Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. КТ жұмысының технологиялық үрдісі қандай принциптерде құрылады?
2. Көлік түрін таңдаудың мақсаттылығы немен анықталады?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г
2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта
5-дәріс. Көлік түйінінде әртүрлі көлік түрлерінің жабдықтарын орналастыру.
Дәріс жоспары:
1. Жолаушыларға қызмет көрсету құрылғылары
2. Автокөлік үшін құрылғыларды орналастыру орнын таңдау
3. Әуе көлігі үшін құрылғыларды орналастыру
Көлік түйінінде әртүрлі көлік түрлерінің жабдықтарын орналастыруы экономикалық потенциалға және қаланың географиялық орналасуына, оның бас схемасына және болашақтағы дамуына көлік түйінінің әртүрлі көліктің жұмыс көлемін байланысты болады.
Көлік түйінінде темір жол жабдығының орналасуы темір жол түйінінің схемасына байланысты.
Теңіз және өзен көліктерінің жабдықтарының орналасу орны мыналар ескерумен белгіленеді: құрылысқа минималды шығындар және түйіндегі порттық жабдықтарды пайдалану; ішкі түйіндегі жолдардың, бірігулердің, көпірлік өтулердің және көліктік кешеннің басқада элементтердің салыстырмалы салынуы; қысқа маршруттар бойынша жүк ағымы түйін арқылы өткізу; автомобиль жолдарының және порттық бұтақтардың арнайы станцияларға оңай кірістері; түйіннің станциялармен тиімді әрекеттесулері.
Жолаушыларға қызмет көрсететін жабдықтар қалаға шығатын жолдары ыңғайлы жерлерде, сонымен қатар жолаушылардың темір жолдан айлақ аумағы бойынша қауіпсіз өтетіндей орналасуы керек. Темір жол айлаққа тиімді жолдары үшін біріктірілген темір жол - теңіз және темір жол - өзен вокзалдары салынып жатыр. Кейбір вокзалдардың арасындағы қашықтық 300-500м немесе орын ауыстырып жүрген жолаушылар үшін ыңғайсыздық тудырады.
Автокөлік жабдықтарын орналастыру орны басқа көлік түрлерімен байланыса отырып таңдалады. Автовокзалдарды темір жол, теңіз және өзен вокзалдарымен байланысып салған дұрыс, бұл кезде жолаушыларға ыңғайлылық жасалынады және құрылыс салуға шығындар аз кетеді. Темір жол – автожол вокзалдары үлкен қолданыс тапты, олардың саны қала маңындағы және халықаралық байланыстардағы автокөліктегі жолаушылар ағымының өсуіне байланысты өсіп келеді. Автовокзалды салу кезінде қала көшелерінің толуында ескеру керек.
Әуе көлігінің жабдықтарын орналастыру көлік түйінінің бас схемасында қарастырылады және мыналарды ескере отырып жобаланады: ауданы үлкен, рельефі тыныш жерде (200-400г а және одан үлкен), аэродром алдындағы қауіпсіздік аумағы 2,5 км болатындай ердің болуы; аэропорттың дамуына резервті территория болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |