Колледждің алтын шежіресінен…



бет3/6
Дата19.12.2022
өлшемі2.78 Mb.
#467502
1   2   3   4   5   6
Рымбек Байсейітов өмірбаяны

Роллан Мұсаұлы Мусин

Роллан Мусин 1922 – жылы, 10 ақпанда бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы, Қайнар селосында қарапайым орта жанұясында дүниеге келді.


Алғашқыда Роллан Мусин білім алуды 1929 – жылдары қазақ даласында сауатсыздықты жою кезеңінде ауыл молдасынан хат танудан бастады. 30 – жылдардың бас кезінде ол білімін одан әрі жалғастыру мақсатында қаладағы № 16 қазақ мектебінде оқыды. Көп ұзамай елде ашаршылық басталып Роллан Мусин өз еліне қайтып оралды. Ал 1932- жылдардағы аштық, халықтың ауыр әлеуметтік тұрмысы жас азаматтың тез өсіп, білімдар болуына жол ашты. Сол кезден- ақ Роллан Мұса ұлының жүрегінде ұлттық рух, отандық сезім ұялады.
1937- жылы қаладағы Кен-барлау техникумына оқуға түсті. Мұнда оқып жатқан оқушылардың ішіндегі жалғыз қазақ баласы- Роллан Мусиннің болуы тегіннен- тегін емес болды.
1939- жылы Фин соғысы басталды. Осы соғысқа курстың 22 студентін алып кетті, ал қалған 16 жасқа толған 8 студентті Киев қаласына геологиялық барлау техникумына оқуға аттандырды. Осы балалардың ішінде тағы да Роллан Мусин болды. Мұнда оқи жүріп те, халқының талап- тілегін қасиет тұтты, оны өз мүддесінен жоғары ұстады, елінің қолы жеткен табысына қуанып, Отан байлығын қорғауға тырысты.
1941- жылы оқуын аяқтап, геолог- техник мамандығын алып шықты. Бұдан Батыс Сібірдегі Таштыгол ауданында марганец рудасының барлауында қызмет етті.
1942- жылы Кемеров жаяу- әскер училищесіне оқуға түсті, мұнда да Роллан Мусин жалғыз қазақ баласы болды. Осы жерде спорттың қажет екендігін сезінді, барлаушы болған соң, ол өте сақ, шапшаң және өжет болуға тырысты. Осы негізде ол көп кешікпей лейтенант атағына да ие болды.
1942-жылы 450 курсанттың ішінде Роллан Мусин Ұлы Отан соғысына аттанды. Ол Москва түбінде Наро- Фоминск жерінде, дивизия құрамын құруда болып Воронеж, Сталинград майданында рота командирінің орынбасары қызметін атқарды.
Ұлы Отан соғысындағы ерлік істері үшін Роллан Мусин Ұлы Отан соғысының «1-дәрежелі» ордені мен «Ерлігі үшін» медалімен және де ССРО-ның 18 медальдарімен марапаттылды.
Қайтып келген бетте Қайнар жерінде әртүрлі қызметтерді атқара жүріп, оның ішінде кәсіподақ комитетінде экономист-бухгалтер қызметін атқарды. Бұл жұмыс келешекте қаржы-экономикалық техникумын басқаруға әсері болды.
Қызмет жасай жүріп тағы да оқу оқып, елінің балаларына сауат аштырып, халқын алға жетелеу үшін 1951-жылы жедел мұғалімдер институтын бітіріп, Қайнар орта мектебіне оқу ісінің меңгерушісі болып қызметке тұрды.
1955- жылы Роллан Мусин Шар ауданындағы «Октябрь» мектебіне директор етіп тағайындалды.
1960- жылдары Шар қаласындағы Абай атындағы мектепке мектеп директоры болып тағайындалды. Осы мектептен қаншама түлекті саналы тәрбие, сапалы білім беріп түлетіп ұшырды. Осы жылдары Роллан Мусин Қазақ ССР жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
1960- жылдары елдің әл-ауқатын жақсарту саласында, әсіресе білім саласында жемісті еңбек етті, уақытымен санаспады, оқытудың жаңа үлгілерін оқу-тәрбие үрдісіне енгізіп отырды. Осы жылдары «Тыңды игерудегі еңбегі үшін» медальімен марапатталды.
1962-жылы аудандық партия комитеті ауылшаруашылық және өндірістік болып екіге бөлінді де, Роллан Мусин Шар аудандық өндірістік партия комитетінің хатшысы болып тағайындалды. Кейіннен
1964 жылы Шар ауданы Жарма ауданына қосылуына байланысты партия комитетінің Жарма ауданының хатшысы қызметіне сайланды. Осы қызметтерді атқара жүріп, өз халқының саяси тұрақтылығы, бірлігі, қоғам ішіндегі тікелей тай-таластың болмауы екендігін патриот-маман жақсы білді.
1966- жылы Семей облыстық партия комитетінің инструкторы болды.
1969- жылдың тамыз айында таланты мен білімі жоғары деңгейдегі Роллан Мусинді Қаржы министрлігі Семей қаржы-экономикалық техникумының директоры етіп тағайындады.
Адамгершілік қасиеті үлкен, үлкенді үлкен деп, кішіні кіші деп құрметтей білетін кішіпейіл, ақкөңіл, адал директорға жаңа ұжыммен тіл табысу аса қиынға түспеді.
Ең бастысы Роллан Мусин қызмет бабы мен жұмыстан тыс уақыттағы жағдаяттарды араластырмады. Техникумға келген сәтте-ақ ғимараттың ескі екендігін байқады. Ғимараттың ескі, тар екендігіне қарамастан оқу-тәрбие жұмысын бірден қолға алады. Жатақханада қатаң тәртіп орнады. Тәртіп жоқ жерде білім болмайтындығын әскери басшы жақсы білді. Оқушылардың білімдерін тәрбие, еңбекпен ұштастырып отырды. Осы негізде тұңғыш рет жастар арасында «Сұңқар» студенттік отрядын құрды. Бұл отрядтың жұмысы Қазақ ССР-інің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар Роллан Мұса ұлының еңбегі Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс бөлімінің Құрмет грамотасымені бағаланды.
Роллан Мусин тәрбиеге өте көп көңіл бөлді. Әсіресе жатақханада тұратын оқушыларға әкелік қамқорлық көп жасады, олардың мәдениетті болуларына, үлкенді сыйлай білу, еңбекті сүюге барынша күшін, ақыл-кеңесін жұмсады. Себебі онда тұратын оқушылар алыстан Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Тараз, Талдықорған, Алматы облыстарынан келген оқушылар. Сол оқушылардың көпшілігі қазір үлкен азаматтар, ел басқару ісінде, қаржы саласында қызмет етуде. Күні бүгінге дейін олардың алғыстары шексіз. Қазақ жері қашанда кісілік қабілеті келіскен, рухы мықты, ел құрметіне бөленген қадірлі, сыйлы азаматтарымен әйгілі. Олардың өнегелі де, өрісті өмір жолы, басынан кешкен қиындықтары, оны жеңе білген қажыр-қайраты бүгінгі берекелі бетбұрыс пен зор өзгерістер заманында жастар үшін үлгі аларлықтай үлкен мектеп.
Роллан Мұса ұлының өмір жолына көз сүзсеңіз тағдыр оған үнемі тақыр жерді көгалдандыру, шырайландыруды тапсырып отырғандай. Қайда қызмет бастаса да, тозған мектеп, ескірген ғимарат күтіп тұрды. Бірақ қайда қызмет істесе де, жұрт оның сөзін сөйлейтін жақтасы, мұңын мұңдар қорғанышы болды, өйткені ол- ел мүддесін қашанда жоғары қоятын және сол жолдан таймайтын кісілікті азамат. Осы қасиеті арқылы халқы үшін зор тұлғаға айналған қайраткер. Халқы үшін аянбай еңбек етіп, Роллан Мусин Қазақ ССР жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, ССРО Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен, ССРО Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен , Қазақ ССР Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Техникумдағы еңбегі үшін 2-ші Құрмет орденімен, ССРО «Қаржы ісінің үздік қызметкері» атағына ие болды.
1985-1989 жылдары Семей қаласының қалалық, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болды. Бұл істің басы- қасында болып қоғамның құрылуына үлкен көмегін тигізді. Осы қызметтегі ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Орталық мүгедектер қоғамының Құрмет грамотасын, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамотасын, Семей қаласы әкімінің грамотасын иеленді.
Роллан Мусин-Қазақ ССР-інің Еңбегі сіңген мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Республикасының үздік қаржыгері, «Құрмет» орденінің иегері, Семей қаласының Құрметті азаматы, әскери қолбасшы, Құрметті директор, Қазақстан Республикасының Мүгедектер қоғамын құрушы, Шығыс Қазақстан облысының Халықтар достығы Ассамблеясының мүшесі, Шығыс Қазақстан соғыс және еңбек ардагерлер Кеңесінің Президиумының мүшесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет