағынаны білдіреді.
4. Физикалық география ………..зерттейді.
5. Экономикалық география…….. зерттейді
6. «География» терминін ғылымға енгізген……
Дұрыс жауабы:
1-нұсқа
1. Ежелгі Грекия
2. Грек
3. Жерді сипаттау
4. Физикалық география
5. Экономикалық география
6. Эратосфен
2-нұсқа
1. География
2. Физис
3. Экономия
4. Жердің табиғатын
5. Жер шары халқын, шаруашылығын
6. Эратосфен
Достарыңызбен бөлісу: |