«Техникум – колледж мұражай тарихы» атты мұражай бойынша экскурсия мәтіні.
Мұражай келушілерімен амандасып, міндетті түрде мұражай басшысының аты – жөнімен таныстыру қажет. Білімалушыларды экскурсия өту басрысымен таныстырып, тәртіп сақтауын ескерту қажет.
Экскурсияны Экономика және қаржы колледж орналасқан ескі ғимарат тарихынан бастаған жөн. Бұл ғимарат 1904 жылы салынып, онда 1931 жылға дейін қазынашылық – банк орналасқан. Ал 1931 жылдың 31 тамызынан бастап Қызыл – Орда экономикалық комбинатын мен Семей өлкелік қаржы курсын біріктірумен жасақталған қаржы – экономикалық комбинаты орналасты. 1960 жылы ол Семей қаржы – экономикалық техникумы болып ауыстырылды.. Техникум бұл ғимаратта 1984 жылға дейін болды. Ал 1984 жылдың қаңтарынан бастап жаңа ғимаратқа көшірілді.
1994 жылдың 31 қаңтарында колледж түлегі (1949), 1974 – 1985 жылдары Қазақстанның Қаржы Министрі қызметін атқарған Рымбек Смақұлы Байсеитов есімі берілді.
1996 жылдың 15 ақпанына бастап техникум колледж болып аталды.
Келесі стендтерде қазақ және орыс тілдерінде 1904 жылы және 1984 жылы салынған ғимараттардың тарихи анықтамалығы және фотосуреті көрсетілген.
Витринада тарихи құжаттардың жиынтығы: ғимараттың техникалық паспорты, тарихи анықтамалар, 1932, 1935, 1938 жылдардағы куәліктер, Семей облысы бойынша бірінші болып «Еңбек Қызыл Ту Орденімен» марапатталған қаржыгер, техникумның 1938 жылғы түлегі Г.А.Пашкевичті құттықтаған үкімет жеделхаты. Сонымен қатар онда Г.А.Пшкевичтің үлгерімі «4», қатысуы 100% деген куәлігі бар. Бұндай куәлік жақсы үлгерімді оқушыларға техникум асханасынан тегін тамақтану үшін беріліп отырған.
Мына стенд комбинат – техникум тарихына арналған.
Төменде 6 фотосурет. Ол техникум жатақханалары. Сол кезде 1 -2 бөлмеден тұратын, бір немесе екі қабатты үйлер. Ондай жатақханалар саны 16. Соғыс жылдарында жатақхана тұрғындарына бір құшақ отын мен бір шелек көмір беріліп отырған. 1963 жылы бұрыңғы Куйбышев, қазіргі Қабанбай батыр көшесіндегі жатақхана пайдалануға берілгеннен кейін, бұл үйлер қалалық коммуналды шаруашылыққа өткізілді.
Соғыс басталғанда 1941 жылдың қарашасында №3592 жарлық бойынша ғимарат госпитальға берілді, ал желтоқсаннан бастап бірінші жаралылар келіп түсті. Залда екі ярусты төсектер қойылды, оқушылар жаралыларға көмектесті. Техникумды басқа ғимаратқа ауыстыру мәселесі тұрды. Көп ұзамай сабақ басталды. Сабақтар №16 қазақ мектебінде, ФЗО№7 және «Оқытушылардың білімін жетілдіру» ғимараттарында өткізілді. Бір жерден екінші жерге ауысу, кейбір топтар сағат 14 оқыса, кейбіреулері сағат 20 оқыды.
Қаржы органдарына мамандар қажет болды. Сондықтан 1944 жылы түлектер жеделдету курсы арқылы бітіріп шықты.
Сіздер «Олар бірінші болып аттанды» атты стенд көріп отырсыздар. Бірінші 1941 жылдың 7 тамызында бұйрық бойыншы «Байланысшы қысқартылған курсты аяқтаған 3 курстың 4 оқушысын , техникумның 99 оқытушылармен оқушыларын Кеңес Армия қатарына шақырылды. Ортасында жауынгер эталонының басшысы болып тағайындалған техникум завучі А.Ф.Санников фотосуреті. А.Ф.Санников соғыстың бірінші күндері қаза тапты.
Төменгі стендте «Прииртышская Правда» газетінің жылдамдатылған баспасы, онда соғыстың аяқталуы туралы және Германия мен Кеңес Одағының қолы қойылған капитуляция туралы актісі, марапаттаулар туралы мәлімет, соның ішінде техникум түлектері. Витринада техникумды аяқтаған кезде берілген құжаттар: екі түрі аттестат, екі түрлі диплом, оқушының үлгерімі туралы кітапша, куәліктер, значоктар, оқытушылар марапатталған медалдар.
Келесі стендте әр жылдарда техникумды басқарған директорлардың фотосуреттері. Соғыс жылдарында техникумды басқарған Б.К.Каденов және С.В.Иванишко. Техникумды 16 жыл басқарған Мусин және 1985 жылдың 1 маусымынан басшылық етіп келе жатқан Т.Т.Түсіпбеков.
Келесі стендтер техникум тарихының басты оқиғалары, жатақхананың пайдалануға берілуі, «Сұңқар» құрлыс отрядының құрылуы, т.б.
«Біз түлектерімізді мақтан етеміз» атты витринада қаржы министрінің орынбасары қызметін атқарған түлегіміз Р.К.Тоқсеитовтың газет және журнал беттерінде жарық көрген мақалалары, еңбектері және фотосуреттері, доктор, профессор К.Қ.Жуйриковтың да еңбектері қойылған.
Келесі стендте колледждің құрметті директоры, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Қазақ ССР – нің еңбек сіңірген мұғалімі, қаржы қызметінің үздігі, Семей қаласының құрметті азаматы Мусин Роллан Мұсаұлы. Ол кісінің қатысуымен жаңа ғимарат салынып, 1984 жылы пайдалануға берілді.
Төменгі стендте техникум түлектері: Бацулла А.Е. – Қазақ ССР- нің Қаржы мимнстірі, Халитов С.Р.- Қаржы Министрінің орынбасары, Жуйриков К.Қ. – экономика ғылымының кандидаты, доктор, профессор.
Кеңес Одағының Батырларына арналған бұрыштамаға келдік: екі стенд Кеңес Одағының Батыры, техникум директоры болған К.Ш.Шакеновке арналған . Бірінші стендте автобиографиялық мәліметтер, ал екіншісінде 70 жастық мерейтойынан фотосуреттер. Сонымен қатар бұл жерде соғысқа дейін Кенжебек Шакенұлының Боко руднигінде мастер болып жұмыс жасаған кезде қолданған заттары: каска, фонарь және т.б. заттары қойылған.
Мүсіндер Кеңес Одағының Батырлары 1939 жылғы техникум түлектері П.Ф.Железняков пен С.И.Морзовқа арналған. Екі түлекте «Мемлекеттік кіріс» тобында білім алған (қазір салық және салық салу), екеуі де парашюттік мектепте оқып, ұшқыш училищесін аяқтаған.
Мына стенд пен витрина П.Ф.Железняковқа арналаған. Онда автобиографиялық мәліметтер, оның майдандастарымен түскен фотосуреті, альбомдар, әдебиеттер, жұбайына жазған хаттары жинақталған – папка, самолет макеті, фуражка, пагондар және жерленген жерінен әкелінген бір уыс топырақ. Оны жұбайы Валентина Ефимовна техникумның 50 жылдық тойына келген кезде әкелген. Валентина Ефимовнада майдангер. Соғыста байланысшы болды. Петр Филиповия 1954 жылы Харьков маңайында жаңа самолетті сынақтан өткізу кезінде қаза тапты.
Сергей Ильич Морозов техникум аяқтағаннан кейін Алматы облыстық қаржы бөліміне жіберілді, сол жерден Армия қатарына шақырылды. Ол 1943 жылы Мелитопол маңайында Николай Гастеллоның ерлігін қайталап, жанған самолетін неміс танкілерінің жиналған жеріне бағыттап, ерлікпен қаза тапты. Стенде автобиографиялық мәліметтер, витринада хаттар, альбомдар, кітаптар, ал ұшбұрышты хаттар майданнан жолдаған хаттары, оны мұражайға әпкесі тапсырды.
Келесі стенд Кеңес Одағының Батыры Ибраев Айткеш Абайұлына арналған. Ол техникумды аяқтаған жоқ, 1942 жылдың 7 қыркүйегінде Армия қатарына шақырылды. 1944 жылы қаза тапты.
Түлектеріміз Кеңес Одағының Батырлар құрметіне:
- Семей қаласында П.Ф.Железняков атында көше және техникум
ғимаратында мемориялды тақта орнатылған.
Алматы қаласында С.И.Морозовқа арналған көше.
Семей қаласына А.А.Ибраевқа арналған көше және туған жерінде
обелиск орнатылған.
Мүсіндердің екі жақ шетінде техникумның және комсомол ұйымының тулары қойылған.
Келесі стендте Социалистік Еңбек Ері техникум түлегі Ким Ен Су. Техникум аяқтаған соң, зейнеткерлікке дейін Қарағанды қаржы – банк жүйесінде қызмет атқарды, демалысқа шыққанан кейін Новосібір қаласына қоныс аударды.
Келесі стендте Лениндік степендиаттарды көріп отырмыз.
Кеңес Одағы бойынша 36 қаржы техникумы болды, соның ішінде біздің техникум алғашқы бестіктің ішінде болды.
Бірінші Лениндік степендияның иегері Шевкун Людмила. Ол ерекше жан болатын, топ старостасы және бұл топ топ жетекшісіз болды. Техникум бітіргеннен кейін салық бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. Лениндік степендиаттар тек жақсы үлгерімді ғана емес, сонымен қатар қалалық, облыстық, республикалық және Кеңес Одағы бойынша жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды алып, техникум мәртебесін өсіріп отырды.
Витринада комсомол ұйымы туралы материалдар: комсомол ұйымының шежіресі, жарғысы және комсомол съезінің делегаты оқытушы А.Н.Голдынскаяның материалдары, значоктары .
Келесі стенд сырттай оқу бөлімі туралы, оның бірінші меңгерушісі Ш.К.Искаков.
«Сұңқар» құрылыс отряды 1971 жылы құрылды. Оның бірінші командирі комсомол комитетінің хатшысы Аманжол Ерибаев болды. Оқушылар өздері саман кірпіш құйып қоралар, электрстанциясын және тағы басқа да ғимараттар салды.
«Түлектер динамикасы» атты стенді, көңіл аударыңыздар, алғашқы жылдары 15-17 оқушы бітіріп шықса , ал соңғы жылдары 400 оқушы.
Келесі стендер мен витириналарда техникум ұстаздарымен оқушыларына арналған. Витринада «Р.С.Байсеитов Шыңын Бағындырушылар мектебінің» материалдары. Р.С.Байсеитов арналған ашық экспозиция мұражайдың екінші бөлігінде.
Келесі стенд Мұратбек Жанболатұлы мен Иван Ивановия Янгичерге арналған. 1985 жылы Бүкілодақтық ғылыми – тәжрибелік конференция өткізер кезде осы кісілер колледжді безендіруде көп көмек көрсетті. Бір жылдың ішінде колледж қайтадан безендіріліп шығарылды. Кейінгі жылдарда да колледж тығыз жұмыс жасап отырды. Қатал ажал оларды біздің ортамыздан алып кетті, бірақ олардың есімі біздің жадымызда мәңгілік сақталады.
Келесі витраналар коледждің 75 жылдық мерейтойына арналған.
Ал мына витриналар қазақ халқының салт – дәстүріне арналған. Бұл сөрелерден: қазақ үй, домбыра, ұршық, қамшы және 1996 жылы колледж қабырғасында «Кеден ісі» мамандығы бойынша білім алған қырғыз елінің студенттері ескерткіш ретінде сыйға тартқан қылышты көріп отырсыздар.
Мына бұрыш 1969 жылдың 21 тамызынан 1985 жылдың 31 мамырына дейін техникумды басқарған Роллан Мұсаұлы Мусинге арналады. Роллан Мұсаұлы Ұлы Отан соғысының ардагері, бұрынғы партия қызметкері, Қазақ ССР-іне Еңбегі Сіңген мұғалім, Қазақстан Республикасының Қаржы ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, «Құрмет», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасының Қаржы және Білім министрлігінің бірнеше Құрмет грамоталарының иегері, Семей қаласының Құрметті азаматы, колледждің Құрметті директоры. Бұл жерде Роллан Мусиннің қол жазбасы, күнделікті падаланған кітабы, қол сағаты қойылған.
Ал мына жердегі сөрелер мен витриналар Рымбек Смақұлы Байсеитовке арналған. Онда өзі жазған кітаптар, 80 жылдық мерейтойына балалары шығарған «От солдата до министра» атты кітабы, «Жанұя оты сөнбесін» атты жанұялық фотоальбом, Р.Байсеитов туралы өлеңдер жинағы, қысқаша библиографиялық мәліметтер, әртүрлі құжаттар, сувенирлер, значоктар, куәліктер, құжаттар. Рымбек Смақұлы туралы материалдар жинақтауда жұбайымен балалары үлкен көмек көрсетті.
Р.С.Байсеитов Абралы ауданында 1922 жылы дүниеге келде. 17 жасында есепші болып совхозда еңбек жолын бастады. 1941 жылы 19 жастағы Рымбек майданға аттанды. Калинин, Балтық майданында және «Великие Луки» түбіндегі үлкен шайқаста жараланды. Оның майдандағы ерліктері туралы «Звездный час Маншука», «Ақиқат пен аңыз», «100 - я Казахстанская», «От солата до министра» атты кітаптарда жазылған. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін үкімет наградалары бар.
1946 жылы майданнан оралып, Семейдің елеу комбинатына жұмысқа орналасады. Онда көп істеген жоқ, 1947 жылы оны қаржы оргадарына қызметке шақырады. Осы жылдан бастап оның қаржыгерлік еңбек жолы басталды. Бас кезінде Жана - Семей райфосы – салық, бюджет инспекторы, бухгалтер, бас бухгалтер, одан кейін оны облыстық қаржы бөліміне салық бөлімінің бастығы етіп ауыстырады. Жұмыс істей жүріп оқу да оқыды. 1949 жылы Семей қаржы – экономикалық техникумының жеделдетілген курсын бтіріп шықты. 1951 жылы Рымбек Смақұлын Қазақстан Республикасының Қаржы минитрлігінің салық бөлімінің бастығының орынбасары қызметіне ауыстырады, одан кейін бөлім бастығы, қаржы Басқармасының бастығының орынбасары, Министр көмекшісі және 12 жыл Қаржы Министрінің бірінші орынбасары. Ал 1974 жылдың қаңтарынан 1985 жылға дейін ол Қазақ ССР – нің Қаржы Министірі. 1956 жылы сырттай Москвадағы қаржы институтын бітірді.
Еңбегі үшін екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және Знак Почета орденімен марапатталды. Сонымен қатар оған Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген экономисі, қаржы жұмысының Үздігі деген атақ берілді.Құрметті демалысқа шықса да ол еңбек етуін тоқтатпады. Ол Қаржы Минитрлігінің есептеу орталығында және 1989 жылға дейін қаржы ісі жөнінде кеңесші қызметін атқарды.
Ол 5 бала өсіріп жеткізді, барлығы лауазымды кызметте.
1991 жылы 2 тамызда Рымбек Смақұлы қайтыс болды. Бірақ оның жарқын бейнесі біздің жүрегімзіде мәңгі сақталады, ал ісі тарихта.
Мына бұрыш колледжімізде 40 жыл еңбек етіп, оның 27 жылын директорлық қызмете болған Түсіпбеков Тлеуғали Темірғалиұлына арналған Тлеуғали Темірғалиұлы экономика ғылымының кандидаты, «Педагог – исследователь», «ҚР Үздік қаржыгері», «ҚР Білім ісінің Құрметті қызметкері», «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Ерен Еңбегі үшін» медалінің, Ы.Алтынсарин атындағы медальдің, «Ұлттық экономика лидері», «Хрустальді рыцарь» белгілерінің иегері, «Электронды колледж» бағдарламасының, «Педагогикалық сүйемелдеу» технологиясының, 56 оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулықтардың авторы, Вена университетінің Құрметті профессоры, есімі «Қазақстан Республикасының Үздік адамдары» кітабына жазылған ұлағатты ұстаз колледжді 1985 жылдың 1 маусымынан 2012 жылдың 23 сәуіріне дейін басқарды.
Шкафтардың жоғарғы жағында сіздердің назарларыңызға спорттық жетістіктер.
Ал мын витриналарда біздің білімалушылардың ізденіс – зерттеу жұмыстары.
Іздеу жұмыстары тоқатылмайды және біздің мұражай жаңа экспонаттармен материалдарға толықтырылып отырылады. Сіздер өз ой – пікірлеріңізді «Мұражай келушілерінің пікірі кітабында» қалдыруларыңызға болады. Назарларыңызға рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |